Тілмашқа 120 кеңес

Басы

X. АҒЫЛШЫНҒА ТӘН ЕМЕС ТІРКЕСТЕРДЕН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗ

107. Зат есімі басым сөйлемдерді ағылшынға етістікпен аударған дұрыс:
* Кен орнында теміржол құрылысы жүріп жатыр — A railway is being constructed at the deposit.
(“The construction of a railway is being carried out” емес)
* келісімдердің тіркеуі мен қадағалауын жүргізеді — shall register and monitor agreements

108. Міндеттердің тізімін аударғанда инфинитивті қолданған жөн:
* бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру — to develop and implement programmes
(“the elaboration and implementation of programmes” емес)

109. Пайдаланбауды “non-use”дегеннен көрі failure to use деп аударған дұрыс:
* Соттың қайта қаржыландыру мөлшерлемелерін пайдаланбауы заңсыз — The court’s failure to apply the refinancing rate is illegal.

110. Теріс мағыналы сөйлемдерге келсек, құқы жоқ дегенді “has no right” деп емес does not have the right деп жазған дұрыс. Адам “He has no right to do that!” дегенде ашулы және наразы екенін білдіреді.

111. Орыс тіліндегі келесі сөйлемдердегі басты нысаннан бөлек тұрғандарды ағылшын тілінде де, қазақ тіліндеде қатар жазу керек:
* наименование заявителя, его адрес – арыз берушінің атауы мен мекенжайы — name and address of applicant
* привлечение их к ответственности или освобождение от таковой — жауапқа тарту немесе одан босату- institution or withdrawal of proceedings against them
* с конфискацией имущества или без таковой – мүлкін тәркілеумен немесе тәркілеусіз — with or without confiscation of property

112. Егер в случае (= if) тіркесінен кейін орыс тіліндегі сөйлемде зат есімдер қатарласып кетсе, қазақ тілінде де, ағылшында (if, should сөздерін қолданып) да етістікпен берген жөн:
* В случае получения по наследству или приобретения дома — Үй мұра ретінде немесе сатып алынған жағдайда — If a house is inherited or acquired…
* В случае возникновения разногласий – Түсініспеушіліктер туған жағдайда — Should any differences arise…

Егер в случае (= if) тіркесінен кейін бір ғана зат есім болса, in the event of (“in case of” емес) тіркесін қолданамыз:
* в случае просрочки платежа — in the event of late payment

Есіңізде болсын: in the event THAT (or if) + VERB
in the event OF + NOUN

113. In case of тіркесі болу ықтималдығы төмен жайттар туралы қолданылады (мысалы “in case of fire”).

114. Орыс тілінде зат есімдердің көп қолданылуын, ал қазақ/ағылшын тілінде етістіктің жиі қолданылуын байқаймыз, мысалы:
* в целях/для создания условий – мақсатта/жағдай туғызу үшін — in orderto create conditions
* право на получение лицензии – лицензия алу құқығы — the right to obtain a licence (right of obtaining емес)
* отказ в регистрации товарных знаков – тауар белгілерін тіркеуден бас тарту — refusal to register the trademarks
* номер счета, дата его открытия – шот нөмірі мен оның ашылу күні — number of account and date opened
115. Ағылшын тілінің орыс тілінен жинақы екенінің мысалдары:
* просьба о предоставлении возможности-… мүмкіндігі туралы өтінішіміз — our request for an opportunity to…
* заявление на выдачу лицензии – лицензияға сұраным — application for a licence, licence application

116. The following constructions are typical of Russian style, but not English:
* Как заявил министр,..- Министрдің айтуынша ....- The Minister stated that…
* Насколько мы поняли, ....-… деп түсіндік — We understand that…

117. Ағылшын тілінде name, translate, entitle, т.б. ұқсас сөздерден кейін“as” деген сөз қойылмайды:
* Тараудың атауы «Банк қарызы туралы келісім» деп өзгертілсін — to rename the Article “Bank Loan Agreement”

118. Ағылшында орыс/қазақ тіліндегідей зат есімнің алдына тіркестерді үйіп қоя алмаймыз. 3-4 сын есімді зат есімнің алдына қоюға болады, бірақ бүтіндей тіркестер кейін жүрі керек:
* 23 апреля состоялось первое после весенних каникул заседание – 23 сәуірде көктемгі демалыстан кейінгі бірінші отырыс өтті — On 23 April the first meeting since the spring holidays was held.

119. Төмендегі сөз тәртібін еске сақтап алыңыз:
* Юнит Геодатаға тиесілі болғанымен оны Қазақстанға әкелген Геодата емес, Просаг- although the Unit belongs to Geodata, it was imported into Kazakhstan by Preussag, not Geodata

120. При қосылған тіркестерді аудару мысалдары:
* при этом – аудармай қалдырып кетуге де болады немесе in this respect / however деп мәтіннің мағынасына қарай аудару керек
* При изменении адресов — If the addresses are changed…
* При наличии — If there are any…
* При равных условиях — All things being equal…
* При работе над проектом — During the drafting process…
* При учреждении АО — When the JSC was founded…
* При устранении причин, вызвавших приостановление действия Контракта, он немедленно возобновляется. — Once the reasons for suspension of the Contract have been remedied, it shall be renewed forthwith.
• При возникновении форс-мажорных обстоятельств Стороны незамедлительно проводят совещание — Upon the onset of force majeure circumstances, the Parties shall immediately meet together.
Бөлісу:

8 пікір

MickThatsMyNick
disharmony сөзін дишармони деп оқығаным бар
zholantai
тілмашқа кеңестеріңізді оқып жүрм, нуу видеоблог, не подкаст ретінде шығарсаңыз қатып кетер еді, дыбысталуын келтіріп,
bizbike
Негізі әріптесім екеуміздің ВКонтактіде көптілді аудармашыларға арналған бет, яғни қауымдастық ашу ойымыз бар, онда бүкіл кеңестер мен осы күнге дейін тәжірибемізде жиналған түрлі материалдарды орналастырсақ дейміз. Аудармашыларға ұнап жатса, олар да өз тәжірибелерімен бөлісе жатар.
zholantai
жақсы әрекет болар еді, ашылған кезде хабар беріңіз, қауымдастыққа жазыламын
bizbike
Аштық, "Үштілді аудармашылар қауымдастығы" деп аталады. Әріптестер, тәжірибелеріңізбен бөлісуге, түрлі тақырыптарды талқылауға шақырамын!!!
bizbike
Аудармашылар қауымдастығына шақырамын! Ой-пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар!