Эстафета: 2013 жыл қалай өтті...

31 желтоқсан. Орал. Ата-ене. Екі келін. Екі қыз. Үлкен үй. Дастархан. Жылан салаты. Блог - bizbike: Эстафета: 2013 жыл қалай өтті...
Жылы сөздер, тілектер. Теледидар. Ұйқы.
Қаңтар. Балапаным беске толды. Тайпақ. Той.
Ақпан. Жазғы демалысты жоспарлау. Қонақүйден бөлме, билет алу.
Наурыз. Көрісу. Жыл басы. Туған күн.
Сәуір. Жұ байым қасымызда болу үшін бұрынғы жұмысынан шығып, жаңа жұмысқа орналасты. Ол ойдағыдай болмай шықты.
Мамыр. Жазғы демалыс. Мәскеу. Стамбул. Алания.
Маусым. Фотосуретшіден дәріс. Ауыл. Демалыс. Жұмыс.
Шілде. Рамазан. Ораза. Жұ байыма сынақтан өтпеді деген қағаз берді жұмысында, шығып кетті. Уайым. Ұрыс. Үміт. Алдандыру. Сендіру. Жігерлендіру. Айдың аяғында ботамды нағашыларына апарып тастадым. Сағыныш.
Тамыз. Туған күн. Сыйлық. Жұ байым әйтеуір жұмыс тапты. Ондай жалақы бұрын түсіне де кірмейтін еді.
Қыркүйек. Жұ байым жаңа жұмысқа кетті. Жылқы. Нөлінші класс. Атырау. Сынақ.
Қазан. Атырау. Сұхбат. Орал. Құрбан айт. Тума-туыс. Қуаныш.
Қараша. Дүниеге келген күн. Қоштасу кеші. Жүрегімнің алғаш ұстазымен танысу. Қуаныш. Күйеуіммен өзіме сыйлық таңдау. Қуаныш. Мақтаныш. Атырау. Жаңа қызмет.
Желтоқсан. Ақтөбе. АХАТ. ХҚО. Ырылдасу. Топастық. Базар. Қуаныш. Атырау. Сыйлық. Жол. Орал.
Бөлісу:

34 пікір

AKA
Жазғы демалыстағы сапарыңыз қызықты болды. Сәтті күндер көп болғай!
asaubota
әдемі есеп! сенен негізі жақсы блогшы шығады.
bizbike
Gastarbaiter кеңестерін қолданып дегендей…
araika
Атаулы сөйлемдерге толы пост
MamaAya
Соңғы түзету:
Daniar-Alan
Мықты. Кілттік сөздер. Ұнады.
Dzhonsaken
Қыркүйек. Жұ байым жаңа жұмысқа кетті. Жылқы. Нөлінші класс. Атырау. Сынақ.
осы жерін толығырақ жазып жіберсеңіз.
bizbike
Құрттай кезімде жылқы мінгенмін ауылда, онда ондай қиын көрінбеген. Сосын күзде Ақтөбеге барғанда арнайы «Тау» (бұл туралы осы жерден білдім) демалыс орнына барып, жылқы мініп едім, ішек-қарнымды түсіре жаздады, сол есімде қалды. Бірінші рет мінгендей болдым.
Blogshy
Жылқы мініп деген қызық естіледі екен, біздер атқа мініп деп айта береміз жынысына қарамай. Жаңа жыл құтты болсын!
Dzhonsaken
Жылқы мініп деген қызық естіледі екен, біздер атқа мініп деп айта береміз жынысына қарамай. Жаңа жыл құтты болсын!
Атқа мініп дегенің дұрыс Blogshy . Бірақ жылқы деген атау жынысты білдірмейді. bizbike -нің «жылқы мінгенмін» дегенін, «атқа мініп» деп түзетсе бұдан былай жөн болып кетер…
bizbike
Атқа міндім иә.
Соңғы түзету:
ereke_enu1
Сіз үшін қуаныштымын. Нағыз өмірді жазыпсыз.
AKA
Жұ байым
… деп неге бөліп жазасыз, жәй қызық та? Сатыбалды ағайдың кей сөздерді бөліп жазуынан «жұққан» ба?
aikarakoz
Биыл аттікін бейнелеңізші. Салатты айтам))) Аттың басын жасаңызшы)))
bizbike
Ммм, ол қиындау болар. Былтыр қонақ күттік, биыл өзіміз қонақ боламыз.
MamaAya
басы не обязательно, оңайлау жерін бейнелесеңіз де бола берет, десен ия?
bizbike
Қой дейм
MamaAya
негізі басқа жаман ой бірінші келеді ия?
Ispek92
У нәс эті нәзібайытся азғын қиял
MamaAya
ия, біз оның ажырамас бөлігіміз!
bizbike
Аттыкіндей деген пост  есіме түсе береді
MamaAya
кеше ондай тілектердің ата-бабасын естідік қой че то, азғын қиялымыз еселене түсті ме қайдам? ат жылында анау-мынау…
ken
тағаны салған оңай болад
MamaAya
Кен- сенің басың қатты істейтін бас!  сен төреші ме, біріктіруші ме, общым ұрыссыз гладко мәселені шешушісің!
Adiletshu
Әлі де еркектерді жек көрсіз бе?
bizbike
 Мені не сонша жексұрын көресіңдер ме?
Соңғы түзету:
Adiletshu
Пікірлеріңізден сондай ой қалыптасады екен. Без обид
bizbike
Мен мігіттер мен меркектер туралы пікір жазсам бар еркекті жек көремін деген сөз емес қой. Бес саусақ бірдей емес.
MamaAya
ЁЁЁЁ; мына сөзді Даналардан шыққан сөздердің қатарына жатқызуға болады!
Anar70
ең қиын да ауыр ай- желтоқсан айы болды…
-