Чемпиондар Лигасы: нағыз тартыстар енді басталады

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы: нағыз тартыстар енді басталады

Қазақ қоғамының Рубин Гуды саналған Алдар Көсенің туған күнімен қатар тағы бір ерекше мейрам келіп жетті. Бұл араға аз уақыт сала отырып, сарғайта күттірген Чемпиондар Лигасының алғашқы ширек финал ойындары болып оытр. Әрине бұл біздер үшін, яғни футболсүйер қауым үшін, соның ішінде кейбір адамдар түсіне алмайтын жанкүйер деп аталатын қоғамның ерекше тобы үшін айтулы мереке. Бұл Чемпиондар Лигасының ширекфиналы, бұл дегеніміз финалға дейін бар-жоғы екі қадамның алғашқы баспалдағы, бұл жерде қателесуге жол жоқ, бұл жерде тек мықтылар мен іріктелген таңдаулылар ойнайды, бұл ұйқысыз түндер, бұл бар эмоцияңды сыртқа шығаруға(әрине жанкүйерлер үшін) мүмкіндік, бұл, бұл… тізе берсек өте көп. Бұл жердегі матчтар бұрынғыдан әлде қайда өзгеше, тартысы басқаша болатынын командаларға қарап ұға беруге болатын секілді, сонымен бізді екі күн бойы көгілдір экран алдында телміртетін қай командалар екен:

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы: нағыз тартыстар енді басталады

Барселона — Атлетико Мадрид (1 сәуір, 00-45, «Ноу Камп»)
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы: нағыз тартыстар енді басталады

Испан примерасының қос алпауыты, Ла Лиганың қос көшбасшысы бұл жолы кім мықтыны Чемпиондар Лигасы аясында анықтап көрмекші, Барселона әдеттегідей қай кезде де ЧЛ-да басты фаворит саналса, Атлетиколықтар биыл өте жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетіп жүр. Испан Кубогында Реалға жол беріп сайыстан шет қалды демесеңіз, ел біріншілігінде Барселона, Реал Мадрид секілді мегаалпауыттардан озық тұр. Каталондықтардың капитаны Хавидің: «ЧЛ-да Испан командасымен ойнағанды ұната бермеймін, себебі біз бір-бірімізді жақсы білеміз» — деген сөзінен бұл екі қарсыластың ойыны қай деңгейде болатынын ұға беруге болады. Жалпы, осы ЧЛ-дың ширек финалына үш бірдей Испан командасы шығып отыр, мұның өзі әлі де болса Еуропада Ла Лигадан мықты біріншілік жоқ екеніне дәлел.
Атлетиколықтар біріншілікте соңғы матчын Атлетикке қарсы өткізді. Симеоне шәкірттері сол ойында білгендерінен жаңылмай алғаш гол жіберіп алғандарына қарамастан есепті өз пайдаларын шеше білді(1-2), әрі бұл келесі матчқа деген сенімділіктерін оятатыны анық. Бұл команда басқаларға үлгі боларлықтай ұжымымен мақтана алады: құрамында әлемдік деңгейдегі жұлдыздар болмаса да Вилья, Коста, Гарсия және Арда секілді талантты ойыншылары бар құрама командалық ойынның қас шебері. Жас болса да бас боп жүрген Коке, «Металлисттен» жалға алынған Соса қазіргі уақытта тәуір ойнап жүр. Команда соңғы жеті матчта ұпай иеленген, оның алтауы жеңіспен аяқталды. Команданың дәл қазіргі жай-күйі керемет деуге болады.
Каталониялықтар жалпы көзқарас бойынша бұл жұпта сөзсіз фаворит. Каталондықтар соңғы матчын каталон дербиі аясында Эспанольге қарсы өткізді, Мессидің күдікті пенальтиден соққан жалғыз голы ойын тағдырын шешті. Бұл матчтың БАҚ беттерінде, интернет беттерінде әлі талқылынап жатқан жәйі бар, алайда бізге маңыздысы бұл емес. Не ел біріншілігінде, не Суперкубок аясында Атлетиконы жеңе алмай келе жатқан каталондықтар осы матч аясында осы сәтсіз статистикаға өзгеріс енгізгілері келетінін аңғартып отыр. Өкініштісі, Барсадағы соңғы маусымын абыроймен өткіззіп жатқан қақпашы Вальдес енді біраз уақыт алаңға шыға алмайды, каталондықтар Пинтоға сенім артары анық. Бұдан басқа команда сапында еш өзгеріс жоқ, Месси мен Неймар, Иньеста мен Хави нағыз бабында, Мартино бапкерде өзінің алғашқы ширекфиналын асыға күту үстінде, алда бізді керемет матч күтіп тұрғаны анық.

