Ол Люданы іздеді... (с)

Киностан: Ол Люданы іздеді... ©Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында шетелдік компаниялардың бірінде қызмет ететін, сәйкесінше ағылшын тілінде жиі сөйлеп үйреніп қалған 30 жастағы бойдақ, ұлты кәріс ресейлік азамат Леонид Вон, түркі халқының жаңа жылы болып саналатын Наурыздың қалай тойланатындығын өз көзімен көру мақсатында жұмысынан демалыс алып, облыс орталығы — Орал қаласына келеді. Ал бұдан бұрынырақ ол Пенза қаласынан көптен бері көрмеген, хабарласпаған бұрынғы махаббаты, өзінен 3 жасқа үлкен Люда есімді кәріс қызын осы жаңа жылды бірге қарсы алуға шақырып қояды. Ал оның жеке нөмірін ортақ ескі таныстарынан біліп алады. Леонид телефон арқылы сөйлескенде Люданың әлі тұрмысқа шықпағанын біліп, өзінің ұсынысын Наурыз мерекесі кезінде білдіргісі келгендіктен, алдын-ала қымбат сақина сатып алу үшін, Оралдағы сауда орталықтарының біріне барады. Және осы жерде жергілікті қылмыскерлердің нысанасына ілігеді. Оны аңду басталады.

22-ші наурыз, таңғы сағат 09:15.
Киностан: Ол Люданы іздеді... ©Леонид кезінде өзін «сопляк» деп еркелете-керемештеген бұрынғы сүйіктісін вокзалдан күтіп алып, екеуі кафеде біраз әңгімелесіп, бір-біріне қатты өзгергендері туралы айтады. Және ол қарым-қатынасты жандандыру белгісі ретінде Людаға шағын құмсағат сыйлайды. Бірақ үйлену туралы басты ұсынысын кейінге қалдырады, әйтсе де Леонид ұсыныстан бөлек тағы бірдеңені айтуға ұмытып кеткендей сезімде болады. Бірақ есіне түсіре алмайд. Содан кейін жұп түске таман қала орталығына жетіп, Наурыз мейрамын тойлап жатқан халықтың арасына еніп кетеді. Киіз үйлердің біріне екеуі қол ұстасып кіріп, жайылған ақ дастарханға отырады. Бір кезде Люда әжетханаға барғысы келіп, сыртқа шығып кетеді. Леонид оны жарты сағат күтеді, бірақ Люда оралмайд. Шыдай алмаған жігіт сыртқа шығады да, Люданың ұялы телефонына қоңырау шалады және арғы жақтан басқа біреудің даусын естиді. Иә, кісітонаушылардың бірінің. Ол қыздың тұтқынға алынғанын және оны босату үшін 50 мың доллар қажет екендігін айтып, полицияға хабарласпау шартын қояды да, кездесу үшін ертеңгі күннің кешкі уақытын және қаланың шеткі аудандарының бірін белгілеп, «Люда» деп жазылған жерге келесің дейді. Леонид не істерін білмей, сасқаннан осы жайтты полицияға хабарлап қояды, өйткені оның карточкісіндегі ақша не бары 20 мың доллар болатын. Полиция қызметкерлері шұғыл жоспар құрып, Леонидті кездесуге өзін жіберіп, бастапқыда сырттан бақылай тұру туралы шешім қабылдайды.
Леонид белгіленген жерге жалғыз өзі келеді (бірінші жақтан түсірілген видео):

(Саундтрек «Dead Silence» фильмінен алынды және аздаған редакциядан өтті)

Бірақ белгіленген уақытта, келіскен жерге келсе де, ол ешкімді таба алмады. Өйткені полиция қызметінің ішіндегі «құлақтар»-дың бірі көрші облыстардағы кісітонаушылармен байланысты болып шығады. Және ол осы тапсырманы жеке орындауға басшылықтан рұқсат алып, операцияға полициядағы өзінің сыбайлас тобын ертіп барады. Ал қыздың тағдыры не болды десеңіз, осының барлығын ұйымдастырған Люданың өзі екен. Өйткені кезінде екеуі жүрген кезде Леонид басқа қыз үшін Люданы тастап кеткен болатын, ал соңғысы белгілі бір себептерге байланысты тағдыр тәлкегіне түсіп, Пензадағы ықпалды банданың мүшесіне айналады. Леонид басында нені ұмытқан сияқты болды десеңіз, қыздан кешірім сұрауға екен. Банданың қағидаларымен жүріп үйреніп қалған Люда сол қадамы үшін оны іштей кешіре алмайды. Леонидтің шалған алғашқы қоңырауынан кейін қыз өзінің сыбайластарын бірден Оралға жөнелтіп, оны әріптестеріне бақтыртып қояды. Полиция өкілдерімен сыбайлас бола тұра, Люда бұрынғы жігітін сынап көру мақсатында оған өзіне еш мәні жоқ шарт қояды, бірақ Лео оны да орындай алмай шығад. Осылайша, Люда бұрынғы жігіті, «мырқырауығы» Леонидті «крыса» полицияға қалдырып, оларға оған қарсы қандай жаза қолдану керектігін жеке түсіндіріп, өзі көлікке отырып, белгісіз бағытпен кетіп қалады. ©

P.S. Бопшым, хоррорымыз мелодрама-экшн-триллер-драма болып кетті. Бетон бағанасында «Айман» деп жазылып тұрғанда, қыздың есімі Айман болатын еді.)) Мақсатсыз түсірген видеоның мазмұнын бір жылдан кейін келтіру күрделі зат екен.))
Бөлісу:

4 пікір

zholantai
иә, бірдеңе-бірдеңе боп кетт, ну сонда да бірдеңе бар
MickThatsMyNick
енді бірдеңе-бірдеңе боп кеткесін, бірдеңе болады да
zholantai
1+1-де Омар Сидің салған суретіне білмеймін, ну мұнда бірдеңе бар дейд ғо, со сияқты әңгіме енд,