Жастықтың қадірін сезіну

Блог - MickThatsMyNick: Жастықтың қадірін сезінуБұл тек жастарға ғана емес, өзін жас санайтын кез келген адамға арналған. Жастық шақтың қадірін қалайша анық түсініп, сезінуге болады?! Әр адам өзінің жастық шағын белгілі бір бағытқа арнай алады, оның ішінде адамзатқа танымал тұлға болуға — солайша атыңды қалдыруға, бір сөзбен айтқанда мансапқа, не жай ғана «ойна да күл» қағидасымен өмір сүруге немесе тек отбасы өміріне және ең күрделісі осының барлығын қатар алып жүруге. Ал ең оңайы – қор болып, жай ғана арманмен өткізуге.
Енді ойша «тренинг»-тің өзіне көшейік. Көзімізді бір нүктеден алмаймыз немесе көзімізді жұмып шынайы елестетіп көреміз: Сіз қартайып кеттіңіз (білем, ешкім де ол туралы ойланғысы келмейді, бірақ дегенмен). Және «осы уақытқа дейін мен не бітірдім?» деп саралап жатырсыз. Өзіңіз өзіңіздің жетістігіңізге қанағаттанбай, Сізді өкініш сезімі билеп барады. Сол кезде Сіз Құдайдан «мені жастық шағыма қайта оралтсаңыз, мен небір белестерді бағындырар едім» деп іштей жалбарынып сұрап жатырсыз. Сонда Құдай ұзақ ойланып, Сізді жастық шағыңызға қайта оралтады.
Міне осы сәтте терең ойдан шығып, көзіңізді ашып, жастық шағыңызды басқаша көзқараспен жалғастырып, жаңа бағыттар белгілей аласыз. Бірақ қанағатты да ұмыт қалдырмайық, құрметті керекшілер.) ©
Пыс: Фото мына жерден алынды.
Бөлісу:

4 пікір

AknietTanirbergenkyzy
Тренинг деп тақырыпты күшті қылып жазыпсыз да, өзіңіздің ойыңыздың түпкі мағынасын жеткізе алмадыңыз. Әрнәрсені нақты дәлелдермен жазбай, жай үстіртін жазғансыз, бұл біріншіден. Екіншіден, Құдайдан қайтадан жастық шағыңызды жалбарынып сұрадыңыз делік, дегенмен уақытты қайтадан шегермейді, сізге сол жастық шақтағы тылсым күшті (энергияны) беруі мүмкін, бірақ жастық шағыңызды қайтармайтыны ақиқат. Қарағандылық ақиық Макең ағамыз: «Адам өткенін аңсайтын, бүгінгісіне көңілі толмайтын, ертеңін асыға күтетін жұмыр басты пенде» — деген екен. Сондықтан, қолдағы саф алтынды бағалап, қадірін білейік, ағайын!!!
Соңғы түзету:
MickThatsMyNick
не мен дұрыс түсіндіре алмадым не сен дұрыс түсінбедің, дегенмен пікіріңе рахмет.)
totiya
мен де түсінбей қалдым. Ешқандай тренинг жоқ қо мына жерде
dindar
Тренинг емес, ГИПНОЗ келетін сияқты…