Теріскейде блог-бәйге басталайын деп жатыр. Жүлдесі мықты!

Сонымен құрметті, ағайындар! Қызылжарда алғаш рет блог-бәйге өтейін деп жатыр. Я, Иә, кідімгідей ресми түрде. Жүлдесі де жаман емес!
Блог - FaraOn1: Теріскейде блог-бәйге басталайын деп жатыр. Жүлдесі мықты!
Байқаудың мақсаты: Теріскейде блогосфераны дамыту. Блогосфера дамыса қазнет те алға жылжиды деген сөз.
Байқауға кім қатыса алады: Солтүстік Қазақстан облысында тұратын кез-келген (жас ерекшелігіне, фигурасына және т.б. қарамай) ниет білдірушілердің барлығы.
Ескерту: байқау тек қазақ тілінде.

Тақырыптары:
1. Эссе түріндегі, көлемі орташа жазба жазу. ӘЛЕМНІҢ КІЛТІ ӘЙЕЛДЕ! (8 наурызға орай — ана, әже, қыз, келіншек, әпке, қарындас, ене, жеңге, келін, медбике, ұстаз, дәрігер, актриса, студентка, кондуктор, байдың қатыны, кешегі-бүгінгі, психологиясы, қоғамдағы, саясаттағы, ортадағы орны және т.б. әртүрлі жанрда жазылған қызықты пост);
2. Суреттер сөйлейді. ТЕРІСКЕЙІМ! (СҚО, Қызылжар, аудан, ауыл, мәдени, тарихи орындар, ойын-сауық орталықтары, қала тынысы, демалыс орындары және т.б. әр сурет қысқаша түсініктемемен);
3. Видео-блог. Тақырыбы: Махаббат немесе СҚО Тұлғасы (тақырыбына идея болса, жаза отырыңыз);

Кім бағалайды: Әр турды 5 танымал, тәжірибелі блогер бағалайды. Кімнің уақыты бос болады соларды тартамыз және әр блогердің берген бағасы жарияланып отырады.

ЖҮЛДЕСІ: Ең көп балл жинап, үздік шыққан 3 адамға Қарағандыда 24-25 наурыз өтетін Блог-құрылтайға жолдама, яғни сапары толығымен тегін болады. Жаман емес деп ойлаймын)))

Шарттары: үш тақырыптың қайсына жазсаңыз да посттар 5-15 наурыз аралығында арнайы сайтта(байқаудың сайты ашылады) жариялануы тиіс. 17-18 наурызда қорытындысы шығарылып жеңімпаз анықталады. Әр байқаудан бірінші орын алғандар Блогкэмпке барады.

Жалпы осылай. Құрметті қазнеттің қасқалары бұндай байқау бізде бірінші өтейін\өткізейін деп жатырғасын сіздердің ақыл-кеңестеріңіз керек. Не қосасыздар, не аласыздар? Кез-келген ұсыныстарыңызға қуанышты боламыз! Әсіресе тақырып таңдауға көмектесіп жіберсеңіздер. Сосын қазылар алқасына кімдерді ұсынасыздар, мен болайыншы дегендер бар ма?

Сұрақ: Блогосферадан түсінігі мүлдем жоқ немесе аз аймақ үшін байқау шарттары тым қиын емес па? Біз өзімізше тырыссын, ізденсін, үйренсін, істесін деп шештік. Тек мықтылар ғана Блогкэмпке барсын деп отырмыз.
Бөлісу:

7 пікір

FaraOn1
СҚОның блогиядасын бастап жібердік!)))
Daniar-Alan
Сайтын қосыңдар алдымен
zholantai
мен болайыншы дегендер бар ма?
барлығы әділқазы, бір қатысушы
MamaAya
ОҚО болғанда 1-2 күндік-түндік жұмыс болар еді!!!))) Қап!!!
zholantai
сен ұйымдастырсайш, қатысып тастайық, жүлдең қомақты болса болғаны
MamaAya
қойи,, мен жіпсіз байлаулымын!)))
rakisheva
Керемет бастама екен! Істеріңе сәттілік тілеймін!