Сіздің жаңа жылға көзқарасыңыз?

Блог - Ereimen: Сіздің жаңа жылға көзқарасыңыз?Қайырлы күн керекшілер!!! көп болды блог жазбағалы, бүгін өзекті тақырыптардың бірі жаңа жыл туралы керекшілердің ойын білігім келіп отыр.
Қоғам болып қосылып, ел болып бірігіп тәуелсіздік тойлауы аяқталысымен қоғам пікірі екіге жарылады. тойлайтындар немесе бар білгенін айтып жаңа жылды таттаушылар ал сіз қай жағындасыз.
жалпы ғаламторды ашып қалсаңыз тілек іздеп шапқылағандармен тойлау дұрыс па деген сұрақ қойғандар толып жатыр.
сонымен
тойламайын деушілердің пікірі мынау.
]1. Мұсылмандарға жат мереке. яғни христан мерекесі деп санайды. ұстанымдары: Құрлысшымын десең құрлыстан, инжинермін десең техникадан, зергермін десең зергерліктен қысқаша айтқанда қандай кәсіппен айналыссаңыз да сол мамандықты жете меңгеру шарт болғандай, өзімізді мұсылманмын десек сол атқа лайықты әрекетті жасау біздің басты міндетіміз. Мұсылман болып Аллаһқа мойынсұнған соң Аллаһ сүймейтін нәрселерден бойымызды аулақ ұстауымыз тиіс
2. мен қажетімді стакан көтеріп Жаңа жылдан емес, Жаратушыдан сұраймын деушілер, ұстанымдары: арақ пен шараптың мерекесі.күнәлі істердің көбі жасалар мереке деп санайды, артық шығын, бей берекет қылмыс осы мерекеде жасалады. тәбиғатқа деген қатігездіктің көкесі де осы мереде болады. Наурызда жайқалтып егетін шыршаны ЖЖ да жайартып саламыз.
3. Салт дәстүрге берік жандар. ұстанымдары: Қазақ қай атасынан жаңа жыл тойлады. әрине кеңес үкіметі орнағаннан бері. сондықтан керегі шамалы деп санатйындар.
жаңа жылды тойлайтыдар ұғымы:
1. Мереке ретінде санайтындар. демалысқа жақсы сылтау. достармен бас қосады, ішеді, жейді, тояды.көңіл көтереді
2. Дүрмекке ілесетіндер. мен одан кемін бе дейтіндер немесе басқаларда тойлап жатыр ғой дейтіндер
3. Діни мереке ретінде санайтындар
мен өз пікірімді кейінірек жаза жатармын.">
Бөлісу:

