Бұл қай керекші? - №14

Блог - dark_nazgul: Бұл қай керекші? - №14

Кіріспе сөзсіз. Бірден іске кірісейік.

Әлдекімге ұқсағыңыз келіп тыраштанған кездер болды ма? Сізге ұқсағысы келіп тыраштанатындар ше? Ондайларға қалай қарайсыз?

Қарай берем, кәдімгідей. Көшеде келе жатып, қарсы жолыққан адамдарға қалай қарасам, оларға да (ұқсағысы келіп тыраштанатындарға) солай қарай берем.
Неге? Өмірінде ешкімге ұқсағысы келмеген адам жоқ болар бұл дүниеде. Элементарлық тұрғыдан алғанда өміріңізде пікірін, өмірлік ұстанымын, немесе, білімін, әйтеуір бір артықшылығын мойындап, сыйлайтын адам кездесуі заңдылық. Одан әрі қарағанда, психологиялық тұрғыдан алғанда саналы адам өкілі ретінде бейсаналы түрде әлгі кісінің сізге ұнаған немесе сіз мойындаған қасиеттерін өзіңізге сіңіруге тырысатыныңызды өзіңіз байқамайсыз. сондықтан, бұған таң қалудың да, назар аударудың қажеті шамалы. Өзім әкеме ұқсағым келіп тыраштанып жүргенімді байқаймын. Балам да әкесіне ұқсағысы келіп өздігімен тыраштанғансымақ болғанын көрдім, көрдім де қуандым, қуандым да қорықтым.


Өзіңізді жұрттан артық санайсыз ба? Артық болсаңыз, немен артықсыз?

«Кім алысқа шаптыра алады?» — деп жарысатын жастан өтіп кеткен сияқтымын. Бірақ, ешкімнен кем емеспін деп есептеймін.

Адронды коллайдер жарылып өлу арман маған. Ондай өлімге қалай қарайсыз?

Мектепте оқып жүргенде Алматыға барып, Горький паркіндегі центрифуга сияқты аттракционға мінгенмін. Мінгенде соның алдында ғана сатып алған крем-брюле балмұздағын ешкімге сеніп тапсырып кете алмай, тастауға қимай, өзіммен алып кірдім. 3 минуттан кейін крем-брюленің таяғы қолымда, қалғаны үсті-басыма жағылған күйімде аттракционнан шықтым. Адронды коллайдер туралы білім базамдағы аз-мұз ақпарат оның жұмыс істеу принципі сол центрифугаға шамалас келеді деген тұжырым жасатып отыр. Демек, бір рет ұялған оқиғаға екінші рет ұялғым келмейтінін ескере отырып, өлімнің басқа түрін таңдайтын болармын.
Пы.сы. оған дейін біреу адронды коллайдерді қасыма әкеліп жаржверсе, өлім түрін таңдауға мұршам болмайтынын саналы түрде мойындаймын. Ондай жағдайда, мен туралы азанама жазып, қаралы жиыныма келгендер, саусағын шошайтып күлмейтін болар деп үміттенемін.


Мамандығыңызға көңліңіз тола ма? Өмірде осы мамандықтың арқасында қол жеткізген жетістіктеріңіз бар ма? Әлде басқа мамандықты иеленсем, бұдан да жақсы болар едім деген жаман ой бар ма?

Менде негізі екі мамандық. Бұл жерде мамандығыма көңілім толып-толмағаннан ештеңе өзгермейтінін алға тартқым келеді. Себебі, менің көңілім толмағаннан, ол мамандық жойылып кетпейді, немесе жақсармайтыны мәлім. Сондықтан, сұрақтың түп мақсаты мамандығымның маған ұнайтыны туралы болса керек деген болжаммен, ұнайды, жақсы көрем деп жауап беремін. А, ия, айтпақшы, негізі, мамандығым бойынша жұмыс істеп жүрген жоқпын, бірақ, бәрібір ұнайды.
«Маған негізі сенің көтенің ұнайды, бірақ мен сені толықтай қалаймын» деген сияқты ғой, қысқасы...


Антитоқалшы ретінде бұл сұрақты айналып өте алмаймын ғой енді. Тоқал алғыңыз келіп қалуы мүмкін бе? Ондай жағдайда алғашқы жарыңыздың көңліне қарайсыз ба, әлде өз бақытым өзіме деп, бәрін белден басып кетесіз бе?

Тоқалды нәпсі үшін емес, сауап үшін алуды қолдайтындардың қатарынанмын. Ал, өзіме келсек, сауап үшін істейтін басқа да істер бар, солармен айналысып жүрмін. бұл сұрақ мен үшін актуалды бола қойған жоқ, әзірге.

