Қазақстанның Батыс өңірінде аталып өтетін "Көрісу күні" құтты болсын ағайын.

Бүгін, мерекеге толы наурыз айының 14-ші жұлдызы Қазақстанның батыс өңірінде, атап айтсақ Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында «көрісу күні» аталып өтеді. Бұл күні адамдар үй ішінен бастап, көрші-көлең, ағайын-туыс, таныстарының үйіне барып, қол алысып амандасып, төс қағыстырады. «Көрісу айт күні құтты болсын!», «Бір жасыңмен!», «Жаңа жылдарың құтты болсын!» деген сынды тілектер айтылып, реніш-өкпелері болса ұмытып, татуласады. Ал, қонақ күтуші үй, келгендерге дастархан әзірлеп, бауырсақ пісіріп тағы басқа жылы жұмсағын алдарына тосады.
Жалпы, айтулы мереке қалай, қайдан шыққан? "Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз" мерекесі әрбір өңірде той жасалып аталып өтетін, ал үш жүздің басын қосқан ұлы жүзде өтетін ұлан-асыр тойға ел-елден, жер-жерден бәйгеге қосар жүйріктерін, күреске салар палуандарын, айтысар ақындарын ерткен, былайша айтқанда, «делегаттар» еліміздің оңтүстігіне жол тартады. Шалғай жатқан Батыс өңірінің «делегаттары» бұл тойға дайындалып, жолға 14 күні шығып кететін болған. Жолшыбай ауылдан ауылға соғып, мерекемен құттықтап, көрісіп жеткенше 22 наурызға белгіленген жерге уақытылы жетеді. Сонымен, қазақтың жаңа жылы наурыз мерекесін батыстықтар ертерек, яғни 14 күні бастап кетеді екен.Блог - RaimbekRamazanov: Қазақстанның Батыс өңірінде аталып өтетін Көрісу күні құтты болсын ағайын.
Бөлісу:

6 пікір

bizbike
Көктем негізі 13 басталады ғой, көктемнің бірінші күні болғандықтан болар сірә. Осы жыл тек қуаныш әкелсін! Батыста тойланады деп бөлінбей, бүкіл Қазақ Елі болып тойлай берейік те.
RaimbekRamazanov
иә, айтқаныңыз келсін! Әрине, бөлінгенді бөрі жейді деген, бөліну туралы айтпадым) жай, қол алысып көрісуге ұмтылғанда басқа облыстың адамдары түсінбей қалатындары бар. Бұл мерекені жалпыға жайсақ жақсы болар едіғой
yesbolat83
Шәкәрім Құдайбердіұлының ақын, шежіреші ұлы Ахат Құдайбердиев әкесінің айтқан естеліктерін есіне алып былай деген екен: «14-март – ескіше 1-март. Әкей айтты: «Бүгін ескіше 1-март, қазақша жаңа жыл, ұлыстың ұлы күні дейді».
Осыған сүйене отырып, қазақтар Жаңа жыл мерекесін 14-ші наурыздан бастап тойлағандығын ескеруге болады.
RaimbekRamazanov
ол да жөн екен, 14 наурыз күні туралы «осы күн — көктем келгенінің бір белгісі ретінде табиғаттың тылсымы шығар: қара жер үстінінің жібісуімен қатар астында да құрт-құмырсқалардың қалпына келіп, ұйқыда жатқан жан-жануарлардың бәрінің оянып, „тірілетін“ мезгіліне сай келеді» деген деректер де кездеседі.
konyrat
Т! р! адаммен кор! сес! дер ма? Б! зде Шымда олген адамнын уй! не барады кор! суге.
Соңғы түзету:
neoaskar
Қонырат, сөздің мағыналық тұрғысына емес, қолдану тұрғысына қарау керек. Көрісу деген көру деген ғой. бір-бірін көктем шыққанда зорға көрген ғой бұрынғы ағайындар.
Жаңа жылда Аллаға тағала баршамызға амандық берсін!!!