Болашақтың әлеуметтік желісі

Көп әйел алу туралы заңды бекітіп, оған баланс болуы үшін әйелдерге көп күйеуге тиюге рұқсат беру керек депті ғой, бүгін біреу. Олай болса, болашақта қазақ әлеуметтік желісі қандай болар екен?

Блог - dark_nazgul: Болашақтың әлеуметтік желісі

Сонымен, 2050 жыл, «OTBASY» әлеуметтік желісіне тіркелген пайдаланушының поштасына келетін хабарламалар.

Бәленше сізге достық ұсынады. Үш ортақ күйеуіңіз бар.

Бәленше деген күйеуіңіздің түгенше деген әйелі сіздің жазбаңызға пікір қалдырды.

Бәленше деген күйеуіңіздің түгенше деген әйелінің екінші күйеуінің төртінші әйелі сіздің суретіңізді ұнатты.

Үшінші әйеліңіздегі үшінші балаңыз бірінші әйеліңіздегі екінші балаңыздың жазбасына пікір қалдырды.

Сіздің екінші әйеліңіздің үшінші күйеуінің бірінші әйелі жаңа күйеу тапты. Ол күйеумен сізде бір ортақ әйел бар.

Екінші әйеліңіздің үшінші күйеуінің бірінші әйелі сауалнама жариялады: «Босандым, кімдікі деп ойлайсыңдар?» Өз нұсқаңызды қосыңыз.

Вы знаете Ивана? Он муж вашей жены в «Отбасы» ©

Екінші әйеліңіздің үшінші күйеуінің төртінші әйелдегі баласы мен үшінші әйеліңіздің бірінші күйеуінің екінші әйелінің үшінші күйеунің бірінші әйеліндегі баласы достасты.

Үшінші әйеліңіздегі үшінші балаңыз бірінші әйеліңіздегі екінші балаңыздың жазбасына пікір қалдырды.
Бөлісу:

77 пікір

MamaAya
 мәәәә, құдай сақтасын!!! оригинал күйеуіңе :-это, кім, не ғо,,,, деп атын есіңе түсіре алмайтын сияқтысың ғой онда....
Соңғы түзету:
temir1986
Көп әйел алуды түсінуге болады, атамзаманнан келе жатыр. Ал көп күйеуге тиюді ұсынған адамды неге теңерімді таба алмай отырмын.
MamaAya
трагедия жасамаш, қалжың ғой… а былай ойлап қарасаң, бірінші күйеуге тиіп кейін белгілі себептермен айырылысқан месе жоғалтқандар қайта тұрмысқа шығуына болады ғой… керек даже…
temir1986
Бір әйелдің бір уақытта бірнеше күйеуге шығуы — бұл трагедиядан да жаман ғой. Баяғы Шыңғысханның нақылындай оқиға болады да шығады. Кез келген әйел заты тұрмысқа шығуға құқылы. Бірақ күйеуімді ешкіммен бөліспеймін деп оған қарсы шығатын әйелдерді қайдан білейін, не күйеуі наша не әйелі өте долы болғаны дағы. Ажырасып, отырып қалған қыздар да жар қызығын көру керек шығар, некесіз бала туғаннан.
MamaAya
ия қазақтың қызының бір уақытта пәлен күйеуге тимейтіні-АНЫҚ қой! мында просто күлдіру мақсатында жазылған шығар…
temir1986
Бір депутат парламентте көтергенбе қалай осыны кешелі бүгін
MamaAya
мүмкін емес… олар әншейін «звпездят…
Соңғы түзету:
temir1986
Нұр кз — тен көрдім осыны
dark_nazgul
қанша әйелің бар?
temir1986
Әзірге біреу.
dark_nazgul
төртеуге жеткізген кезде айтарсың анау
Бірақ күйеуімді ешкіммен бөліспеймін деп оған қарсы шығатын әйелдерді қайдан білейін, не күйеуі наша не әйелі өте долы болғаны дағы.
дегенді, жарай ма?
temir1986
 тап осылай айтатыныңды біліп едім.
Ereimen
Бұл бір адамды жынды қылатын әңгіме екен.
мен бір жесір әйелді алған едім, оның бір қызы бар еді.
әкем әйелімнің қызын көріп оны аламын деп күшеп алып алды. сонымен әкем қызымның күйеуі болды. мен болсам әкемнің қайын атасы болып қалдым. әйелім бір бала туды, бұл бала әкемнің немересі еді. ал қазыр менің балам әкемнің әйелінің бауыры болды.
әкемнің әйелі бір бала туғаннан кейін ол бала менің інім болуы керек еді, қазыр менің немерем болып қалды, үйткені ол менің әйелімнің немересі ғой.
әйелім інімнің апасы болғаннан кейін (әкесінен туған бала) меніңде апам болып қалды, мен әйелімнің немересі болып қалдым.
сонымен мен әйелімнің күйеуі әрі немересі болып қалдым.
әйелім інімнің апасы болғаннан кейін мен інімнің атасы болып қалдым.
сондай ақ ақыры мен өзімнің өзім атам әрі немерем болдым.
Соңғы түзету:
MamaAya
короче, менің күйеуім егер басқа қатын ала қалса, мен де бірақ қарап отырмас едім деп ойлаймын. Неге әйелдер қайғыдан қан жұтып, тірідей айрылып отырыу керек те байлары білгенін істеуі керек? Тиіп кетпесем де постоянныйға біреуді табар едім, кажется, бірақ құдай сақтасын, жаман айтпай жақсы жоқ деген ғой…
Жалпы дайын жүру керек қой деймін,,, байқап қалсаң ауыр тимейтіндей,,,, и кандидаттар да болу керек пе? оларға сездірмей түртіп қою керек пееее? в любом случае олай бола қалса мен кешірмейтін сияқтымын, кек те алатын сияқтымын…
Соңғы түзету:
Daniar-Alan
Анау арабтың шейхі бар ғой, 600 баласы бар. Очм, айтқым келіп отырғаны, еркек сонша бала туғызуға денсаулығы жетеді. Ал әйелдер күнде біреуін туа бермейді ғой  менің ойымша 4 әйел әділдік
MamaAya
қойыңдаршыыы. неге 1 әйел емес?
Daniar-Alan
еркектер альфа, бета и тағы біреуі бар очм үшке бөлінеді. Альфа сомэц моногамды, бэта да жартылай. Үшіншісі ғана полигамды. Қазақтардың арасында альфа һәм бэта самэцтер көптеп саналады  бұл табиғат, сәбби  біз кінәлі емеспіз
dark_nazgul
Омега? Сигма? Нью? Мью? Икс? Игрек?
MamaAya
жарайды алыңдарш үйіп төгіп, тойға шақырыңдар бірақ,,,, кандидат қылам ба десем сені...
dark_nazgul
не ғой, кейде жай самецтің жалғыз қатыны болғаннан альфа самецтің үшінші тоқалы болған артық кездер болады.
dark_nazgul
сол альфа самецті табу ғой, дүниенің азабы. Альфа ма деп, жақындай берсең, игрек болып шығады…
Daniar-Alan
зоопсихология һәм инстинкт көмектеседі  Олар — арыстан сияқты, аң ауламайды  наглый, өзіне не керегін білетін  ең таңдаулыларды ғана таңдайды
dark_nazgul
аха, аң ауламайды, ең таңдаулыларды таңдап, соларға аң аулатқызып қойып қарап жатады
Daniar-Alan
уот! Олардың тірлігі тек альфалық  сондықтан, біржақты ғана ойламау керек
Blogshy
дәл айттың, жақсы, достойный еркектен әйел айырылмайды не айтса да көнед
temir1986
 егер құдай аманшылығын берсе 4-5 жылдан кейіе қайта соғатын әңгіме екен.
temir1986
Сол кезде Назгүл ханымға сіздікі не жөн не теріс деп жауап берем
dark_nazgul
әркімдікі өзіне жөн, өзгеге теріс…