Керектегі ең жақсы көретін, іздеп жүріп оқитын, жазбай кетсе жаныңыз жабырқап қалатын кейіпкер.
Керекте кейіпкер бар ма еді? Мен негізі керектегілердің бәрін автор деп ойлап жүргенмін. Әртүрлі авторларды әртүрлі кездері оқимын. Біреуіне жабысып қалған ештеңем жоқ.

Маған бес сөйлеммен сипаттама беріңіз.

Өртейсің — адамды күлкіге қарық қыласың.
Өртейсің — адамды ызадан боғына дейін қайнатасың.
Өртейсің — кейбір жыныстастарың ұяттан өрт болып жататын сияқты көрінеді. (кейде қарсы жыныстастарың да)
Өртейсің азғын қиялдардың қоламтасына шоқ тастап
Өртейсің — позитивіңді көріп, қызғаншақтар өздері өртеніп кететін секілді.


Қазақстанның қай қаласын өмір сүруге ең қолайлы мекен деп білесіз? Қай қаласында тұруды армандайсыз?

Білмеймін. Бірақ, Текеліге тағы бір рет барғым келіп жүр.

Алғаш естіген кезде құлағыңызға дейін қызарып кеткен анекдот.

Есімде жоқ...

Соны жазған кезде монитордың экранына дейін қызарып кететін иятсыз анекдот айтыңызшы.

Кечіна, үлкендер қауымдастығына бару керек қой ол үшін… Жәй бір жеңілдеуін жаза салайын.))))))))))))

Қысқасы, екі қызтеке ваннаға су толтырып, шомылып отырса керек. содан бір уақытта судың бетіне сперма қалқып шығып келе жатыр екен. Қызтекелердің біреуі екіншісінен «Не, бітіріп қойдың ба?» деп сұраса, екіншісі «Жоқ, осырып қойдым» деп жеген екен...
Бөлісу:

34 пікір

MamaAya
  Стилін өзгертіп отырған, Сатыпалды ))))
dark_nazgul
қой е. Менімен қалай қалай сөйлесетінін байқамадың ба? Сұрақтарыма жауап бермек түгілі, аманымды алмайды ол менің.
Dzhonsaken
Әйгерім Кеулімжайдың танысы
dark_nazgul
мұндағы жұрттың сексен пайызы Келуімжайдың таныс, елу пайызы стақандасы.
Dzhonsaken
Мен де оған стақандас болуға ұсыныс жасаған едім қарсы болмады. Тәнті болып қалдым.
Ereimen
Текелі жақты еске алуына қарағанда Сержан емес пе?
edige
мыжып кетер еді… ол емес нақты
Korkem
Гаста!
AKA
Эстафета сізде сияқты…
Ispek92
Нұрбергений!!!
dark_nazgul
хехе. Нұрбергенді жасырам деп алып, соны жасыратын мен лоқ деп пе едің?
Ispek92
 Менікі сол эстафета бұтағынан қашу ғой, әпше! Бұтақбас боп кетейін деп жүрмін
VKM
Алдекен!
Супер эстафета!
ErNur
Димаш
dark_nazgul
лібә… Димаштың ыңыранып қойып мынаның бәрін айтып отырғаны елестеп кетті.
dark_nazgul
Лібә, бәрің неткен ақылдысыңдар е
edige
Омарбрат меніңше…
dark_nazgul
Кеше ғана Омарбыратпен әңгімелескенде, «мені керекке жасырса да, тіпті мен деп айту ешкімнің ойына келмейтін шығар» деп еді.
Dzhonsaken
Әйгерім Кеулімжайдың бейтанысы
zholantai
кімболсомен? табылды ма?
dark_nazgul
Қой, құрысын, лағып кеттіңдер.
Негізі, менің жасыру қабілетім шамалы-ау деймін, жарты сағат өтпей жатып КЕН тауып қойған. Мынадай сөйлейтін керекші, әрине, тек Aldeken . Одан басқа кім болсын, маған анадай сипаттама беретін. АйтпақЧ, сипаттамама ешкім назар аудармады… ренжідім бәріңе.

Ал, сонымен, бұтақты алдың, Кен, өзің ұстасаң өзің ұста, «передай другому, только не мне» деп лақтырып жіберсең, тағы өзің біл.
zholantai
күлебередекенсзөзі
dark_nazgul
Аха, Алдан екеуміздің басымыз қосылса осы, тырқылдай береміз.
zholantai
тырқылдайберңзідерч, әйтеуіртарқ-таркетпесеңздерболд