14 - тур. Ла Лига. Кезекті талқандау

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 14 - тур. Ла Лига. Кезекті талқандау
Әлем чемпионатына баратын құрамалар тізімі анықталғаннан соң, ел назары осы сенбіде басталатын Еуропа біріншіліктеріне ауғаны рас. «Фифа вирусы» деп аталатын ресми расталмаған ауру түрі осы жолы көп командаға кесірін тигізбей кетпеді. Мысал ретінде, мадридтік Реал сапынан Хедира, Варан, Ди Мария мен Коентрау секілді негізгі құрам ойыншылары жарақат алып тынды. Бір ғана Хедираның жарақаты не тұрады десеңізші, қайдағы жолдастық кездесу үшін Бразилияға бара алмау қаупі төніп отыр.

Испан біріншілігінің 14-ші турында Мадридтік клуб біріншіліктің аутсайдері саналатын Альмерияға қонаққа барған болатын. Бұл матчта небір қызықтар болды, толығырақ төменде айтатын боламыз. Бұл екі команда осыған дейін 13 рет қана кездесіпті, 9 матч астаналықтардың жеңісімен аяқталса, 4 матч тең аяқталып, 1 матчта ғана Альмерияның бағы жаныпты. Голдар айырмасы 38-12.

«Альмерия» — «Реал Мадрид» 0:5 (0:1)

Голдар: 0:1 — Роналду (2), 0:2 — Бензема (61), 0:3 — Бэйл (72), 0:4 — Иско (75), 0:5 — Мората (80)

Ассистенттер: 0:1 — Иско; 0:2 — Хесе; 0:4 — Хесе; 0:5 — Каземиро

«Реал Мадрид»: Д. Лопес; Карвахаль, Пепе, С. Рамос, Арбелоа; Х. Алонсо, Ильяраменди (Каземиро, 72); Бэйл, Иско, Роналду (Хесе, 53); Бензема (Мората, 62)

«Альмерия»: Эстебан; Нельсон, Торсильери, Пельерано (Тебар, 66), Трухильо, Дубарбьер; Ал. Видаль (Диас, 73), Верса (Сориано, 59), Азиз, Барбоза; Родри

Арбитр: Хесус Хиль

Ескертулер: Арбелоа (56), С. Рамос (67), Эстебан (73)

Қысқаша статистика:
Қақпаға соққы: 8-18
Тура соққы: 3-9
Бұрыштама: 1-3
Оффсайд: 1-1



Реалдықтар матчқа неміс мәшинесі мен команданың белді ойыншыларының бірі, Италия құрамасымен жолдастық кездесуде жарақат алған Хедираға қолдау ретінде мынадай жейдемен шықты. Жалпы, бұл Реалдықтардың үйреншікті ісі саналады, респект!
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 14 - тур. Ла Лига. Кезекті талқандау

Анчи бапкер Хедираның жарақат алуына байланысты өзінің сүйікті ойын схемасын, тактикасын өзгертуге мәжбүр болды. Айтып отырғанымыз, Карло әлем футболына 4-3-3 схемасын кеңінен дәріптеген тұлға саналады, Хедира орнына жас Исконы жіберіп, тактиканы өзгертті, алайда бұл схема жемісін де бере білді.
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 14 - тур. Ла Лига. Кезекті талқандау

Матчтың басталар алдында қызықты жағдай орын алғанын айта кету керек, матч делегаттары әдеттегі ойын алдында жасайтын стадион мен қақпаны тексеру сәтінде, бір қақпаның биік екенін байқаған. Зерттей келе қақпа 15 см(!!!)-ге биік болып шықты, қызметшілер орын алған келеңсіз жағдайды уақытында қалыпқа келтіріп матч өз уақытында басталды. Не дегенмен, қызық жағдай болды
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 14 - тур. Ла Лига. Кезекті талқандау

