Түнмен тілдесу

Блог - Asem-K: Түнмен тілдесу

Түнмен тілдесу
Бүгін міне тағы түнмен тілдестім,
Жұлдыз санап, айменен де үндестім.
Менің мына жүректегі дертімді,
Түннен басқа түсінбейді-ау өзге ешкім.


Айдын аппақ сәулесіне қадалып,
Шомып кеттім тұнық ойға қамалып.
Шыға алмай сол бір ойдың шегінен,
Сені жаным өтембе деп арман ғып.

Жұлдыздардың ең жарығын таңдадым,
«Сен» дедім мен солжұлдызды арманым.
Өшпесе егер сол жұлдыздың жарығы,
Менің мәңгі махаббатым болғаның.

Түн мені түсінеді сырласады,
Қиялым қанат болып қыр асады.
Ойда жоқта үміттің шегі үзілсе,
Сол күнгі түнім жүдеу, түн қараңғы.

Түн қараңғы бірақ атар таңы бар,
Жүректегі жан жарамда жазылар.
Менің тәтті арманыма айналған,
Сол бір адам мені бір күн сағынар.

Сен менің жүректегі иемсің,
Арманым-ау мен өзіңді сүйем шын,
Тағдыр бізді қоссын мейлі қоспасын,
Бақытыңа болам сенің тілекшің.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше