Құс қанат менің ғұмырым қанатын тағы бір қақты... (есеппост)

Тағы бір жылды артқа тастадық. Өмірімнің тағы бір парағы жазылды…
2013 мені қалай күтіп алып, қалай шығарып салып жатыр, есеп бере кетейінші мен де…

Отбасы
Әкемнің орыны ойсырап қалған жыл… Тамағыма тіреліп тұратын өксік аралас сағынышымды ешкімге көрсетпеуге үйреткен жыл. Әкемнің «Эпошым, Поным» деп еркелеткенін есітпей өттім бұл жылы.
Анама Астананы көрсеттім. Денсаулығы ұзақ жолға жарамай ма деп қорқушы еді. Әкем көре алмай кеткен әдемі қаланы көрді. Ендігі жыл Меккеге жіберуге мүмкіндік берсе екен…
Аға-жеңге, іні-сіңілі, ботақандарымның әрбір жетістігі үшін қуанумен болдым, болам да.

Қызмет
Бір саладан екінші салаға ауыстым. "Өсер бала Астанаға қарай жүгіреді" © деп, Астанаға келдім. Білмейтін көп дүниені үйрендім, білгендерімді пайдаға асырдым. Бәрінен бұрын қызмет ұсынған адамның үміті мен сенімін ақтауға барынша тырысқаным есте қалды. Жаман нәтиже болған жоқ деген сенімдемін, басшылықтың тарапынан жылы лебіздерді естіп жүрмін. Карьера жолында болашаққа нық басатын қадамдарымның бағыты айқындалды.

Денсаулық
Астанаға ауысарда суығынан қорыққанмын. Сынған сүйектерімді сырқыратып, жылы жаққа қайтарып жібермес пе екен деген қорқыныш болған. Жоқ. Қайта бұрынғы күйімнен жақсара түстім, денім де, тәнім де, жаным да сауықты

Достар
Өмірімде маған тек жақсы адамдар жолығады, достық ниетке дайын еместері өздері кетіп қалады. Дос жағынан еш жамандық та, сатқындық та көрмеппін, шүкір. Менің қазір Қазнетте алар орным болса, оған жеткізген — достарым. Бәрін де жақсы көрем

Саяхат
Биыл еңбек демалысы болмады. Есесіне, іссапарға шықтым. Жасыбайды көрдім алғаш рет. Бурабайға бардық, Шымкентке бардық, Алматыға бардық. Енді Астаналық болған соң  Алматыға қонақ боп қалдық)). Шетелге шыққым келген, тіпті, жоспары құрылып, уақыты белгіленіп қойған жерден болмай қалды. Ендігі жылға бұйырып тұрған шығар.

Жеке өмір
Құпия

Жаңалық
Астанаға көштім. Көөөп, өте көп жандармен таныстым. Хинкали пісіруді үйрендім. Шашымды қысқартып тастадым. Айқаракөзім Қазнетдодада 2 орын алды. Ощм жақсы жаңалықтарға толы болды

Жылан — менің жылым. Жемісті жыл болды. Келер жылдан күтерім көп. Биыл жіберген қателіктерді түзеп, мүлде қайталамауға тырыспақпын.

Жаңа жыл құтты болсын! Өзіңізді жақсы көріңіз, сонда әлем сізді сүйетін болады
Блог - aikarakoz: Құс қанат менің ғұмырым қанатын тағы бір қақты... (есеппост)
Бөлісу:

30 пікір

Ispek92
ООО, ұстаз. Жаңа жылыңызбен, келер жыл жемісті болсын
aikarakoz
Ой, айналайын, айтқаның келсін!
araika
handmade бұл жылдың еншісіндегі жаңалық емес-ау? Бірақ, күшті алып кеттің
aikarakoz
Ой, оны жасап жүргеніме біраз боп қалды. Тек биыл жарнамасы көп болды
AKA
 Жақсы жаңалықтар көп болғай! Берекелі жыл тілеймін.
aikarakoz
Айтқаның келсін, алтын қыз! Өзіңе де тамаша жаңалықтарын ала келсін Жаңа жыл!
KONILDI
Махаббат туралы ештеңе демейсің бе?
Meyirim
Сіздің позитивті жазбаларыңызды сағынып қалыппын. Күшті!
Kipshakkyzy
Келесі жыл жақсылыққа толы жыл болсын! Хэнд мейдті өлтірдің осы жылы!  Мен барам дегенше ағашы өсіп, ызғары кететін шығар.
aikarakoz
Дауай, тез кел)) Өзіміз жылытып аламыз Астананы
Daniar-Alan
тақырып өрт  Сержанағаның «ықпалы» көрініп тұр
aikarakoz
 Тебіреніп жазған нәрсеңді осылай тепкілеп тастайстар енді
Armanjan
Қаракөз сұлу, Жылқы жылы берекелі де мерекелі жыл болсын!
Соңғы түзету:
MamaAya
Эльвира, сіздің жылдық есеппостыңызды оқып, мен өзімнің соншалықты әлсіз жан екенімді мойындауыма тура келді. Тәуекел түбі жел қайық!-деп ешкімге нәсіп етіле бермейтін тәуекелшілдігіңізге құрмет! Әкеңіздің арты қайырлы болсын, алды-пейіш, арты-кеніш болсын! Анаңыз әлі ұзақ жасасын, сіздің тойыңызда бас құдағы болып, 4 ұлдың артынан ерген жалғыз ерке маралының рахатын көрсін, өсіп-өнгеніңізге куә болсын, артын-артын туыла берген кішкентайларыңызды қырқынан шығарам деп шаршасын! Дұшпандарыңыз-ары қарай тұз жалай берсін, достарыңыз-ары қарай сіздің қуаныштарыңызға ортақ бола берсін!!! Респект!
aikarakoz
Ух ты! Мені әбден зерттеген екенсіз ғой  Айтқаныңыз келсін, рахмет! Сіздің де балапандарыңыз көөөөп болсын! Табысты, шабысты болыңыз
MamaAya
мдаааа, мен ерекшелерді, әдемілерді, лидерлерді зерттегенді ұнатам… (Өзім сондай болғасын бааа? қалжыыыың!)
Рахмет, енді 1 қыз болса керемет боп кетер ед? !
asaubota
басынан бастап таң қалып келемін көп нәрсе білетініңе
MamaAya
 бір постыңды оқып едім, жасаған қорытындың дұрыс емес екенін мойындайсың ба? Қазақ қыздарынаң орташа есеппен дей мааааа? іздеуге уақыт аз боп тұрғаныы....
Қазақ қыздары бәрін біледі, просто ерлерін ақылды сезіндіргісі кеп өтірік ақымақтанамыз дә!
MERmukhanov
Жылан жылғы құрдас!
Щастья тебе!
Соңғы түзету:
edige
Өзің де, жан дүниең де керім қызсың… есебіңе рахмет…
Алматыға сатқынсын бірақ
NurbaiShakim-Bai
Айналайын атыңнан Айқаракөз!
Арнапсың ғой сен біздерге жылы лебіз
Ғажаптығын біліп мен қалайша енді
Қоя қояам салайын қолқа егіз…
Ағам бар өзіңізге жар болатын…
Дайын оның қалың малы...өзі ақын…
Екінші қолқам менің өзіңізге
Қыдырып бармақшы едім — Елордаға
Үйіңіз барма екен өзіңізде
Кіргізе аласыз ба… бірер күнге ей, ей, бірер күнге әй, әгигагім ай, әгигагім ей…

Деген сияқты сұрақ…
Ispek92
Қоя қояам
 Жаңадан сөз ойлап тапты, неологизміңдісссс