Қашанғы елге мазақ болып жүреміз?

Кеше кешқұрым әдетімше қазіргі жастардың жиі жиі бас қосатын жері, кейбіреуінің тіпті тұрақты мекен жайына да айналып кеткен әйгілі әлеуметтік желілердің бірі vkontakte ні кезіп отырып мына мақалаға көзім түсті www.zakon.kz/4599530-izvestnyjj-rossijjskijj-bloger.html. Алманың атасы аталған алып шаһарымызға, қай жел айдап келгені белгісіз, Ресейдің атағы жер жарып тұрған (ел солай дейді өз басым атын бірінші рет естіп отырмын) блоггері Илья Варламов келіпті-мыс.Әлемнің әр түкпіріндегі қалаларды кезіп, алған әсерлерімен өзінің блогында бөлісіп жүретін Илья бұл жолы конференцияға қатысу үшін оңтүстік астанаға табанын тірепті. Сонымен сонау Мәскеуден апорт иісі аңқыған көшелер мен көкпен таласқан мұнаралары бар көркем қаланы бір көрсем деген арманын арқалап келген Варламов мырзаның үміті алданған секілді.Ия біздің аяулы Алматымыз мәскеулік блоггердің көңілінен шықпай қалыпты. Жол қозғалысы бір тәртіпке келтірілмеген, көшелері тазаланбаған, бір қалыпты сұрықсыз сұрғылт ғимараттары мен, көз тартарлық көркі жоқ ескі үйлері бар, қарапайым кеңестік қала деп сипаттапты ол өзінің Esquire деген журналға берген мақаласында. Шетелдік қонақтардың біздің еліміз туралы бұндай пікір білдіруі бірінші рет емес. Естеріңізде болса осыдан бір екі жыл бұрын «Барыс» хоккей командасының капитаны канадалық Кевин Даллменнің әйелі Стейси Даллмен де өз блогына біздің қоғамда орын алып жатқан келеңсіздіктер жайлы сөз еткен еді. Сол үшін де еліне қайтарылды. Оны істеп отырған кім? Әрине билік басындағы «бәкеңдер». Қайдағы бір шетелдіктің сандырағына сенбеңіз бізде бәрі жақсы деп, ішінде ботқасы былығып жатқан қазанның бетін жылы жауып қана қойды. Кеше Фейсбуктан ақын ағамыз Ақберен Елгезектің Мәңгілік ел бағдарламасына байланысты жариялаған мақаласын оқығам сондағы мына жолдар есіме түсіп кетті. ««Мәңгілік ел» месседжі маған сырты сырланған, бірақ бояудың арғы жағында тот басып, шіріген «бақытты коммунизм» идеясын елестетті». Шынымен де біз қазір дәл осындай сырты бүтін іші түтін «бақытты коммунизмде» өмір сүріп жатырмыз. Айқын дәлел ретінде Астанамызды алып қарауға болады.Қаланың қақ ортасы көз жауын аларлықтай көрікті болғанымен, шет жағындағы аймақтарда не болып жатқанында жан баласының шаруасы жоқ.Әркім өз қара басының қамымен әуре. Пара беріп диплом алсам, пара беріп үлкен қызметке тұрсам.Қазақтың қазіргі қас жауы болып тұрған парақорлық пен жемқорлық. Оны бас қалада 8 ай қонақ болған Стейси Даллман ханым да, оңтүстік астанамызға екі ақ күнге қонақ болып кеткен, Илья Варламов көріп үлгерді. Оны бүкіл әлем біледі десем, қателеспейтініме сенімдімін. Барлығына көз жұмып өз өзімізді алдап жүрген тек өзіміз ғана. Егер елімізде осы екі жауға тойтарыс берсек біз Сингапур, Вьетнам елдері секілді теңдікте тұрмыс кешер едік. Дамыған елміз деп көңіліміз марқайғанымен, шындыққа да бір сәт көз салған жөн.Жат көз сыншы дейді. Қашанға дейін шет елдіктерге мазақ болып жүре береміз?
Бөлісу:

