№ 2 эстафета: өлеңді аудар

Daniar-Alan берген екен кезекті маған. Миларыңызды аздап шынықтыруға қалай қарайсыздар? Мынаны қалай аударуға болар екен ә?

Нам с вами некого винить
Было что было не изменить
Утром в соломе и в пыли
Что же мы с вами наделали
Утром в соломе и в пыли
Что же что же наделали

сілтеме
Бөлісу:

54 пікір

ken
айыптай алмаймыз ешкімді
болары болды, өзгермейд
азанда сабанда, шаңда
не істеп қойдық екеуіміз
азанда шаңда, сабанда
не бүлдіріп қойдық
Daniar-Alan
азанда шаңда, сабанда
не бүлдіріп қойдық
zholantai
Кінә артар жан жоқ,
Өзгертер әл жоқ,
Болары болды, амал не?

Сабанда, шаңдатып
Не істедік,
Біз ерте

Не істедік,
Біз ерте
zholantai
«Сабанды бұрқыратып» деп алу керек еді, солай оқи салыңдарЧ
bizbike
жаза түсіңіздер тағы, аудармалар жақсы болып шығып жатыр
Armanjan
Өзгеге қарар бет қалмады
Болары болып, бояуы —

сіңген соң шөпке, амал не қалқам,
Бұзылды қыздың қамалы…
Соңғы түзету:
zholantai
Бұзылды қыздың қамалы…
Өлеңнің бар мәнін кетіріп,
Daniar-Alan
Бұзылды қыздың қамалы…
dark_nazgul
қамал бұзғыш қой енді
zholantai
Ешкімді
Жазғырмаймыз,

Өткенді
Қайтармаймыз

Таң
Бұрқыраған сабан,
Не істеп қойдық, біз

Таң
Бұрқыраған сабан,
Не істеп қойдық, біз
bizbike
Мә, мықты шығып жатыр енді. Қазылар алқасын жинау керек сияқты.
Daniar-Alan
жо жооқ Сіз шешесіз. Бұтақты келесіге беру керек
VKM
кілееең ақындар мен аудармашылар))))) браво!
Ispek92
Аударма сапалы болуы керек пе, тікелей аудара сала береміз бе?
bizbike
Әрине сапалы болуы керек.
Daniar-Alan
О құдай қандай еркек,
мен саған туып берем тентек типтес болса…
Ispek92
 Уооот, идея қайда жатыр
Armanjan
Жігіттер мен қыздар, мен бір ой қосайыншы, негізі Даниярдың бастамысы қызықты екен, сосын әлгі Фариза Оңғарсынованың бір орысша жазатын қазақтың өлеңдерін аударғанын оқып едім. Сонда байқағаным түпнұсқадағы негізгі айтылатын ой қалғанымен, ондағы қолданған сөздердің орнына аудармада мүлде басқа сөздер қолданылады екен. Яғни аудармашы түпнұсқадағы оқиғаны өз сөздері арқылы жеткізеді екен, осыны да ескере салсақ дегенім ғой
Соңғы түзету:
Ispek92
Сол ғой айтпағым, сөздерін өзгертіп, алайда мағынасы ұқсаса болды. Бізде көбінесе тікелей аудара салыппыз
bizbike
Барлық аудармашыларға тырысып баққандары үшін алғысымды білдіргім келеді. Эстафета кезегін салтанатсыз түрде zholantai ға бергім келеді, әсіресе екінші аудармасы сәтті шыққан.
Daniar-Alan
Эстафета кезегін
неге бұтақ емес
zholantai
өлең оқуды, жаттауды жек көретін zholantai — өлең іздеуге кетті,
zholantai
bizbike , «бұтақ» деп айқайлап айтып көрш,
torgai
Кінәлі емес ешкім де,
Болары болды, не шара?
Шаң болып шөпте қос пенде,
Не жаздық сонша масқара?
Шаң болмау керек пе еді әлде?
Шөптен бе екен? Масқара!))
Ispek92
 базар жоқ брат, аудармашы екенсің
bizbike
ақындығы да болып тұр ғой
Daniar-Alan
 лібә Торғай өрт
torgai
Шөпке өртті қоспа!))
dark_nazgul
Кінәлармыз кімді біз,
Өзгерте алмай болғанды.
Таңды шаң боп қарсы алдық,
Төсек қып құрғақ сабанды.
Не бүлдірдік, кім білер,
Не бүлдірдік деймін, нақ?
MamaAya
 лібәәәә! Назгүл мен сізге тұрамын ғой!!!
Daniar-Alan
Назгүл мен сізге тұрамын ғой
сенІҢкі бәріне тұрып жүр ма дедім ғүӘ
MamaAya
айтпа! үндемеш, құртасың!
torgai
Әсіресе соңғы екі жол өлеңді толықтай ашып тұр. Керемет!
Armanjan
Бұтақты Назгүлге Ұстату Керек.
MamaAya
Арманджон дұрыс айтат, жынды аударма ғой анау жесть! нақ емес наХ десе ваще
Armanjan
Әрине Назгүлге тұрмайтын адам бар ма, мен де қақиып тұрам
bizbike
Әйтеуір бірінен бірің асып жатырсыңдар, күшті!
torgai
Осымен ғұмыры бітті ме? Кезек кімде еді?
bizbike
Аудармашылар қауымдастығына шақырамын! Ой-пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар!
Gokha
Не жаздық біз мына өмірге,
Өткенді өзгертсек қой, шіркін-ай,
Таңда бір бұлыңғыр елес секілді,
Ес жидық көк шөпте, масқара-ай.
Бұлыңғыр елес секілді,
Ес жидық, масқара-ай.
satibaldi
Өмір-өзен ағып жатыр тоқтамай,
Кінәміз бен күнәмізге қарамай.
Ұятымызға ұяттымыз тек өзіміз;
Ал уақытқа — өкпеміз жоқ, қалқам-ай.

Бірақ лібә — жардық кеше азанда,
Біраз шаптық шығып алып сабанға.
Қақалып өтіп қапты шопан мен
Бір отар қой — біз көтерген тозаңнан.
Anar70
Ақындығым жоқ, сонда да…

О тоба! Жаратқан ием
Саған не жазып ем?
Сана, ми жұмыс істемей
Күнәға батырдың
Айтшы енді
Кім кінәлі?
Кім кінәлі? дегенді редакциялап жіберіңіздерші.
Boribay_Bekarys
Кінәмізді де білістік,
Өзгермесін де ұғыстық.
Мал жейтін шөпке дос болып,
Әңгімелесуге тырыстық…
Байқамай бірақ шаң-шаң боп,
Неге біз, неге тігістік? =))=))=))=))=))=))=))