Белтемір Набоков: "Ленте"

Қонақ қойдан да жуас. © Халық даналығы

«Goeden avond. Meneer...Gasta!» — деді қара нәсілді нидерланд жігіті менің сөмкелерімді арқалап келе жатқан беті. Үндемедім. Менің фламанд тілін әліп деп танымайтынымды түсінсе керек: «Spreek u Engels? Duits? Frans?», — деп артынша және төпеледі.
— Engels, — дедім де, шаршағанымды білдіртпеуге тырысып, — «And what is your name?» — деп атын сұрадым.
Қара бала төсіндегі бейджіне саусағымен нұқып,
— Кешіріңіз, сіздің шақыруыңызды тағы бір рет көрсем бола ма?"— деді ендігі ағылшын тілінде тақылдап.
— «Yes-yes. Of course, Ste-Stephan,» — деп тұтығып, төсбелгісінде батпандай боп тұрған есімін көрмей қалғаныма ұялып, төс қалтама қолымды салып жібердім де, ішінен өзімнің паспортым мен қырмыж-қырмыж бүктетілген шақыру қағазымды суырып алып, екі қолыммен түзеп-түзеп, Стефанға ұсындым. Стефан суреттегі менің қара көзілдірікті, иығына дорба асынған, шолақ жеңді қызғылт футболкалы кескінімді тап қазіргі кескініммен салыстырып қарады. Менің жылтыр қара былғары дамбалым, алқызыл латекс бешпентім Стёпаның бойында күмән тудырса керек, көзін сығырайта түсті. Мен дереу жағама қыстырылған қара көзілдірікті көзіме таға салып, иығыма дорбамды қайта асып алдым. Стефан жымиды да, "Қолайсыздық үшін кешірім өтінемін, жүріңіз бөлмеңізді көрсетейін", — деп, баспалдаққа қарай беттеді. Аяғымды сылғырт басып, соңынан еріп жүре бердім. Зәулім ғимараттың ішінде бірде-бір лифттың болмағанына таң қалдым. Кенет: “Қорықпаңыз, бөлмеңіз бірінші қабатта”, — деді Стефан құдды ойларымды оқып қойғандай.
“Бірақ алдыңызда ұзақ жолдар мен ұйқысыз түндер болады” — деді.

Мезгілсіз тарсыл

Ақыры өзіме бұйырған бөлмеге келіп, шешіне сала, душқа тап берген бойым, есікті біреу жан ұшыра тарсылдата бастады.
“Туй, әкеңнің ғана”,— қолыма құтының түбіндегі су сабыннан сығып-сығып жіберіп, асығыс шекеме жағып, тез-тез ысқылай бастадым. Тарсыл-гүрсіл тоқтар емес. Есікті сындыруға шақ қалғанда, басым шала көпірік, “қазір-ей, өлдіңдер ме?” деген күйі беліме қолыма ілінген сүлгіні байлап, сүйретпемді іліп, есікке қарай беттедім. Көздіктен үңіле қойып едім, ешкім көрінбейді. Есікті ашып, алдымен сол жаққа, сосын оң жаққа қарадым. Жын ба? Шайтан ба? Төмен қарадым, аяғымның астында бір жапырақ қағаз жатты. Қағазды көтеріп, қарасам, “104-ші бөлме. Ертең. Шымкент уақытымен сағат 9:00-де” деп қазақша жазылып тұр. Қазақша? Әлде мені танитын ауылдастардың әзілдері ме, Фантомасын ұрайындар, а?

Кәдімгі шаруа

Сағат 8-58 дегенде, шашым ұйпа-тұйпа, трико-мәйкемді бұтыма тарта салып, салақтап, 104-ші бөлмеге бардым. Есігіне қолым тиер-тимес сырт етіп ашылды.
— Неғып тұрсың, етегі түрілмеген қыздар құсап, кір ішке! — деді егде тартқан әйелдің қарлыққан дауысы таза қазақша. Итальян жиһазды интерьер, қапталы мен төбесіне айна жапсырылған жартылай қараңғы жатын бөлмесінің дәл ортасында кең керуетте жайғасып, қымбат жібектен тігілген пеньюар киінген, шашы сарыға боялған толықтау қазақ қатын шалқайған күйі ұзын темекі талшығын күл салғышқа түйгіштеп болды да:
— Кел, шешін, балақай! — деді.