53 пікір

007
Жаңа жыл ресми түрде христиандардың мейрамы емес. Дүние жүзі осы күнді жаңа жыл ретінде ғана атап өтеді, шіркеуге барып шоқынбайды, кәпірлердің басқада жөн жоралғысын орындапта жатқан ешкім жоқ, жалып халықаралық негізде күнтізбе бойынша 31-ші желтоқсан жылдың соңғы күні де 1ші қаңтар жылдың 1ші күні екені бәрімізге аян. Сол үшін жаңа жылды осы уақытта тойламағанда басқа қай уақытта тойлаймыз. Ал наурыз жыл басы десек ол әр халықтың өз салт-дәстүріне сай нәрсе ондай барлық халықта бар. Ал,ішімдік мәселесіне келетін болсақ жаңа жылда стақан көтеріп тілек тіле деген қатып қалған қағида жоқ әр адам қалай өткізседе өз еркі. Жаңа жыл мұсылмандардың мейрамы емес деген менің ойымша дүмше діни фанатсымақтардың пікірі. Егерде мұсылмандарға жаңа жыл тойламау керек болса неге бас мүфти қазақстан халқын жаңа жылмен құттықтайды твдан? осы тұрғыдан -ақ ойлануымызға болады. Бізге діни тұрғыдан бұл мейрам жат дегендерге айтарым Қазақстан мұсылман мемлекеті емес Қазақстан көп дінді мемлекет сондықтанда типі біз мұсылманбыз деп жүргендер өздеріне көп алмасын.
Adiletshu
Үтір қою деген әңгіме жоқ екен ғой сенде
007
мектепте қазақ тілінен тыныс белгілері тақырыбын өткен кезде сабаққа бармай қалғам
MamaAya
Мен тек нүкте қоям деш, Марат!
bake
ойымыздың түбі бір…
bake
Қазақстан елінің ұстанымы бір текті емес. Жаңа жылды тойлатса, тойлатсын. Жаңа жыл мейрам деп табатындар да бар. Қазақстан үкіметі мұсылманның құрбан айт мейрамында да, провославтың мейрамында да демалыс күндерін бекітті. Түрік әлемінің мейрамы Наурызды тойлаймыз. Қандай мейрам болсын, халық ақшасына жүреді, халық ақшасын шашу мүлдем басқа әңгіме. Ұстанымына мейрамның қайсысы жақын, соны тойлатсын, қалғандарына жай демалыс күні деп қабылдасын. «Совет тұсында туылғандар» деген ұғым бар. Мектептегі, ауыл клубтарындағы той-домалақты ұмытпаған жандар көп. Қазір болсын, осыдан 10 жылдан кейін бір жақты «аталсын» немесе «аталмасын» деген бос сөз. Оданша жастарымызға «несі ақ», «несі қара» екенін үйретейік, саясатты араластырмай. Үкіметті жамандағаннан жастардың өздері жақсы болатынына кім кепіл. Жамандап жақсыны жасамайды. Оданша саралап, саралай білуге үйретсек, сол жақсы.
007
өте дұрыс айтасыз
MickThatsMyNick
Саяси аренадағы Түркменстан елі сияқты нейтралмын осы сұрақта, әзірге.)
Adiletshu
Жауымнан қорықпаймын, азар болса атар. Досымнан қорықпаймын, азар болса сатар. Дүниеде бейтараптылықтан қорқам, ары қарай ұмытып қалдым. Деген екен бір шешен
Aldeken
Джон Кеннеди деген шешеңн, ол...
дүниеде немқұрайдылықтан қорқам, себебі өлтіру де, сатқындық та, осы немқұрайдылардың үнсіз келісімімен болады. деп аяқталад…
Соңғы түзету:
Olzhass
Жаңа жыл діни сипаттан айрылғалы бірталай заман болып қалды ғой. Қазір жұрт жаңа жылды негізі үмітпен тойлайды. Көңіл күй алданып, келер жылдан жақсылық күтеді. Ал енді ішу, күнә жасау ол әр адамның санасына байланысты. Ішкің келмесе дастарханға арақ-шарап қойма.
bizbike
Христиандардың жаңа жылдар күзде ғой тіпті
Olzhass
күздің қай күні?
bizbike
14 қыркүйек, еврейлердікі де сол
MamaAya
жаңа жыл, керек мейрам ғой, оны қалай тойлау әркімнің жеке шаруасы. Мысалы, бақшаға баратын әр бала үшін-Аяз ата мен оның якобы әкеп беретін подаркасы-олар үшін ештемемен айырбастағысыздай қымбат. Сол күнді жыл бойы күтеді! Жылдан жылға жаңа жылға аман-есен жете берейік! Басымыз да, жасымыз да көбейе берсін!
Бірақ жақында менің балам ағам баласына былай айтып жатқанын естідім: — Ай, дед мороз деген подарка әкелмейді, еще олар платный, пап-мамалар оларға ақша береді и олар келіп, пап-мама бізге ап қойған подарканы типа өзі әкелгендей ұялмай бізге береді!-дейді… Әкесіне неге қанша жинап жатқанымызды естіп, түсінген ғой…
Anar70
өзіміз скромно қарсы аламыз, ет асып дегендей)))
MamaAya
біз жаңа күйеуімнің бөлімінде істейтін 10-шақты адам қалада 1 балалар ойын алаңында мықты шырша тойын жасауды ұйымдастырған ғой, барып бағана ғана келдік,,,, Аяз ата, ақша қыз, рапунцеь, өгей анасы, жылан, жылқы театрдан келіп мықты сценарий болды, балалардан бұрын өзім риза боп қайттым ау дейм… а 31-не ата-ененің үйінде боламыз, үлкен үй ғой…
007
біз жаңа күйеуімнің бөлімінде істейтін