Енді матчқа келер болсақ, соңғы ойындардың қаһарманы атанып жүрген Роналду 2-ші минутта-ақ қақпаға кезекті 17-ші голын соқты. Бұл Криштианудың Реал үшін Ла Лигадағы 164-ші голы еді. Бір күмілжітетіні 53-ші минутта жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады. Қауіпті ештеңе жоқ деген үміттеміз.
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 14 - тур. Ла Лига. Кезекті талқандау

Бейлдің де өзіне келе бастағанын байқауға болады. Кешегі матчта кезекті голына көрімдік сұрады. Гарет Реал үшін өткізген 11 матчында 5 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген, жаман статистика емес. Осы бетіңнен тайма дейміз! Бейлдің Испан жерінде де өзіне табынушылары мен фанаттарын жинай бастағанына мына сурет дәлел бола ала ма:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 14 - тур. Ла Лига. Кезекті талқандау


Ұзақ уақыттан бері алғаш рет негізгі құрамда шыққан Исконың ойынды жақсы деңгейде өткізгенін айта кету керек. Шабуылдың бәрін өзі бастап отырды, нәтижелі паста бере білді. Осы қарқыннан таймаса бапкерге жаңа схема ойлап табуға тура келетін секілді.
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 14 - тур. Ла Лига. Кезекті талқандау

Жалпы матчтан Реалдықтар оңай ұпай ала алды деуге болады, әрине Альмерия мықты қарсылас емес. Осы матч арқылы РеалдықтардыңРоналдусыз ойнай алатынына, Бенземаның гол соға бастағанына, Хесенің потенциалы қай деңгейде екеніне, Моратаның керемет голына көз жеткіздік. Хесе 2 нәтижелі пас берсе, Мората мен Каземиро жақсы ойын көрсетті.
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 14 - тур. Ла Лига. Кезекті талқандау
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 14 - тур. Ла Лига. Кезекті талқандау

__________________________________________________________________________________________________

14-ші тур Ла Лига көшбасшыларының қалауы бойынша өткен секілді. Бұлай деуге себеп, Реалдың Альмерияға жауапсыз 5 гол, Барселонаның Гранадаға жауапсыз 4 гол, ал Атлетиконың Хетафеге бақандай жауапсыз 7 гол соғуы болып отыр. БАрлығы 16 гол соғылған екен, сұмдық қой ия?!

Барселона – Гранада 4:0 (2:0, 2:0)
Голдар: 1:0 – 20 Иньеста(пенальти), 2:0 – 40 Фабрегас(пенальти), 3:0 – 71 Санчес, 4:0 – 90 Педро.
Мессиден біраз уақытқа айырылып қалған каталондықтар осы ойынға Неймар мен Педро, Санчес пен Фабрегасқа сенім артып шыққаны анық. Алғашқы таймда-ақ екі бірдей пенальтиден гол соғып матч тағдырын оп-оңай шешіп тастады. Месси матчқа қатыспаса да өзінің кезекті трофейін көрсету үшін жұрт алдына шыққан еді:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 14 - тур. Ла Лига. Кезекті талқандау
Ұлттық құрама сапынан жарақатпен оралған Вальдестің орнына қақпаны күзеткен Пинтоның кейбір сәттегі ойыны каталондықтардың бас ауруына ұшыратып отырды. Гранада Ноу Кампта ұтылған күнде де ештеңе жоғалтпайтынын ұққандықтан, алғашқы минуттардан алға лап қойды. Алайда бәріне сол қорғаныстағы жігіттердің қатесі кері әсерін тигізіп отырды. Иньеста бұл ойынға командасын капитандық белгімен бастап шықты, осы сезондағы алғашқы голына көрімдік сұрады.
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 14 - тур. Ла Лига. Кезекті талқандау