Мәңгі сұлу, мәңгі жас

— Кешіріңіз, мен эскортқа тапсырыс бермеген едім! Бәлкім, бір қателік кеткен шығар?”— дей беріп едім, “Қысқарт! Жаңа ғана сенің тобыңнан үш адам кіріп шықты маған. Өтірік дым білмегендей бола қалғанын”, — деді, бір сәт жалмауызға ұқсап кеткен әйел.
— Нені? Апатай, нені білмегендей, қайдағы топ?” — дедім мен көкеммен жасты кемпірге үрке қарап.
— Сендерге күні бұрын айтылды емес пе? Былғары шалбар, латекс жейдең қайда? Не мынау? Трико-мәйкі? Пішен шабуға келдің бе не?” — менің кескінімді жеке басына бағытталған балағат деп түсінген әжей неге екені бір сәтке маған ақ көйлек, қара шалбар кигізе алмаған класс-жетекшімді есіме түсірді.
— Апа, мен түсінсем, сізді маған біреу жіберді ғой, иә? Сол адамның атын есіңізге түсіре аласыз ба?
— Ойпырмо-о-ой, енді отырайын сенімен “ізкесер мен тыңшы” ойнап, латексі құрысын, трикоңды шешіп, тірлігіңді бітір де, жайыңа кет тезірек!
— Кім жіберді деймін сізді?
— Шынымен де кемістеусің бе, әлде әдейі істейсің бе? Мені саған емес, сені маған жіберді. Тіпті жалғыз сені ғана емес. Ал тапсырушының атын менен жақсы білесің.
— Осы жерден толығырақ, әжесі!
— Тіліңді тарт! “Әжесі” дейді ғой. Сенен де жас жігіттер мені “қарындасым” деген, қарай гөр өзін, мен мәңгі жаспын! Білдің бе?! Сол балалардан сұрасаң, менің мәңгі сұлу, мәңгі жас екенімді мойындайды!”— әжейдің реніш толы даусы дірілдеп, аянышты кейіпке еніп кетті.

“Гаста” десеңіз ренжімеймін

Мен адасқан кемпірге жаным ашып, қасына отырдым да:
— Әрине, жассыз, апа-ау, әрине сұлусыз, бірақ мәңгі ештеңе жоқ қой!”— дедім арқасынан сипап.
“Өтірікші! Әбден тойғанмын осы өтіріктеріңе!” — әжей бұл жолы еңіреп жылады. Басында жастардың қуатын сүлікше сорып отырған бөксесі тегенедей мыстан кенет ебіл-дебілі шығып, аузы қисайып, көзінің бес батпан бояуы ағып, жылап отырып, сондай бір қорғансыз, әрі талдырмаш күйге еніп кетті. “Неге бүйтті? Неге дәл бүгін? Маған қатысы бар ма екен?”— деген ойлар құрсауында:
— Менің есімім Асқар, бірақ “Гаста” десеңіз ренжімеймін, алдымен таныс болсақ қайтеді?— деп қолымды қалай созғанымды өзім байқамай қалыппын. Бейбақ әйел өксігін тыйып, басын көтерді де:
— Ленте,— деді. — Ленте Ван Дер Ваарт. Мені расында да танымай қалғаның ба? Мен кемпірді бәрі жақсы таниды, кхм-кхм, әйтеуір бір кездері танығаны анық",— әжей жөтеліп, тамағын бір тазартып алды да, әрі қарай жалғастырды.

