12 - тур. Ла Лига. Нағыз дерби
Бернабеуде өткен 10 гол соғылған шоудан соң арада көп уақыт өтпесе де Мадридтіктер жақын маңайда орналасқан, Мадридтік команда болып саналатын Райо Вальеканоға қонаққа барған еді. Бұны футбол тілінде дерби деп атайды, ал дербидің қызықсыз өтуі(
Бұған дейін командалар өзара 29 матч өткізіпті, Реалдықтар 22 мачта жеңсе, Районың жігіттері 3 мәрте ғана жеңіс тойын тойлаған, 4 матч тең аяқталған. Голдар айырмасы: 31-76.
Сонымен:
«Райо Вальекано» — «Реал Мадрид» 2:3 (0:2)
Голдар: 0:1 — Роналду (3), 0:2 — Бензема (31), 0:3 — Роналду (48), 1:3 — Виера (пен. 53), 2:3 — Виера (пен. 55)
Ассистенттер: 0:1 — Модрич; 0:2 — Бэйл; 0:3 — Бэйл
«Райо Вальекано»: Рубен; Тито, Галвес, Арбилья (Ларривей, 51), М. Начо, Трасоррас, Сауль; Бангура, Г. Адриан (Буэно, 42), Фальке (Адри, 68), Виера
«Реал Мадрид»: Д. Лопес; Карвахаль (Арбелоа, 59), Пепе, С. Рамос, Коэнтрау (Марсело, 45); Х. Алонсо (Ильярраменди, 46), Модрич; Ди Мария, Бэйл, Роналду; Бензема
Арбитр: Альварес Искьердо
Ескертулер: Карвахаль (6), Х. Алонсо (11), М. Начо (59), Ди Мария (62), Марсело (71), Тито (77), Трасоррас (88), Модрич (90+3)
Қысқаша статистика:
Қақпаға соққы: 23-11(!!!)
Тура соққы: 6-5((!!!))
оффсайд: 3-3
Бұрыштама: 6-1
Допқа иелік ету: 60%-40%
Енді матч жайында:
Реалдықтар матчқа мына құраммен шықты:
Әрине құрам жақсы ойыншылардан құралған, алайда мынадай ойын схемасы бізге жат секілді:
Алғашқы тайм толықтай біздің басымдылықпен өтті, екінші таймда босаңсып кеткен Реалдықтар Районың нағыз бейнесін көруге тура келді. Шабуылдар үдей түсті, 2 минут ішінде қақпамызға 2 пенальти берілді. Кей Реал фандары арбитрдің Каталондық екенін айтып жаста, кейбірі пенальти әділетті берілгенін айтып әлек, Не болса да 3 ұпай қалтада, бастысы сол.
Роналдудың мына голына не дейсіз, Месси мен Диего Костаны бомбардирлер көшінде басып озды, Роналдудың еншісінде 12 гол:
Осы голдың әр-түрлі ракурстан берілген гифкасы:
Марселоның қуанышы:
Команданың қуанышы:
Мынау Бенземаның 2-ші голы:
Бейлдің пасының керемет болғанын да айта кету керек, өзінің 90 миллион тұратындығын әлі-ақ дәлелдейді бұл Уэльстік. Кешегі ойында 2 бірдей голға тура пас берді.
Коентрау 2-ші таймда алаңдағы орнын Марселоға босатты, себеп жарақаты, жазылып кет Фабио:
Мынау енді нағыз рысбек дейтін, құптарлық іс, Роналду өз жейдесін Райо жанкүйеріне берді:
Сол Роналду жайында, фотографтар мына суретті қалай байқаған десеңізші, сіз не дейсіз:
Біздің қақпаға қатарынан 2 пенальти берілген жағдайдағы Рамостың бейнесі және берілмеуді сұрауы:
Лопестің айлығын 2 есе көбейтсекте әлі күнге Реал үшін бірде бір пенальти қайтара алмай келеді, Касильястың орны осындайда ойсырап тұрған секілді, сонымен қатар Лопес бүгін 32-ші туған күнін тойлайды:
Біздің қорғаныстағы жігіттер қашан өзінің жап-жақсы ойыны көрсетер екен, кез келген матчта қателіктер мен түсініспеушіліктерді қайталап келеді, Ювентус бұны кешірмейтіні анық. Пепеге Мынадай жерлерде сұхбат бергенше ойынға шындап дайындалу керек секілді, (ескерту: жүйкесі нашарларға көрмеуге кеңес береміз
Ойынның үздіктері деп мына жігіттерді айтуға болады, осы беттеріңнен қайтпаңдар:
90 минут аяқталған соң Анчи бапкердің түрінде мынадай мысқыл пайда болды:
Келесі матч Туринде, Чемпиондар Лигасының кезекті қызықты матчы болуға тиіс Юве мен Реал. ХАЛА МАДРИД!!!
3 пікір