Дайрабайдың қызыл сиыры
Керекшілер көмек керек!
Бұдан бұрын пруфридермен дау болған бір екі сөз үшін. Сommitment деген сөзді біздің білгіштер ұстанымдылық деп аударыпты, солайымен кетіп жатыр барлық аудармаларда енді. Бұл сөздің баламасы ретінде ісжанды, жұмысжанды деген сөздерді ұсынғанмын, бірақ safety commitment-ке онша келіңкіремейді ол балама. Басқа қандай нұсқаларыңыз бар?
Тағы бір келіспеушілік орыстың согласование деген сөзіне байланысты. Түсіндірме сөздікке жүгінсек, ол келісім алу дегенді білдіреді. Бірақ тап сол реңкін қалдыру үшін қазақшаға "… бойынша келісімге келу/келісу/келісіп шешу" дұрысырақ сияқты. Қалай ойлайсыздар?

жалпы аса қатты терлемей ұра берсеңізші, қазақшасын бәрібір ешкім оқымайды, оқыса да басшылыққа орыс не ағылшын тіліндегі нұсқалары алынады.
commitment to — (-ға, -ге, -қа, -ке) берік ұстаным — приверженность к
приверженность делу — ісжанды, жұмысжанды
уақытын, жерін келісу деп негізі айтамыз ғой, сондықтан құжатты және т.б келісу деп жазуға болатын шығар, қандай ойларыңыз бар?
Commitment kobinese mindetteme dep audarylady, al committed to — jauaptylykpen karau. Ustanymdylyk, isjandy degender kelinkiremeidi
Al anau mamilege, kelisimge kelu ne kelisu