Лентенің тұрақты клиенттері

“Амстердамның қызыл шамдар көшесінің бұрышында менің бүкіл әйел кейпіндегі өмірім өтті. Жыл сайын маған Қазақстаннан топырлаған жастар келеді. Себебі, менен басқа ешкім “оптом” адам қабылдағысы келмейді. Бастапқы кезде маған да, жастарға да қызық еді. Маған сілтенгендер саны жылдан жылға көбеюде. Ал мен болсам, жылдан жылға қартаң тартып, бозарып барам. Көбісінің жанарынан көретінім тек жиіркеніш пен амалсыздық. Дәл сенің маған алғаш қараған кезіңдегідей. Бірақ, бірі де маған “әжесің” деп басымды қатырған емес, менімен айтылған уақытта кездесуге келіп, қажетті әрекетін жасайтын. Бірақ, білесің бе қаншалықты ауыр? Маған өте ауыр мұның бәрі! Әр адамның көзінен сол бір шарасыздық, амалсыздық пен міндетті көрген? Киетін киімімнің ұсқыны мынау, тіпті, бар ғой, мен адамдар аса жиіркенбесін деп бетіме пластикалық ота да жасадым, липосакцияның да ақыретін көрдім, адамдарды әр жылда әртүрлі таң қалдыру үшін неше түрлі азғын әдістерге де көнетін болдым. Ал осы жолы…”— Ленте орнынан тұрып, терезеге беттеді. “Осы жолы маған “бір топ ересек адамды жібердік”, дегенде тіпті “маған деген сұраныс жанданғаны ма?” деген ойдың әлегіне қалдым, хи-хи-хи-хи,”— Ленте кенет он алты жасар бойжеткенің қылымсыған бала күлкісімен күлді. Демек расында да “мен анау айтқандай мәңгі жас, мәңгі сұлу болғаным ғой!!!” деп ойладым. Тек әлгі топтан алғашқы адам кірген бойда, бәрі өткінші екенін түсіндім де, жақсылықтан еш үмітім қалмады.

Ой түбінде жатқан сөз

“Айтшы, Гаста, сен де мені ұсқынсыз, ар-ұяттан безген, үмітсіз, алжыған кәрі мыстан деп ойлайсың ғой, иә?" — деді Ленте өңі кетсе де, өткірлігі қайтпаған жанарын маған бұрып.
— “Шынымды айтайын, сізді алғаш көргенде, сізді жек көрдім, жиіркендім де, Ленте. Мойындауға ұялып отырсам да, ақыры ақтарылған екенбіз, айтайын. Біріншіден, өзіңіз айтқандай, мен барлығын алдын ала білетінмін. Мына мекенді де. Топтағы адамдарды да. Тапсырманың шет-жағасын да. Тіпті былғары шалбарым мен латекс жейдемді де дайындап келгенмін, бірақ мен жастау қыз күткенмін. Сізді көре сала, өтірік аңқау бола қалғаным да сол еді. Ал өзіңізбен тілдесе келе, сізді мыстан кемпір емес, әділетсіздікке ұшыраған әйел көрдім. Менің осы уақытқа дейін түсінбегенім: неге сіз әже болып, басыңызға кимешек киіп, төрде қасқайып ғана отырмайсыз? ”
— Е-е-ей, Гастажан-ай, мен әже тұрмақ, ана да бола алмайтынымды білсең ғой. Мен ота жасатып бұл сайтан соққан қалаға келмес бұрын, басқа атпен жүрген едім.
— Қандай атпен?!
— Одан да мені “жезөкше”, “кемпір” дегенің дұрыс еді, “әжесі” дегенше…
— Айтыңыз деймін, кімсіз сіз??? — дедім мен дауыс көтеріп.
— Әдепкіде жастардың маған, “тәте”, “қатын!” дегеніне алданып жүрген едім, “әжесі” деп сен менің ешқашан “әже” болып, нағыз мағынасында әйел бола алмайтынымды есіме түсірдің!!!
— Кімсіз сіз??? — жеті қат жердің астынан шыққандай ақырған өз даусымнан өзім шошып кеттім.
Әжей шегінерге жол жоқ екенін сезді.
— Көктем! Көктем Отжақпасов — менің еркек күнімдегі есімім.”— деді де, көз жасы көл болған жетпістен асқан кейуана кереуетке етпетінен сұлап түсті.

