Мен ғашықпын...

Блог - Arys_arlany: Мен ғашықпын...

Ғашықтық сезім. Адам өмірінде бірнеше мәрте ғашық болады дегенді оқып

едім. Менде кезекті рет ғашық болдым. Өзім секілді көптеген жастар сияқты

кеңсе мен үйдің арасында жүргендіктен, жұмыс пен тағы аздаған тіршіліктің

шырмалаңынан шыға алмай жүргенде уақыт шіркін зымырап өтіп барады.

Кештеу үйленген ағаларым айтушы еді, көзіңді жұмда үйленіп ал, жүрдім

дегенше таңдап қалдым дегенің, таңдау дегенің қиын болады деп. Әзірге

таңдау сағаты туындамаса да, үйлену туралы ойың болғандықтан, біреуін

таңдау қажеттігі бәрібір туындайды. Сондықтан да, танысудан қашанда бас

тартпайсың. Әріптестік қарым қатынастың мүмкіншілігін бағамдап,

әлдеқашан бастартқанмын. Өзіне қарамай, таңдап қалған екен деп сөге

көрмеңіздер, дегенмен мүмкіншілігің болса, жақсы қызға жолығудан қандай

жігіт болса бас тартпақ емес. Менің үйленбеген сыныптас достарым көп.

Ауылға барсаң екеу-үшеуінің үйленгелі жатыр екен деген сыбысын естіп

қаласың. Содан құлағыңды түріп жүресің ауыл жаққа. Бірақ, сол сыбыс

күйінде қалып келе жатқан жағдайы бар. Өзімен жолығып сұрасаң, «Е, тәуір

қыз жоққой», немесе "қыз жоққой" деп селқос жауап қатады. Сол,

уақыттарда менде ойланып қаламын. Ия, сын сағаты туғанда мен кімге

таңдау жасаймын? деген. Студент кезден қалыптасқан әдет, қыздармен

жүруден гөрі дос ретінде араласқанды ұнатынмын. Дос болып жүріп ғашық

болып қалғанда қыздар болатын. Бірақ, уақытында қадіріне жете білмедім ау

деп ойлаймын. Бір жағынан ұнамаса не қылам оны да, өзімді де алдап деп

ойлаушы едім. Осылай жүріп, біраз уақытта өтіңкіреп қалыпты. Ия,

үйленетін уақыттың да жақындап келе жатқанын сезінесің. Бірақ кімге деген

сауалдың жауабының нақты шешімін табудың қажеттілігі де осы уақыттарда

күн тәртібінде тұр. Қазіргі таңда, жігіттердің басым бөлігі қыз таңдағанда,

ойы оқыған ба, жұмыс жасайды ма, отбасы қандай деген сауалдың

төңірегінде топтасады. Менде, жасырмаймын осы сауалдар мен тағы бір-екі

критерилері бойынша қараймын. Қысқасы, кеше бір қызбен кездестім.

Бірінші рет көруім. Мен күткен ойдан өзгешерек болып шықты. Ұзын бойлы,

сызылып қалған, сүйкімді, ощм керемет жан болып көрінді, бірінші көргенге.

Кездесуден кейін, мүмкін менің ойымдағы «жан» осы шығар деген ой

туындады. Қазір әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны туралы көп

айтылады. Менде, кеше кешкісін үйге келген соң, сол бір сезімнің жетегінен

шыға алмай, әдеттегінше тез-тез компьютерімді қосып, виртуалды әлемге

еніп кетудің орнына, бұдан басқа қызықтар бар, виртуалдан гөрі

айналамдағы жандарға көңілімді бөлейін деген ой туындады. ФБ-дан да біраз

уақытқа тыс қалуды жөн жасадым. Мұның барлығы сол жанға деген

ғашықтық сезімімнің құрметі деп шештім.