жаңа күйеуімнің
MamaAya
 ойбай не боп кеткен? Күйеуімнің отделындағы қызметтестер ғой )))))))
burkitshi
Қазақстан мұсылман мемлекеті емес Қазақстан көп дінді мемлекет сондықтанда типі біз мұсылманбыз деп жүргендер өздеріне көп алмасын.
тегі бір өзге дін өкіліндей сөйледің ғой. Жаңа жылды тойлай бер, тек 38 миллионға шырша тікпе, аяз ата деген керемет бар деп балаларды алдама, қықасы өзге дін жоралғыларынан бас тарт, арақ-шараптан аулақ бол деп шулап жүр ғой көбісі. Аяз ата келгеннен бері, Қыдыр бабамыз далада қалғандай болып жүр ғой. Көп алма деп, өзің көп алма, қандас (діндес деуге батпай отырмын).
ken
Қыдыр ата туралы айтпай-ақ қойғаның дұрыс. Бұл жерге әртүрлі бағыттағы мұсылмандар бас сұғып тұрады. Қыдыр ата туралы дискуссия басталып кетуі мүмкін.
burkitshi
сол дискуссия деген жақсы ғой, сайттың да жұмысы жүреді
Соңғы түзету:
ken
онда бастайық. Қыдыр атаның тірі екеніне қандай дәлелдерің бар?
Ispek92
Ол Кісі тірі десе ғана сенемісің сонда?
Adiletshu
Қыдыр атаға тыныштық беріңдер
007
тегі бір өзге дін өкіліндей сөйледің ғой.
діндес деуге батпай отырмын).

не десеңде өз еркің, бірақ жаңа жылды тойлау, тойламау керек деген дау дамайдың негізі діни көзқарастың (дұрысы шала діни көзқарастың) әсерінен туындап отыр емеспе.
Ereimen
дұрысы шала діни көзқарастың
мынауыңыз енді артықтау, сонда Қазақстан мұслымандары діни басқармасын жоққа шығарғаныңыз ба? Ал бұл туралы айтып жатқан әрине діни басқармаға қатысты сайттар.ал сол сайттар былай дейді:
Жаңа жылды атап өту арқылы біз христиандарға ұқсап қаламыз. Құранда: «Олар (Мейірімді Аллаһтың құлдары) өтірікке айғақ болмайды…» деген аят бар (25:72). Бұл аяттың тәпсірі – басқа діндегілердің діни мерекелеріне қатыспау туралы айтылған.
Бүгінгі адамдар: «Мерекелерде ешбір тыйым салынған нәрсе жоқ», немесе «Біз бұл мерекеге барғанда тыйым салынған барлық нәрседен тыйыламыз (арақ-шарап ішпейміз, тек қана дастарған жайып атап өтеміз)», – дейді. Пайғамбарымыз саллалаху алейхи уассалямның: «Кім қай халыққа ұқсағысы келсе, ол солардың бірі», – дегеніне сүйенсек, бұған қандай рұқсат болуы мүмкін? Немесе Алланың елшісі (с.а.с.) айтқан екен: «Сендер міндетті түрде өздеріңнен бұрын өткендердің (яхудий мен христиандардың) ізімен жүресіңдер, тіпті олар кесірткенің ініне кірсе де, сендер оларға ілесе кетесіңдер» дейді.Егер Аллаһ тиым салған нәрседен тиыла алсақ, міндетті түрде одан абзалын береді. Алланың елшісі (с.а.с): «Аллаһ оларды сендер үшін олардан да абзал болған Құрбан және Рамазан айт күндерімен алмастырды». Аллаһ тек қана шындықты айтады. Бүкіл жаратылыстың Раббысы осы екі күнді ең абзал күндер деп атаған. Аллаға және оның пайғамбарына иман келтірген адам бұны қабылдайды да, қалғандарын тастайды. ақпарат dinislam.kz сайтынан алынды
Соңғы түзету:
007
Бұл жерде тек өзге діннің мерекесі деп айтылған. Ал жаңа жылды біз белгілі бір діннің мерекесі ретінде тойлап жатқанымыз жоқ, сөзімнің басында да айтып кеттім мұны. Егер шынымен жаңа жыл сіздер ойлағандай мейрам болса неге бас мүфти болып тұрған кезде Әбсаттар қажы Дербісәлі теледидардан Қазақстан халқын осы күнмен құттықтап отырды жыл сайын?
Sashok
жаңа жыл сіздер ойлағандай мейрам болса неге бас мүфти болып тұрған кезде Әбсаттар қажы Дербісәлі теледидардан Қазақстан халқын осы күнмен құттықтап отырды
Креслоның қамы, қызем.
Ereimen
Жыл сайын құттықтап отырды дегеніңізді негізсіздеу ақпаратпа деп қалдым. интернетте ондай ақпарат жоқ. тек құрбан айтпен құттықтауы ғана жүр. ал құттықтады дегенің өзінде ел бірлігі үшін болар. діни басқарманың шу көтеріп толық қарсы шықпай отырғаны ел шеті бекем болсын дегені болар яғни көпұлтты елде өмір сүріп жатырмыз деп.
007
интернетте ондай ақпарат жоқ болғанымен жыл сайын құттықтауын теледидардан өзі көріп қалы жүрдім
satibaldi
Осы жаңа жылда Мордорға кетіп тынатын сияқтымын мен…
R-Man
Bizdinki Konil kui koteru maksatinda
VKM
Жақсы мейрам,әсіресе балалар үшін
SaryQazaQ
Жаңа жылды соңғы рет 5 жыл бұрын көңілді қарсы алдым. Қалғандарында жай дастарқан жайып, 4-5 достар болып жиналып тойлаймыз. Тойлаймыз деген аты ғана. Ешқандай шырша, аяз ата, от шашусыз қарсы аламыз.
Tyulpan
Тәжікстанда тек президенті ғана тойлайды екен гыгыгы жұмыста күлегештер болмай тұрғанын қараш..
Соңғы түзету:
ken
неге тек президенті ғана?
Tyulpan
гугл атайдан сұраңыз ))
Barsa
Бес күн қатарынан демалып тұрып атап өтпегені қалай? Әрине, атап өтеміз. Үйге шырша орнатамыз, балаларға жаңа жылдық тақпақтар айтқызамыз. Келіншегім бар тәттісін пісіреді. Дін-міндерін білмеймін, қарапайым ғана жанұялық демалыс болады. Рождество, Тұңғыш Президент күні дегендерден жақсы ғой әйтеуір, бала шағаға көңіл бөлінеді, онүшінші айлықты аламыз, дүкендер әжептәуір жеңілдіктер ұсынады.