Финал

Мен тілімді жұтып қойғандай, соңғы күндердің оқиғалары көз алдымда зырылдаған күйі ой түбіне шомып кеткен едім.
— Уақытыд бітті, Гаста, босат бөдмеді.”— деді кенет жылаудан мұрны тас бітіп қалған Көктем, басын көтеріп.
— Ал сіз ше? Сіз әрі қарай осылай жалғастыра бермексіз бе?
— Енді қайтемін? Мектеп ұстаздары мен оқушыларынан басқа кімге керек едім мен? Ал бұл шара маған бұрын-соңды болмаған ұсыныс жасады. Бір-ақ апта. Миллионға таласқан отыз бес клиент. Әр қайсысы әр қырымнан ту талақайымды шығармақ. Сен де мені бір қырымнан игеріп алдың. Енді босат бөлмені.
— Кетсем, кетейін. Бірақ, мынаны да ескеріңіз, Көктем ханым. Мүмкін сіз мені дұрыс түсінбедіңіз, бәлкім бәрі керісінше… Мүмкін менің сізді “әжей” деуім, сіздің шын мәнінде әже болғаныңызды, енді ешкімге әйел екеніңізді дәлелдеудің қажеті жоғын білдіретін шығар?! Айтпақшы, «Ленте» дегеннен, «Көктем» дегеніңіз анағұрлым әдемірек, нәзігірек әрі нағыз әйелге тән есім сияқты. Ойланыңыз,” — дедім де, шығып кеттім.
PS. Бөлмеме жетіп, бір кесе ыстық кофемді демдеп алып, балконға шықтым. “Goeden avond. Spreek u Engels? Duits? Frans?” — деп жатқан таныс дауысты кенет қайта естідім. Қарасам, кеше ғана мені және тағы екі жігітті әкеліп тастаған қоғамдық көліктің ішінен шығып, іргеге қарай Стефанға ілесіп, Көктемнің көкесін отыз қырынан танытуға ниеттенген отыз шақты адам арқа-жарқа болып түсіп жатты.
“Құдай қарассын!” дедім ішімнен. Кім не десе де, балалар рас айтады — сен мәңгі жассың, Көктем!
Ал біз өткіншіміз.
Менде бір керемет сюжет бар...: Белтемір Набоков: Ленте
Бөлісу:

23 пікір

nurbergen_makym
Салыстырды деп ренжіме, бырат, Эдгар Кэратты оқығандай болдым
MERmukhanov
Эх, адамдар неге үйір саған?
Көктем деген Горизонт ше, Астанадағы сауда үйінің айданы
erxan
егер ол жерде мен болғанда ойланбастан әлгі кемпірдің құшағына кіріп кетер едім
MamaAya
оның чисто кемпір емес екеніне уверен болсаң да ма?)))))))
erxan
пост авторы онымен сөйлескеннен кейін барып оның бұрын ер адам болғанын білген,
Adiletshu
Егер ісіңді бітіріп алып транс екенін білгенде нестер едің?
Ispek92
 ахах, продолжай, зашым тоқтадың?
bizbike
Сіз қызық екенсіз, байқамадыңыз ба, бұрын ер кісі болған ол.
Dzhonsaken
Сені түсіндім erxan тамыр!
Соңғы түзету:
asaubota
стебарь террорист, епті
Gastarbaiter
Айтпақшы, пасха жұмыртқаларын жақсы көретіндер Голланд тілінен Lente — сөзін аударып алса болады)
serjan
Стил енді бөлек!
AKY
Бүйтпесең Гаста боласың ба
madlen
ойыңа келмейтіні жоқ