Эстафета: 2013 қалай өтті...
Тура 31 желтоқсан. Кеше ғана кенжетай екеуміз ауруханадан шығып келгенбіз. Ол оң қолын қайнақ суға күйдіріп алып, төрт күн жаттық қой, көзіміз бозарып, Ақыры, дәрігерлерге жалынғанына жалынып, ұрысқанымен ұрсысып жүріп, отызында үйге келіп алдық. Отыз бірінде перевязкаға барып келдік. Түс шамасы болған. Үлкен екеу далаға шығамыз деп, солардың бас киімін, қолғабын кигізіп, абыр-сабыр болып жатыр едім, бір кезде даланың шуы естілді. Жетінші қабат, стеклопакет, звукоизоляция, терезе ашылмаса, шу естілетін жөні жоқ. Сөйтсем, кенжетай терезенің алдына шығып алған, терезені ашып алған, басын қылтитып шығарып отыр… Бөлмені бір-ақ аттап қасына бардым. Баланы терезеден түсіріп үлгердім, сол сәт көзім қарауытып, құлағым шыңылдады. Давление…
Кешке таман жүрек жұбатар қоңырау соғылды, сол демеу болды ма, орнымнан тұрдым. Терезеден телміріп петарда қарап, он екі жарымда жатып қалдық. Алдын ала алып қойған торт желінбеді, оливье жасалмады сол жолы…
Осылай басталған жыл шынымен қиын болды.
Қаңтардың төртінде орны толмас ауыр қазаға ұшырадық. Ағамның жетісін беріп болған күннің ертесі жиен ағамнан тағы айрылдық. Сөйтіп, жылап болғанша, ақпан да өтіп, көктем де жетті.
Ол арада, қаңтардың жиырма екісінде Астанаға жол түсті. "Қазақ сайттары редакторларының конференциясы" болды. Жұмыстан бір күнге әрең босатты, барып келдім. Есесіне, Нұрбергенмен таныстым.
Наурыз туа, БлогҚұрылтай жыры басталды. Бір ай бұрын дайындалдық қой. Наурыз күні Шымкентте армансыз қыдырып, Таразда машинаның астына түсіп, бір өлімнен аман қалдым.
Мамырда қызым музыка мектебіне емтихан тапсырып, конкурстан өтті. Әттеген-айы — өзі қалаған аспабына алмады, тоқпағымыз өзгелердікінен мықты болмай қалды.
Жаз бойы Домбыра Пати өткіздік. Астанадағыдай дүркіремесе де, өзімізге лайық стиліміз бар, көшке ілесе алатынымызды көрсеттік.
Тамызда жұмыс ауыстырдым. Отыз пайыз бекер болды-ау деп ойлаймын, Қыркүйекте жаңа жұмыстан да шығып кеттім. Кінәлі — сол баяғы «менікі жөн, бас имеймін» деген тәкаппарлық, Менікі де, замглавредтікі де. Ол да дұрыс шығар, әйтпесе, байғұс балам әлі күнге дейін осылай ұйықтап жүрер еді:
Содан бері, құдайға шүкір, жұмыссызбыз. Сонда да, форум, семинар, конференциялардан қалмаймыз.
Жыл соңында тағы да ауырдым, бар ауруым осы жылмен кетсін деп тілеп отырмын.
Айтпақшы, бұл жылдың ең үлкен жетістігі — мен дос таптым. Гүлфайрус Уәлиахмет деген Оралдың сұлу қызы бар. Жылан жылы танысқан, табысқан достығымыз ұзақ жылға созылсын, бәбічо.
А так, бәрі болды ғой бұл жылы. Ұрсысу, қырқысу, айрылысу, қайта табысу, арықтау, семіру, торығу, қамығу, қуану, шаттану, ренжу, жылау, ұят тірлік, ұят емес тірлік, аздап өтірік айту, өзгенің өтірігін ашу, алдау, алдану, біреуге көмектесу, біреуден көмек көру, қарыз алу, қарыз беру, ақша шашу, ақшадан қысылу… Және бұлар жылдан жылға қайталана береді. Өмірдің өзі бұлар.
Қай жыл өтпесін, қай жыл келмесін, кеткен жылда қимасымыз қалады, келер жылда жақсылықтан үміттіміз. Үмітіміз әмісе үзілмесін!
Бас аман болсыншы, басқасы шаш сияқты, өзінен өзі өсе береді!

осы жерге сәйкес келетін сөз еш таба алмай отырм, қармамасын деген не то боп тұр...), күндей күлген көзіңізден жаңбыр тамшылары тек қуанғаннан тамшылайтын болсын деп тілеймін! Алдағы жыл тек қуаныштарға, жақсылықтарға толы болсын!!!Иә, Блогкемпте тау сапарына апарар өз маршрутымыз болды және фотодағы адамдармен бірге болғаныма өте қуаныштымын.
Жаңа жыл бәрімізге жақсылық әкелсін!
Жоғарыдан санағанда екінші фотода гопник қыздың қасында
Ұзынсыз ба, әншейін тасқа шығып алғансыз ба?
Қанатың қайырылмасын. Өмірге деген құлшынысың азаймасын.
Ең бастысы, қолдау болар ата-ана, бауырларың, қозыларың аман болсын. Әйтпесе, басқа нелер келіп, нелер кетпейді?!
Жаңа 2014 жыл құтты болсын!
(негізі осы төртеу және Abilakim тауға шықпай әңгіме соғып, лагерьде қалғандар еді)
жаңа жылыңыз тәтті жаңалықтарға толы болсын, Назгүл!!!
Алла амандық берсе, жоспар көп.
Майл.рудың гороскптары арыстандар семья құрады депті. Бірақ, майл.рудың гороскоптары мені үйлендіріп жатқанына уже үш жыл
Есепшотымды тексеріп едім, былтырғыдан тура екі есе артық болыпты ақшам))))) тойыс, оның алдында бір жарым жыл жинағаным мен биыл бір жыл жинағаным бірдей болыпты. Екі түрлі жұмыстың шеті қылтиып тұр! Балалар тоқсанын беске жапты, қызым арнайы аспабы бойынша емтиханды беске тапсырды!!!
Тек, кредитімді жауып үлгермедім және он кило тастаймын деген уәдемді орындамадым
Ең бастысы, ең бастысы… биыл да…
Жаңа жылдарыңмен, достар!