#23 күн - позитивім таусылған жоқ, уақыт аз :)
Мені бір аптаға жоғалтып алдыңыздар ма? Солай боп қалды енді. Табиғи ақауларға байланысты орнаған үзіліс үшін кешірім сұраймын
Өткенде ставка қоюға шақырып отыр еді біраз адамды, «Эльвира 100 күнге жетпей, тастап кетеді» деп Мен тастамаймын, жүзінші күнді жазамын
Көркем, сұлуым, мені Фейзбуктан қуып әкелгеніңе рахмет Жұмыстан шаршап, ұйықтай салып жүрген ем
Шыны керек, Астананың күзі Алматының күзіне ұқсамайды. Талдар аз, сарғайып, қызарып жатқан жапырақтарды кешіп жүре алмайсың. Бірақ, Астанада көлік кептелісі почти жоқ Кез келген жерге уақтылы жетесің. Астананың ауа райы да сондай керемет болып жүр. Әсіресе, ғимарат ішіндегі жылуын айтсаңызшы. Жаздық киіммен жүреміз үйде
Денсаулығыма назарымды мықтап аударып жатырмын. Бәрі керемет боп кетеді, бұйырса
Адам қаланы ауыстырса да, айналасындағы адамдарды өзгертсе де, бәрібір ештеңе өзгермейді. Адам өзін өзгерту керек, жан-дүниесін өзгерту керек. Кешірімшіл болу керек. Өзім ренжіткен жандардан кешірім сұрап, жақсы қыз боп жүрмін Алғаш боп кешірім сұрағынның бағасы да, сауабы да молаяды деп ойлаймын. Ешкімді ренжітпеуге, ешкімге ренжімеуге тырысып көремін енді
Сенім мен арман мақсатқа жетелейді. Армандайық, сенейік, мақсатқа ұмтылайық
Ойымда тұрған позитивтарым көөөп еді, ұйқы кірпігіме отырып алып, шақырып жатыр, шақырып жатыр
Қыздар, көп ұйықтауға тырысыңыздар, ол ағзаға өте пайдалы. Ұйқысы қанбай жүрген адамдарда зат алмасу процесі баяулайды да, ішкен ас қорытылмай, денеге май боп жиылуы мүмкін. Кеттік, ұйықтайық
11 пікір