Мен үшін бала кезімде де Жаңа жыл Наурыз секілді асыға күтетін мейрам еді, балаларымды да сондай қызықтан айырғым келмейді
Aldeken
лібәәәәәә, біздің қазақтарға, кез-келген нәрсенің айналасына дау-дамай, пікірталас, бет және сонымен ұйқасатын дене мүшесін жыртысып қырылу ғана қызықтырады-ау дим…
Ендеше, қазақтығымды алға тарта отырып, осы бір дәстүрлі «жыл сайынғы желтоқсандық дүрбелеңге» мен де аттыкін салысқым келівотыр.
Біріншіден, осы Жаңа жылды діни мереке деп қабылдауды қашан қояды екенбіз, а? Негізі католиктердің жаңа жылы Рождество кеше өтіп кетті, православтардыкі 7 қаңтарда, не в тему, кәдімгі күнтізбелік жыл ауысуға негізделген зайырлы мерекені дінге телу дегенің кем дегенде ағаттық, қатты айтқанда ақымақтық. Оның үстіне, діни тұрғыдан алып қарасақ, Наурыз да мұсылмандардың діни мерекесі емес, түркі халықтарының мерекесі. Оның ішіне үңіліп қарасақ, салафтар үшін, «астағфируллаһ, ширк!» деп сақалдары шошаң етіп, қысқа балақтары түріліп секіретіндей жағдайлар болады. Олай болса, аса бір діни мерекелерді насихаттаушы діншіл, теологияның мойындалмаған теоретиктері наурызды тойлағанда, оның дінге қатысы жоқтығы туралы неге үндемейсіңдер, а?
Жаңа жыл-орыстың мейрамы, оырстар — христиандар деген логиканың жақтастары бар, оларға айтарым, түптің түбін қазып қарасаңдар, Жаңа жылды тойлау, шырша безендіру (біреулер «тігу» деп те жүр осында) тарихы сонаааау, шумерлер кезеңінен бастау алады. АЛ, енді, сол шумерліктердің қаны сіздің қаныңызда жоқ екеніне кепілдік бере аласыз ба?
Жаңа жыл тойлау кеңес дәуірімен енгені рас, кеңес дәуірі орнағаннан бері бұйырса, 100 жылға таяу уақыт өтті. 100 жылда кем дегенде екі ұрпақ алмасып үлгерді. Ендеше, бұл мерекенің ендігі жерде дәстүрлі мереке болып қалыптаспаған несі қалды? Ал, дәстүрлі мерекелерді тойлау әркімнің өз еншісінде, оған ешкімнің таласы жоқ болар, ендеше елдің ішіне іріткі салмай, бір жерды қысып, денені бос ұстап отыруды рекомендеймін.
Оның үстіне мейлі, ел іргесінің тыныштығы үшін болсын, ҚМДБ өкілдерінің жаңа жылмен құттықтаулары орын алған болса, демек, бұл мерекенің дәстүрлі дінімізге анау айтқандай қайшылығы жоқ деп топлшылауға болатын секілді…
Пы.сы. Жаңа жылды тойламаймын, мойындамаймын дейтіндерге ертең 31-і күні «Жаңа жылыңмен, дос, (амиго, бобур, бырат, брәчке, қарындос, сіңлішка) Бар жақсылықты тілеймін!» десең «Кет нақ!» дей ме екен, әлде...?
ken
Асылында тіпті Новруз да түркілердікі емес. Ертедегі отқа табынушы зороастар парсылардан келе жатқан мереке.
Нов — жаңа.
Руз — күн.
Соңғы түзету:
ken
Енді көктемде салафиттер «Наурыз біздің мереке ме?» деп тақырыптар ашып жүрмесе болғаны )))
bizbike
Иә иә, католиктердің Иса пайғабардың с.ғ.с туған күнін жиырма бесінші желтоқсанда тойлайтын себебі бұрынғы күнге табынушылардың мейрамын ығыстыру, ал шыршаны безендіруінің себебі ағашқа табынушылар христиандыққа көптеп өтсін деген ойлары.
MamaAya
жиі кіріп тұрсаңыз ғой,,, мында порядок жасап… бардак қып жатырмыз әйтеуір…
Ereimen
Пы.сы. Жаңа жылды тойламаймын, мойындамаймын дейтіндерге ертең 31-і күні «Жаңа жылыңмен, дос, (амиго, бобур, бырат, брәчке, қарындос, сіңлішка) Бар жақсылықты тілеймін!» десең «Кет нақ!» дей ме екен, әлде...?
Жыл он екі ай жасыл түстің өрнегі,
Сұлу шырша таң қалдырған пендені.
Тамырына балта шабар шыршаның,
Жаңа жылмен құттықтама сен мені.

