Чемпиондар Лигасы. 1/8 финалдың екінші күні

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. 1/8 финалдың екінші күні

Чемпиондар Лигасы 1/8 финалының алғашқы күнінде ойналған матчтар көңілізден шыққан болар, біз супер матч болуы тиіс деп күткен Манчестер Сити — Барселона матчы өз деңгейінде өтпесе де Байер — ПСЖ матчы құмарыңыздан шыққан шығар. Дегенмен, бұл матчтар өткеннің еншісіне кетті. Бізге қалғаны бүгін ойналатын матчтарға шолу:
Бүгінгі матчтар да қызыққа толы болғалы тұр, Ла Лигада чемпиондыққа үміткер Мадридтік Атлетико осы сезонда жағдайын тым нашарлатып алған, келесі жылы осы ЧЛ-дан шет қалғалы тұрған Миланға қонаққа барса, тағы бір ағылшындардың үміті қаһарлы да айбынды, жеңілуді білмей келе жатқан Мюнхеннің Бавариясын қабылдайды. Сонымен, толығырақ төменде:

Милан — Атлетико Мадрид
19 қаңтар. 01-45 (Астана уақыты)
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. 1/8 финалдың екінші күні

Алдымен қонақтардан бастасақ, Атлетико Ла Лигада Реал мен Барселона секілді алпауыттармен қатар келеді, чемпиондықтан дәмелі екенін алғашқы турларда байқатқан еді. Жақында Испан Кубогының финалға барар жолында Реалдан ұтылған соң, ендігі бақтарын осы ЧЛ-да байқап көрмекші. Атлетиколықтардың бабы қарсыластарына қарағанда басымырақ, соңғы турда Вальядолдиті өз алаңында ойсырата жеңді, қысқы трансфер кезінде құрамына Диего секілді шабуылға күш қосар ойыншыны алғаны бәрімізге белгілі. Вилья, Коста, Арда, Диего бастаған шабуыл шебінің жігіттері бапкердің сенімін ақтау үшін барын салатынын айтып отыр.

Италияндық Миланның қазіргі жағдайы мәз емес десек те болады, Бас бапкерлікке Зеедорфты алдыртып, команданы қайта жасақтауға кірісіп кетті. Ешқандай мол қаржы құймай-ақ қысқы трансфер кезінде Эссьен, Рами, Таарабт, Хонда секілді ойыншылармен толыққан Милан әлі де өзінің ойынын таба алар емес. Мүмкін осы ЧЛ ойындары бұл командаға мотивация болып, жақсы ойын көрсетер, не дегенмен ЧЛ-да ойнау кез-келген команданың арманы емес пе?! Осы жолы ЧЛ-да ұзаққа бара алмаса келер жылы ЧЛ түгілі Еуропа Лигасына қатыса алмауы мүмкін екенін бұл Зеедорф шәкірттері біледі деген сенімдеміз.

Мына қызықты суретке назар аударыңыз, бұлар осы команданың бапкерлерінің жастық шағынан алынған сурет, екі бапкер кезінде бір-біріне қарамас қарсы ойнаған, енді бапкерлер ретінде қарсылас атанбақшы, қызық емес пе, ә?!
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. 1/8 финалдың екінші күні

Бүгінгі ойынның өзіндік қызықты дуельдері көп болғалы тұр, жоғарыда айтқан екі бапкерден бөлек, Еуропаның талантты да бұзық, мінезі асау жігіттері Балотелли мен Костаның тіресін көретін боламыз. Қарт қақпашы Аббятти осы жолы да командасын өрге сүйрей ала ма? Кака мен Балотелли, Монталиво мен Хонда Атлетиконың таңдаулы қорғанысын бұзып жара ала ма? Бүгінгі ойында осы сұрақтарға жауап іздейміз.

Матчтың бас қазысы португалиялық Педро Проэнса болады, бұл арбитр ЕУРО 2012 финалында қазылық еткенін айта кетейік.

Арсенал — Бавария
19 қаңтар. 01-45 (Астана уақыты)
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. 1/8 финалдың екінші күні
Осы түннің қызықты матчы осы командалар арасында ойналуы тиіс дейді білетіндер. Бұл командалар өзара өткен жылы кездескен еді, алғашқы матч Лондонда Бавария пайдасына шешілсе, қарымта матчта Арсен Венгер шәкірттері сенсация жасаудың алдында тұрды. Содан бері біраз нәрсе өзгерді. Қазір Арсеналдықтар АПЛ-да көш басында, жоғарғы орындарға талпыныс үстінде. Венгер шәкірттері соңғы матчтарында Ливерпульді ұтып өздерінің көңілдерін жайландырып алды. Уолкотт пен Ремси секілді белді ойыншыларының жарақатына қарамастан команданы алға сүйрер ойыншылар табылып тұр. Меніңше Лондондықтар бұл ойында минимум ұтылмауы қажет. Неге десеңіз, қарсыласына қараңыз.

Енді мюнхендіктерге келетін болсақ, бұл команда дәл қазір әлемнің ең мықты командасы дер едім, ұтылу дегеннің не екенін білмей келе жатыр. Бавариялықтар соңғы рет осы Арсеналдан ұтылғанда гол соға алмаған, одан бері қанша уақыт, қанша матч өткізді, барлық ойында гол соғумен келеді. Бұл тамаша жетістік, құрамына қарасаңыз бір емес екі команда жасақтауға болатын секілді, Пеп бапкердің өзі "Барселона енді ЧЛ-да фаворит емес" дегені бекер емес секілді. Алайда осы ойынға Рибери мен Шачири секілді ойыншылар жарақатына байланысты қатыса алмайды. Бұл ойында голды көп көреміз деген үміттеміз!

Ойынға итальяндық Никола Риццоли қазылық етеді.

Арсенал шабуылшылары қақпаға тұрудан жалыққан Нойерге жұмыс тауып бере ала ма? ШАбуыл жасағанжда барлығы алға лап қоятын Мюнхендіктер АПЛ-дағы ең мықты қорғаушыларға қарсы не істей алады? Міне осы сұрақтарға жауап табу үшін экран алдына жиналайық!
Бөлісу:

3 пікір

Beytanis
Ып-ыстық ойындар екен!
Ispek92
Миланның құрамы былай жаман емес, Атлетикоға қарсы тұра алады, ал Баварияны тоқтату Арсеналдың қолынан келсе АПЛ-да чемпион бола берсе де болады.
Соңғы түзету:
zholantai
сенің анонстарың тамаша жазылад, жаза түс