Қабдығали Гимельштейн. Алаяқ

«Малғұн», — деп қалшылдап далаға атып шықты да, еш жазығы жоқ керегені бір қойды, жерде жатқан газды судың қалбырын бір тепті.

Саусағы дірілдеп, темекі тұтатты, құшарлана сорды.

Ашу қысқан күйі ішкі аулада қараусыз жатқан әлдебір кинотехниканың қорабына отыра кетті.

«Ыс-с-с-сука», — деді сызданып.

Алаяқтың басына түскен бұл бір ауыр күндер болатын. Ердің басына не келіп, не кетпейді, бәрі әлі-ақ жақсы болады деп өз-өзін қанша алдартқанымен, құрғыр өмірдің қырсығы мен қияметі таусылар емес. Темекінің түтінін аспанға будақтатып отырып сонау алғаш қалаға келген кездерін сағынды. Енді ойлап қараса, ол да бір бақытты шағы екен ғой. Басып әкелген біршама ақшасын қызылды-жасылды мегаполистің өміріне аямай салып, мәрт Алаяқ, жомарт Алаяқ атанып, қыз-қырқын, жолдас-жора алдында абыройлы болып жүрген шағы еді.

Бәрін құртқан супермаркеттегі жалғыз кездесу, жалғыз көзқарас болды. Шашы қысқалау келген, ашық мінезді, дөңгелек жүзді қыздың бүкіл өмірін астан-кестен қыларын қайдан білсін. Ол да мұның өзіне ессіз ғашық екенін қайдан сезінсін. «Жан досым, жалғыз досым» деп құшақтағанда, іш-бауыры езіліп-ақ кетеді, әрине, бірақ, мұның бақыты үшін керегі басқа болатын. Ол басқаны атың өшкір ана байшікеш иеленіп отыр. Бүкіл фильмнің қаржыландыруын өз мойнына алып, онысы үшін басты рөлдің бірін басып қалған иттің баласы қашан көрсең жылмыңдап жанында жүреді. Түсіру алаңындағы көзге көрінер-көрінбес, құлаққа естілер-естілмес іс-әрекеті Алаяқтың жүрегіне қанжар, жанына жара болып түсетінін білсе бір Құдай біледі-ау осы. «Шашың әдемі ше» деп саусағымен еппен сипайтыны, "ішінде жалғыз қызды менен басқа кім қорғайды" деп құшақтай кететіні, несін айтасың, оххх…

Алаяқ батылы жетпесе де, қалтасынан тастамайтын, жүзі өткір көбелек-бәкісін шығарды да, шыр айналдырып сәл отырды. Кенет, орнынан атып тұрды да, ширақ басып ішке кірді. Студияның сары дәлізімен түсірілім алаңына жеткенше ойламаған дүниесі қалмады. Өмір неткен тәтті едің…

Софиттердің көз шағылыстырар жарығымен ерекше әдемі, ерекше сүйкімді бола түскен ол ары қарап режиссердің көмекшісімен әңгімелесіп тұр екен. «Саған да емес, маған да емес» деп іштей бекінген Алаяқ қызға жақындай түсті.

«Ооо, келгенің жақсы болды, қазір бастаймыз, жүр орныңа бар» деп қолтығына жармаса кеткен ассистент мұны студия конструкциясының екінші қабатына апаратын баспалдаққа дедектете жөнелді.

Есін жиып үлгерген жоқ, режиссердің «Он жетінші сахна. Алаяқтың Ботидың алмасын ұрлауы. Бес секундтан кейін бастаймыз» деген қарлығыңқы даусы естілді.

Жасыл фондағы алаңқайға қол ұстасып жүгіріп шыққан Дара мен бүкіл жобаға өз қалтасынан ақша шығарып отырған миллиардер Боти бұл кезде «Балалар, сендер Алаяқты көріп тұрсыңдар ма?» сұрап жатқан болатын.

Менде бір керемет сюжет бар...: Қабдығали Гимельштейн. Алаяқ
Бөлісу:

18 пікір

Ispek92
 Бас жағы триллер екен
patick
өзің бір саспенстеу адам екенсің
estetika91
«Жүзі өткір көбелек-бәкісін шығарды да...» Көбелек-бәкі деген қандай ол?)
Daniar-Alan
Мектеп кезде моды ед осыны ұстау

edige
Осылай жазып тұрсайшы, Сабаз!!!
bekkerey
Қайран «Балапан» мынаны балақайлар біліп қоймасын…
Sashok
Бірдеңе түсініп күліп отсыңдар ма хоть
edige
))))) Тәп тәуір басталған еді. Не деп қоямын
asaubota
игере алмадым
edige
Соңғы түзету:
asaubota
жоқ, Жуликті таним ғо. жалпы дим да
ken
Қоймай ағылшынша жаңа посттар жазып жүрген кім?
Basic
*lol* *lol* *lol*
Алаяқ, ұрлама!