Енді аз-мұз статистика:
Командалар осыған дейін 164 матч өткізіпті, 72 матчта Барсаның мерейі үстем болса, 53 матчта Атлетиколықтар жеңімпаз атанған. 39 матч тең нәтижемен аяқталыпты-мыс, доп айырмасы 318-248

Матчтың бас қазысы — неміс Феликс Брих.
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы: нағыз тартыстар енді басталады

Манчестер Юнайтед — Бавария (1 сәуір, 00-45, «Олд Траффолд»)
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы: нағыз тартыстар енді басталады

Міне, нағыз триллер мен классикаға сай жұп, бұл командалардың бай тарихында өзіндік-өзара ЧЛ аясындағы матчтары әлем футболы тарихына алтын әріптермен жзылары анық. Есіңізде шығар, 1999 жылдың ЧЛ финалы, нағыз тартысты әрі ұмытылмас матч ендігәрі тарих еншісінде, ал ертең сол тарихтың жаңа беттері жазылады деген сенімдеміз.
Мюнхендіктер биылда өз білгендерінен жаңылмай ел біріншілігінің тағдырын ерте шешіп тастады, ендігі бар назар осы құлақты кубокты тағы бі мәрте төбелеріне көтеру. Ел біріншілігінен лайық қарсылас таба алмай жүрген командаға дәл осы жылы әлсіз әрі сылбыр ойын көрсетіп жүрген, әупірімдеп ширекфиналға жеткен Манчестерліктер қарсылас атанып отыр. Бірдан айтуға болады, Бавария фаворит, МЮ өз алаңына биыл кімге есе жібермеді десеңізші. Мойестің дебюттік қадамдары шошырлық болып отыр, сырт алаңды балй қойып бұрынғы қаһарлы МЮ өз алаңында ұпай таратушы командаға айналып кетті. Алайда бұндай сәт, яғни уақыта құлдырау кез-келген кманданың басында болады, болғанда, бола да береді. Осы матчта Гвардиола шәкірттеріне Мойестің тәлімгерлері қаншалықты қарсылас атана алатынын көретін боламыз,
Роббен мен Кроос, Шванштайгер мен Гетце секілді саңлақтар МЮ-дің алақ-жұлақ ойнап жүрген қорғанысын қаншалықты бұза алатынын ертең көретін боламыз.
Енді, командалардың соңғы ойындары жайына келер болсақ, МЮ өз алаңында Астон Вилланы 4-1 есебімен ойсыратып еңсесін бір тіктеп алғаны рас, сол ойында дубль жасаған Руни Баварияға қарсы барымды саламын деп отыр. Ал, Мюнхендіктер соңғы ойындарын Хоффенхайммен өз алаңында өткізді, есеп 3-3. Өткен турда-ақ чемпион болған жігіттердің бұл ойында барын салғылары келмегені көрініп тұрды. Айтпақшы, осы ойын нәтижесімен қоса есептегенде Бавария ел біріншілігінде 53 ойын бойы ұтылмай келеді, не деген цифр десеңізші!?
МЮ-ліктердің бір өкінер сәті Матаның бұл ЧЛ ойындарына қатыстпайтындығы, ал Мюнхендіктер сапында жарақат алған Тиаго Алькантараны алмастыра алатын ойыншы жетерлік. Негзінен бар үміт, Испан футболының болашағы саналатын Де Хеаға артылып отыр, сенімді қаншалықты ақтайтынын ертеңгі матч көрсетеді.