12 пікір

neoaskar
Алматыны жамандағандардың іші кепсін. Алматының әдемілігін көру үшін онда өмір сүру керек
MickThatsMyNick
Жалпы қыс мезгілінде қалалардың көбісінің көркі бұзылады, сол кезде барлық қала бір-біріне ұқсап кетеді. Тіпті керек десеңіз Ресейдің солтүстікте орналасқан кей қалалары біздің қалаларға қарағанда жылы боп тұрады қыста. Сондықтан мына блогер 2 күн ішінде көп нәрсені біліп қайтам деген шығар, бірақ кей сөздерінде жан бар. Әсіресе көлікке қатысты, өйткені көлік иелері болашақта жаяу жүргінші боламын деп ешқашан ойламайтындықтан, өздерін жолда жол патшасы сезінетін шығар. Оның үстіне жақсы көлікпен жүрсең адамсың, көлікпен жүрмей қалсаң немесе онша емес көлікке ауыссаң көбісі саған бір түрлі қарай бастайды. Ал жалпы алып қарасақ, әлемдегі дамыған көптеген елдердің аумақтары үлкен емес. Ал Америка мен Канада сияқты алып елдер, штаттарға бөлініп дамуда. Мүмкін бізге де сондай керек шығар. Сонда әр штаттың арасында бәсеке пайда болады. Ал бұл дамуға деген бірінші қадам. Әсіресе бөлінгісі кеп жүрген Шымқалаға жақсы болады.
MickThatsMyNick
Дамыған шет елдерде адамның шамасын білу мақсатында оның жалақысының қанша екенін сұрап жатсаң, өзіңді жаман жағыңнан білдіріп қойып жатқаныңды аңғармай қаласын дид. Ал бізде көп жағдайда адамдар жалақыны біліп алғаннан кейін, саған деген көзқарасын қалыптастырады. Дамуда барлығы енді уақытпен ғо.)
MamaAya
хммм, тронута!!))))))
Ispek92
 Мынадай көтриоттық мухахаллаларда керектің алғашқы бетіне шығатын бопты, заман не боп барады?!
Соңғы түзету:
burkitshi
Мұндай жағдай тек біздің елде ғана екен деп ойлап қалмаңыз. Бүкіл әлем сондай
Aldeken
не ғо, аптыр, не істеу керек, сонда? проста, дұрыс түсін, осы бір риторикалық һәм пәлсафалық сұрақт қойып отырғанның басы да соңы да сіз емес екенін ішкі түйсігім сезіп отыр, расымен. Бірақ, енді осы сұрақтың жауабын айтушылардың алғашқысы кім болар екен деп қажыңқырап отырмын. Сонымен, қайталап сұрайын, не істейміз енді? А?
ken
блоггер дұрыс жазған. бірақ жеткізу жолы ұнамады. блоггердің өзі бір керемет дамып кеткен, алдыңғы қатарлы елден келгендей қылып жазыпты да. сондағы өзінің келген жері ресей ғой
алматыда көрген нәрселерін өзінің қаласында да күнделікті көріп жүрген адам. русский понт))
Соңғы түзету:
melek
Құрметті керекшілер! Бұл пост көрсете алмай жүрген патриоттық сезімдерімді көрсету мақсатында жазылған пост емес еді. Және деAldeken мырза бұл мақаланың тақырыбы сұрақ түрінде болғанымен мен ешкімге сұрақ қойып отырған жоқпын, және бірдеңе істеу керек деп те айтқан жоқпын. Біздің яғни қарапайым халықтың қолынан ештеңе келмесі айдан анық. Мемлекеттің жағдайын тек қана оны басқарып отырғандар ғана өзгерте алады. Мен жай ғана ішімдегі нәрсені айттым…
assar
Ресейде Алматы сиақты қала жоқ. Мәскеуде кәдімгі үлкен Алматы, барлық теріс жағынан ұқсас оң жағынан қалық дер едім.
bake
Мазақ болсын, болмасын. Ел бар, жері бар. Жазбаңды мыңда ғана жазып қоймай басқа елге де ойыңды айта бер, бағыттастарыңды жинай бер. Қоғамдық ұйым құр. Жергілікті жерде шаралар өткіз. Сенің қимылына әзірше ешкім кедергі жасайын деп те тұрған жоқ. Жемқорлық пен парақорлықты жақсы деп отырған ешкім жоқ. Бәрі жақсы, көркейген елде тұрысы келеді.