Не ғой, маған бірдеме дәлелдеу үшін қатын алмай-ақ қойшы
MamaAya
менікі самецтің қай түрі екен и? Екінші әйел туралы айтсаң,,, значит, сен менен құтылғың келет, не нужен я тебе такой,,, сол кезде спокойно сен бірінші нашел себе другую, и мне пришлось найти себе другого дегің келет дееееп қуып кетеді ғой… и ештеме пока сездірмед… бірақ, бәрібір соңғы кездері, точнее керекке келгелі бері қатты күмәндану деген вирус жұқты...
007
егер әйелдің бірнеше күйеуі болса түске дейін сен, түстен кейін сен, кешке ол деп расписания жасап қоятын шығар ә
dark_nazgul
олардың әрқайсысының бірнеше әйелі бар екенін ескерсек, кезек айналып келем дегенше, бір-Бірін сағынып үлгереді
007
онда жұмыс істемей жату керек болып қалатын шығар, еркектер кезек-кезек әйелдеріне барып,әйелдер кезегімен келетін күйеулерін күтіп.....
Daniar-Alan
прикинь жұмыс сол болса  үкімет сол үшін айлыұ төлесе
Daniar-Alan
стаж көбейген сайын 1 әйел/еркек қосылып отырса
MamaAya
Ешкім пенсияға шыққысы келмейт дей ма?
Daniar-Alan
Патамуштаны сүйетін шығарӘ ол кезде  прикинь, пенсияға шыққанда әйел/күйеу/ бала бәрі үкіметке қайтатын болса
MamaAya
 негізі халық демографиясын күрт көтерудің дұрыс жолы ма дейм?!-деп жатыр менің азғын қиялым...
Daniar-Alan
менің азғын қиялым.
сенің азғын қиялыңа жәй көперкектік деген сөз жағып кеткен шығар
MamaAya
возможно, көпбалалы жат ұғым ет...
mercedes
Негізі бір әйел аз еркекке. Құранда Құдай тегіннен-тегін 4 әйелге дейін рұқсат бермеген ғо
dark_nazgul
негізі, шындаса, еркекке төрт әйел де аз.
VKM
біреуін асырап алшы
kariim
Мынау жақсы пікір болған екен.
dark_nazgul
оң жамбасыңызға келіп, майдай жағып кетті ме, молдеке?
MamaAya
буынсыз жерге ұрылғандай әсер еткен ау, сірә?!
(Е мое, әдеби тіркестермен сөйлейтін болатыным үшін таңмын… )
dark_nazgul
молдекеңнің сырын білмеуші ме едің?
MamaAya
жақында пікірлесе бастадық былай… әлі қанық емеспін… зерттеуді қажет ете ме қайдам?
dark_nazgul
қажет етеді. Уникум құбылыс.
MamaAya
жақында біреусін зерттеп, қорғап алайын, сосын қолға аламын…
kariim
Осындай мама бұрын жоқ еді ғой, Бір құбылыс бұл да
dark_nazgul
бір-біріңді зерттеп кетпесеңдер бопты да
MamaAya
зерттесеңізші...
kariim
Күн сайын өзгеріп жатқан дүние-ай десейші. Біраз уақыт кірмей кетсең бала-шағасын шұбыртып небір Мамалар бел шешіп кірісіп жаты. Бұл заман не боп барады өзі?
MamaAya
ия, молдекеңдер де ұятсыз анекдотты обсуждать еткен заман ғой енді!
kariim
әй, мүлт жібермейсіңдер ғой сендер де )))
dark_nazgul
бел шешіп кірісіп жатыр…
MamaAya
носкиге жеткенде есікте звонок дей ма?
kariim
Сол жақ жамбасқа да келе беретін темалар ғой шіркін )))
MamaAya
kariim
Сізді көбіне "үлкендер әңгімесінен" табуға болатын сияқты ))) Бұрын байқамаппын осында сіздей белсенді жан бар екенін.
MamaAya
ол кезде практика жинап жүргем ғой, бір жыл бұрын мұншалықты білгір маман болмас па едім?!
Ispek92
тіркелгеніңізге 1 жыл бола қоймаса да
бір жыл бұрын мұншалықты білгір маман болмас па едім?!
деп ауыздан авария бопсыз, біздікі сол баяғы күдік тә
MamaAya
күмәндар уже шаршатты,,,, не ойласаңдар да өздерің біліңдерш!
Rafaello
Елестетіп көрдім. Ммм, күшті…

Бұрын бұл жазбаны қалай көрмегенмін?
ken
Екінші әйеліңіздің үшінші күйеуінің төртінші әйелдегі баласы мен үшінші әйеліңіздің бірінші күйеуінің екінші әйелінің үшінші күйеунің бірінші әйеліндегі баласы достасты.
сосын екеуі бір-біріне үйленді, бірншісі екіншісіне — үшінші жұбайы болса, екіншісі біріншісіне — төртіншісі жұбайы болып.