Енді аз-мұз статистика:
Командалар осыған дейін 10 матч өткізіпті, 2 матчта қызылдардың мерейі үстем болса, 3 матчта Бавариялықтар жеңімпаз атанған. 5 матч тең нәтижемен аяқталыпты-мыс, доп айырмасы 11-12

Матчтың бас қазысы — испандық Карлосом Веласко Карбальо.
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы: нағыз тартыстар енді басталады

ПСЖ — Челси (2 сәуір, 00-45, «Парк де Пренс» )
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы: нағыз тартыстар енді басталады

Биыл ЧЛ ойындарында ұзаққа баруды аңсайтын Лоран Бланның шәкірттерін жеребе қаһарлы Моуриньюдің жігіттерімен түйістірді. Реалдан кетіп өзінің сүйікті Лондонына оралған ерекше бапкер Челсиден қысқа уақыт ішінде тамаша ұжым жасай білді. Өткен жылдың үздігі Матаны сатып жіберсе де Азар мен Оскар, Лэмпард пен Терриге сенім артқан Жозье Челсиді тағы бір мәрте Еуропа төріне көтергісі келетінін жасырмады. Жоғарыда Алдар Көсені қазақтың Рбуин Гуды десем, Лондондық Челсиді Англияның, тіпті Еуропаның Рубин Гуды деуге болатын сияқты. Өзіңіз байқасаңыз, Англияның грандтарымен терезесі тең ойнай отыра әлсіз аутсайдерлермен ұпай бөлісетіні, тіпті соңғы турдағыдай ұтыла салатыны бар. Бірақ, бұл футбол, кімнің қашан ұтылатын болжау қиын. Соңғы турда «Кристал Пэласқа» қонаққа барып, Терридің жалғыз ғана автоголы ойын нәтижесіне үлкен әсер етті. Осыдан соң Жозье бапкер Челсидің ел біріншілігінде жеңімпаз болуға мүмкіндігі өте-мөте аз екенін айтқан еді, сол сөзі рас болса бар күшті осы ЧЛ-ға арнайтыны тағы бар. Құрамында төрт көзі түгел Челсидің тасқамал қорғанысы мен әлемнің үздік қақпашысы Чехтің айбынды Ибрахимұлына қаншалықты қарсы тұратынын көретін боламыз.
Ал, Париждіктердің жағдайы тәуір, ел біріншілігінде лайық қарсылас жоқ, турнир кестесінде Монакодан 13 ұпай ілгері тұр. Құрамына Кабай секілді тәуір ойыншыны алған ПСЖ Челсиге есе жібермейміз деп отыр. Осы ширекфиналдың ішіндегі фаворит белгісіз жалғыз матч осы секілді, екі команданың да дәрежесі бірдей. Соңғы турда Ниццаға қонаққа барып, 0-1 есебімен жеңіске жеткен Париждіктер ертеңгі ойынға тас-түйін дайын. Құрамында Тьяго Силва секілді тасқамал қорғаушысы бар ПСЖ-лықтар Азар мен Оскар бастаған шабуыл шебін тоқтата алады деп ойлаймын. Бұған Кавани, Лавесс, Ибрахимұлы және Лукас Моураның шабуылдағы күшін қосыңыз.

Енді аз-мұз статистика:
Командалар осыған дейін 1 ғана матч өткізіпті, 2012 жылы өткен жолдастық кездесу тең нәтижемен аяқталыпты-мыс, доп айырмасы 1-1

Матчтың бас қазысы — серб Милорад Мажич.
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы: нағыз тартыстар енді басталады

Реал мадрид — Боруссия Дортмунда матчы жайлы бөлек пост жазармын, осы матчтарды жіберіп алмаңыз. Еске саларым, Еуропадағы сағаттық белдеу(өзім солай түсінеді екем) өзгерді, ендігі матчтар 1 сағат ерте басталады, бұл дегеніміз 1 сағат артық ұйқыны білдіреді емес пе?! 
Бөлісу:

5 пікір

Ispek92
Охуйық, пікір алысайық. Кім қай матчты көреді, кімге жанын береді дегендей кімге глорлық етесіңдер, айта отырыңдар
afrodita
Барсам менің сенің тілеуіңді тілеймін ғой
Ispek92
Барсаға қай кезден глорлық етесің, құрдас?
afrodita
о, кезде 15те едім
konyrat
Барса мен Атлетико арасындагы ойын тартысты болады. МЮ мен Боруссия Д-тын жагдайы киын. Бавария фаворит. Нагыз шоу Челси-ПСЖ ойынында болады. Барса алга!