Мұсылманмын құбыласы жердегі,
Қағбатулла Мекке деген төрде еді.
Қағбаны емес айналдырған шыршаны,
Жаңа жылмен құттықтама сен мені.

Қытайларға санап беріп теңгені,
Отшашу да еріккеннің ермегі.
Отшашумен оттегімді ластаған,
Жаңа жылмен құттықтама сен мені.

Тәкәппар ғып пісіретін кеудені,
Көр азапқа себеп болар көрдегі.
Шайтансудан ішіп тұрып тост айтар,
Жаңа жылмен құттықтама сен мені.

Алла жалғыз! Тумады да өлмеді.
Иса – оның баласы емес! Пенде еді.
Туған күнін тойлайтұғын «Құдайдың»
Жаңа жылмен құттықтама сен мені.
Aldeken
Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын, амиго! Жаңа жылда тек жақсылық пен қуанышты сәттерге кенелуіңе тілектеспін!
elton_kz
Тура 31 желтоқсанда сағат тілі 00.00 соққанда не істейсіздер? Шамалап болса да «ырымдатып» жіберетін шығарсыздар?! Уақыты келгенде «ескі» мереке болып еленбей қалар, әзірге ол «Жаңа жыл»!!!
edige
Barsa айтқандай - Рождество, Тұңғыш Президент күні дегендерден жақсы ғой әйтеуір, бала шағаға көңіл бөлінеді, онүшінші айлықты аламыз, дүкендер әжептәуір жеңілдіктер ұсынады. 

Біз отбасымен тойлаймыз… Шыршаға табынбаймыз, Аязатаны пір тұтпаймыз…
Тек жақсы дастархан жайып, балаларыммен өткен кеткенді еске алып отырамыз… Несі бар?
Құттықтаушылардан смс күтіп отырамын /егер де жазса/… Жәнеде бұнда еш сөлекеттік жоқ деп есептейміз… Әңгіме бар ма?
MamaAya
не деген керемет жауап! Вот, базар бар ма? деп қояйын дә... атап өту-табыну емес қой сол, жеткізе алмай отырған нәрсе жетті…
Adiletshu
Әңгіме бар ма?
Лібә, братан, әңгіме жоқ. Не ішесің, магазинге барып келейін
edige
Кеттік…  десең я…