Атлетико – Хетафе 7:0 (2:0, 5:0)
Голдар: 1:0 – 26 Р. Гарсия, 2:0 – 37 Лопо(автогол), 3:0 – 49 Вилья, 4:0 – 52 Р. Гарсия, 5:0 – 70 Коста, 6:0 – 78 Вилья, 7:0 – 90 Адриан.
Мадридтік кезекті дерби саналуы тиіс бұл екі команда текетіресі Атлектиконың Хетафенің сенімді қорғанысына үлкен дақ түсіруімен аяқталды. Шынымен де, Хетафенің қорғанысын Испан Лигасындағы мықты қорғаныс ретінде санайды. Ал Атлетиколықтар Куртуаны болашақта Хетафе қақпашысы Мойя алмастырады деп санайтын еді. Бұл ойыннан соң ойларын өзгертер ме екен? Жұрт ғажайып форвард санап жүрген Диего Коста негізгі құрамда шықпаса да матрасниктер онсыз ойнай алатынын көрсетті. Алайда, екінші таймда алаңға шыққан Коста керемет голды өз еншісіне жазды:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 14 - тур. Ла Лига. Кезекті талқандау
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 14 - тур. Ла Лига. Кезекті талқандау
Вильяның тәжірбиелі шабуылшы екені, әлі біразға бара алатыны осы ойыннан білініп жатты. Хуанфран, Арда, Коке, Гарсиялар өз шеберлігінің қай деңгейде екенін көрсеткен матч болды.
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 14 - тур. Ла Лига. Кезекті талқандау


Реал Сосьедад – Сельта 4:3 (1:2, 3:1)
Голдар: 1:0 – 6 Вела, 1:1 – 23 Рафинья, 1:2 – 28 А.Лопес, 1:3 – 57 Рафинья, 2:3 – 61 Вела, 3:3 – 78 Вела, 4:3 – 81 Вела.
Егер осы сенбіде Эвертон — Ливерпуль дербиі секілді керемет өткен матч көргіңіз келсе, Реал Сосьедад – Сельта матчының қайталауын көруге кеңес беремін. 2013-2014 маусымындағы алғашқы покер иесі де осы матчтан табылды. Ол бұрынғы канонир, қазіргі Сосьедадтың құтқарушысы әрі өрге сүйреушісі мексикандық Карлос Вела. Кешегі ойын Виголық Сельтаның қандай тамаша команда екеніне тағы көз жеткізуге мүмкіндік берді. Испан лигасында бірде-бір команда Сельта секілді қонақта жақсы ойын көрсете алмайтын шығар. Ойынның бас қазысы Муньис Фернандес десем ойыңызға не түсер еді? Әрине, түсініксіз шешімдер екеніне сенімім мол. Кешегі матчта да арбитрдің шешіміне күмәнмен қарайтын сәттер аз болмады, алайда бәрі өтті де кетті.


Вальядолид – Осасуна 0:1 (0:0, 0:1)
Гол: 0:1 – 84 Ойер.
Аутсайдерлер тізімінен шыға алмай келе жатқан Памплондық Осасуна кешегі матчтан соң терең тыныс алып, бір рахаттанған шығар. Вальядолидке қонаққа келген Осасуна таң қаларлық ойынымен 3 ұпайды қанжығасына байлап кетті. Алаң иелеріне бұрынғы ойындарында көрсетіп жүрген жинақылық жетіспеді. Команданың бас жұлдызы саналатын, неміс құрамасына шақыртылудан дәмелі Эберттің өзін алаңда тани алмай қалдық. Осасуна өз кезегінде қорғаныстағы жинақы әрі ұрымтал шабуылдарға иек артатынын көрсетті. Сол кезекті ұрымтал сәт ойынның 84-ші минутында орын алды, алаңға бір минут бұрын шыққан шабуылшы Ойер қақпадан саңылау тапты.
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 14 - тур. Ла Лига. Кезекті талқандау


Турдың қалған ойындары бүгін өтеді, ХАЛА МАДРИД !!!
Бөлісу:

1 пікір

konyrat
«ФИФА вирусы»-жаксы тенеу. Гол жауган кун болды.