Пысы: соңғы уақыттарда орыстың әншілерін жиі тыңдап жүрмін. Әсіресе,

Натали сияқты: «Ия Алла, ғажап жігіт едің» деп, Ер жігіттің қадірін түсінетін

қаракөздеріміз бар деп ойлаймын.
Бөлісу:

26 пікір

Sashok
Алина қайда?
Arys_arlany
Күйеуге тиіп кетті
Arys_arlany
Қалай есіңде сақтағансың, ризамын )))))))))
ken
Алина деген «Барбарис» қыз ба? Жоқ ол басқасы ма еді?
Arys_arlany
Алина — ол басқа жан ғой.
Adiletshu
Әлгі сені жұмсайтын қыз ба
007
таңдаған тазға жолығады, ақылы азға жолығады дейді
araika
Күн тәртібіне қоюдың қажеті жоқ, меніңше. "Қуған жетпейді" деген бар емес пе, жоспарланбаған дүниелер сәтті шығады. Мысалы, жоғарыда жазылған ғашықтықтың өзі
Ispek92
Мына жазбаның стилі қалай-қалай орналасқан деп ешкім айтпайды ма? Оқуға қиын екен, тек ысыразу арпылдаудың қажеті жоқ, өз стилің сол болса айтып қой…
Adiletshu
арпылдаудың қажеті жоқ
NurbaiShakim-Bai
Жоғарыдағы тақырыпты да талдап тастамадыңыз ба? Қатесін шығарып дегендей. Көзге ұрып тұрған қателік көп қой. Әлде… Қате жазатындарды интернеттегі «гиганттар» аластатады деген едіңіз.
Ispek92
ООО, боғырем, жәрәйсің! Басқа адамдар жазған тақырыптарға да пікір жазуды үйреніп келесің, мәләдес. Осылай өзің қуып жаза бермей, басқа адамдар жазған нәрсеге де пікір қалдырып жүр, әйтпесе керекинфо сенің жеке меншік газетің емес, нақтың…
NurbaiShakim-Bai
Жоғарыдағы тақырыпты да, талдап тастамадыңыз ба? Қатесін шығарып, дегендей. Көзге ұрып тұрған қателік көп қой. Әлде… Қате жазатындарды интернеттегі «гиганттар» аластатады деген едіңіз. Бір кездері…
MickThatsMyNick
иә, кейде жоспар құрмаған дұрыс, бірақ мидағы ойларды, сөздерді рет-ретімен қойып алған жөн
Соңғы түзету:
Arys_arlany
мысалы, Гитлердің өзі жатар уақыттан жарты сағат алдын ертең не істейтіні туралы жоспарлаған екен
Соңғы түзету:
NurbaiShakim-Bai
Кешірім сұрап қояын автордан. Жоғарыда айтылған пікірлерді құптаған болар едім. Себебі, кейбір сөздер ретсіз орналасқан сияқты. Бастауыш пен баяндауыштардың орны ауысып кеткендей ме? Қалай өзі. Сөздердің кейбірі ретсіз сияқты. Иә, қате барлық адамда болады.
Ispek92
 Мұны СУЙЦИД деп жазатын журик айтып жатыр, лібәдтің
қояын
тағы кетті құлай шекеден
Соңғы түзету:
NurbaiShakim-Bai
«Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер… .............................................қатын дер» деген ғибратты сөз нақты сізге арналғандай ма? Әліде болса, мұсылманмын аллаға сенем деген «алланың құлы» азаматтың боқтық сөзі таусылса жөн болар еді. Әйтпесе, кейбір «білгіштерден» келер ұрпақ тәлім үйренеді ғой. Не айтып кеттім сіздейлердің милары ондайды қорытпаса керек. «Білгіш»
Ispek92
аллаға
 это наверно Пугачева, да? Ей, микроб неме, ең болмаса Аллахтың атын бас әріппен жазуды үйренсеңші миғұла журик…
NurbaiShakim-Bai
«Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер… .............................................қатын дер» деген ғибратты сөз нақты сізге арналғандай ма? Әліде болса, мұсылманмын аллаға сенем деген «алланың құлы» азаматтың боқтық сөзі таусылса жөн болар еді. Әйтпесе, кейбір «білгіштерден» келер ұрпақ тәлім үйренеді ғой. Не айтып кеттім сіздейлердің милары ондайды қорытпаса керек. «Білгіш»
NurbaiShakim-Bai
Маған калай жазуды үйрететін сен емес. Сен аузыңнан шыққан сөзге баға беріп ал, жарайма.
NurbaiShakim-Bai
Дегенмен, әдемі шыққан туынды.
rauka
Дарынбысың деген))))) мейлі қалай жазса олай жазсын, бастысы сезімін ақтара білген)))
Arys_arlany
ОООО Раука әпке келіп қалдыңыз ба, басқасын қоя беріңізші, сіздің пікіріңіз маңызды маған!