Футболдан Қазақстан Суперкубогын қай клуб алады?

Футбол, тек қана футбол!: Футболдан Қазақстан Суперкубогын қай клуб алады?ФК Шахтер: Еуропа Лигасының топтық кезеңіне алғашқы болып шыққан қазақстандық команда, соңғы жылдары ширақ ойын көрсетіп жүрген топ, қазақстан футболының сенсациясы, еліміздің 2 дүркін чемпионы. УЕФА рейтингі 246-шы орын.

ФК Ақтөбе: Еуропа ойындарына ұзақ қатысып келген, бірақ соңғы сәттерінде жолдары болмай қалып Футбол, тек қана футбол!: Футболдан Қазақстан Суперкубогын қай клуб алады?жүрген команда. Дегенмен жинаған жалпы ұпайы көп, соңғы 9 жыл бойы жергілікті премьер-лигада үздік үштіктен түспеген клуб, еліміздің 5 дүркін чемпионы. УЕФА рейтингі 196-шы орын.

9-шы наурызда Астана-Арена стадионында өтетін Суперкубок-2014 матчында қайсысы жеңеді деп ойлайсыз немесе жай ғана қайсысына болысасыз?

Футбол, тек қана футбол!: Футболдан Қазақстан Суперкубогын қай клуб алады?

Футболдан Қазақстан Суперкубогын қай клуб алады?

Бөлісу:
  • 4

6 пікір

MickThatsMyNick
Суреттер қос клубтың ресми сайттарынан және нұр.кейзеттен алынды.
asaubota
негізгі уақыт 1-1 тең дегенге бәс тігем ертең. ал кубокты пенальтимен Ақтөбе жеңеді
KuanyshKozhabayuly
Шахтер алады. Кумиков мықты бапкер. Маған ойынның немен аяқталатыны емес қай команданың жанкүйерлері көп болатыны қызықты болып отыр. Шахтердікі жақын ғой, бірақ Ақтөбеліктердің былтырғы стадионға сыймауы еске түссе Астана Аренаны сілкіндіретін біраз адам келе ма деп ойлап қаласың.
balziya
Мен біреумен Ақтөбе жеңедi деп бәстесiп қойдым. Енді жеңуі керек! Сәттiлiк!
MickThatsMyNick
Қос клубтың формалары жаңартылған:
Шахтер клубынікі:


Ақтөбеге ақ, қызылдан бөлек, алтын түс қосылған:
MickThatsMyNick
ФК Астананың жаңа логотипі әдемі болғанымен, ұзаққа бармайтын секілді, тұрақтылық керек қой.