Қарағанды қаласының жаңа ғимараттары
Сәлем, блогерлер! Көптен бері блогқа жазуды қойып кетіп едім. Оқуға байланысты жоспарларым да басқаша еді. Астанадан Алматыға баратын пойыздан қалып қоюым менің блог жүргізуді қайта қолға алуыма себеп болды. Блогқұрылтайдағы байқаулар да адамға шабыт береді екен.
Енді іске көшсек. Биылғы БҚ-да "Қарағанды қаласына 80 жыл" деген бірнеше байқау болғалы жатыр. Солардың бірнешеуіне қатысу үшін Қарағанды қаласына өз бетімізше блогтур жасадық. Білгенімізден білмегеніміз көп болды, қызықты жағдайлар да болды. "Қарағанды қаласына 80 жыл" фотобайқауына заманауи Қарағандының фотоларды ұсынып отырмын.
1) Мешіт 2011 жылдың қарашасында ашылды.
2) Орталық мешіт қаланың Оңтүстік-шығыс бөлігіндегі этносаябақта орналасқан.
3) Мешіттің қарсы бетінде (шамамен 500 м) католиктік шіркеу орналасқан.
4) Мешіттің іші мен сырты толықтай ұлттық нашықта безендірілген.
5) ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкіл имамы Өмірзақ Қазкенұлы мырза жергілікті билік тарапынан көрсетілетін қолдау мен жастардың дінге бет бұруына риза.
6) Дева Мария Фатимская кафедралдық соборы. Католиктер үшін де құлшылық қылуға арналған зәулім шіркеу салынған. Әдетте, қазақстандағы христиандардың басым бөлігі (орыстар мен украиндар) — православтар. Ал, Қарағандыда 100-ден астам ұлт өкілдері тұратындықтан, католиктік шіркеудің болуы — заңды құбылыс.
7) Католиктік шіркеу мен мешіттің бір жерде орналасуы қарағандыда ұлтаралық және дінаралық татулықтың мығым екендігін аңғартады.
8) Еуропалық стильдегі шіркеу 2004-2012 ж.ж. аралығында салынған.
9) Оңтүстік-шығыста орналасқан теннис орталығы. Замануи ғимарат.
10) С. Сәпиев атындағы «Нұра» боксты дамыту орталығы.
11) "Қарағанды-Арена" мұз сарайы.
12) Мұнда жергілікті «Сарыарқа» хоккей клубы өнер көрсетеді.
13) Біз.
14) Бұл ғимарат С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ордасы. Театр ұжымының тарихы тереңде жатқанымен, ғимараты жап-жаңа. Қаланың ішкі бөлігінде орналасқан.
15) Тәуелсіздік стелласы. Бұрын Жеңіс саябағында тұрған екен. Қазір қаланың орталығына көшірілген.
16) Прақтардың бейнесі.
17) Түсіндірменің қажеті жоқ.
Мен көрген жаңа ғимараттар мен орындар осындай болды. Екі күнде қаланы толықтай аралап бітпедік.

айтпақшы Сағын, есейіпсің. бұрынғыдай айқай-шу мінез жоқ. ғашықсың ба?
сәттілік Сағын інішек!