10 - тур. Ла Лига. Түсініксіз тактика

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 10 - тур. Ла Лига. Түсініксіз тактика
Көптен күткен Эль Класикода аяқталды. Әлемдегі ең қызықты матч саналатын Барса мен Реалдың текетіресі алғашқысының пайдасына шешілді. Негізі, ойынның әділетті шешімі тең нәтиже еді, алайда футболда әділдік жүрмейді. Бірден айта кетейін, Барса Реалдан мықты болған жоқ, тек жолдары болды, яғни футболдағы басты фактор сәттілік солардың жағында кетті. Дегенмен, оларды құттықтап қоялық.

Осы уақытқа дейін бітіспес қарсыластар 187 матч өткізіп, соның 79-ында Реал жеңсе, 71-інде Барсаның пайдасына шешілген. 37 матч тең аяқталған, голдар айырмасы 309-288, Реалдың пайдасында.

Енді, матч жайында:

«Барселона» — «Реал Мадрид» 2:1 (1:0)

Голдар: 1:0 — Неймар (19), 2:0 — А. Санчес (78), 2:1 — Хесе (90+1)
Ассистенттер: 1:0 — Иньеста; 2:0 — Неймар; 2:1 — Роналду

«Барселона»: Вальдес; Дани Алвес, Пике, Маскерано, Адриано; Хави, Бускетс, Иньеста (А. Сонг, 77); Месси, Фабрегас (А. Санчес, 70), Неймар (Педро, 84)

"Реал Мадрид": Д. Лопес; Карвахаль, Варан, Пепе, Марсело; Хедира, С. Рамос (Ильярраменди, 56), Модрич; Ди Мария (Хесе, 76), Роналду, Бэйл (Бензема, 61)

Арбитр: Ундиано Мальенко

Ескерту: Бускетс (7), С. Рамос (14), Адриано (35), Бэйл (45), Хедира (59), Марсело (64), Роналду (79)



Допқа иелік ету: 55% — 45%
Қақпаға тура соққы: 5-6
Бұрыштама: 4-3
Оффсайд: 3-1
Фолдар: 19-16

Матч басында тактиканы көргенде түсінбей қалдым. Яғни Реал сапында 5 қорғаушы алаңға шықты, бұл қорыққандықтың белгісі секілді көрінді. Кейін Рамостың опорник болып ойнап жүргенін көріп тағы түсіне алмадым, Пепе ойнаса жөн еді.

Эль Класиконың қашанда қаһарманына айналып жүретін арбитр екені белгілі, бұл жолы да түсініксіз шешімдер болды. Ең негізгісі Роналдуға пенальти бермеуі, алайда біздікілердің бұған бойы да еті де үйреніп кеткен секілді.

Сонымен:

Реалдың болашағы саналатын Хесе алғашқы голын анау-мынау емес Барсаға соқты, жарайсың дегеннен басқа ештеме айта алмаймыз:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 10 - тур. Ла Лига. Түсініксіз тактика

Барсаның сайттарында мына сәтті финт деп көрсетіп жатыр екен, сіз финт көріп тұрсыз ба жалпы:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 10 - тур. Ла Лига. Түсініксіз тактика

Санчестің соққан әдемі голы (Лопестің кінәсі көп осы жерде, Касильяс болса алар ма еді?!):
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 10 - тур. Ла Лига. Түсініксіз тактика

Мына жағдайда пенальти берілмеді, неге: (соңғы 6 Класикода гол соққан Роналду бұл жолы бос қайтты)
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 10 - тур. Ла Лига. Түсініксіз тактика

Неймар жақсы ойнады, ал біздің 90 миллиондық Бейл алаңда бар жоғын таба алмадық. Бенземаның сол керемет соққысы голға айналғанда «Бензема пушка страшная» деп атар едік. Сонымен бірге, Вальдестің де ойынын айта кету керек, жап жақсы ойнап жүр.

Бернабеуде басқаша болады, бәрі. ХАЛА МАДРИД !!!
Бөлісу:

5 пікір

Olzhass
Өзілді бекер кетірді.
Adiletshu
Неге осы 38 млн-ға алынған Илярамендиді ойнатпайды?
konvict
Субъективтілігің бар болсын
соңғы 6 Класикода гол соққан Роналду бұл жолы бос қайтты
Сосын ақпаратты тексеріп барып жазғаның жөн болар
konvict
Алвестікі төмендегіге қарағанда әлдеқайда әдемі финт