Спорт туралы ұғым

Cпорт жаңалықтары: Спорт туралы ұғым
Спорт ағылшын тілінен аударғанда «ойын, көңіл көтеру». Спортты біз қалай түсінеміз, спортқа деген көзқарас? Жалпы қазақ халқы спортты қаншалықты сүйеді, қаншалықты күйінеді. Спорт ол жұдырық алып, көше төбелес емес. Спорт-ол мәдениет. Спорт-ол интеллектуал. Спорт-ол қозғалыс.Спорт-ол күрес. Спорт әр адамның өмірінде орын алып жатыр. Қарапайым ғана жүгіру мен жүру немесе баспалдақпен жоғары -төмен түсу. Спорттың адамға берер пайдасы шаш етектен. Үнемі бір формада болу, сұлу бітімде қалыптасу, денсаулықты жақсарту және творчестволық-интеллектуалдық қабілетті өсіру және де мінез құлық қалыптасады.Алға қойған мақсатқа жетуді және қалай жеңу жолдарын үйретеді. Көңілімізге қуаныш пен күш сыйлайды.Әрі спортпен айналысып жүрген замандастармен ешқашан зерікпейсің де. Егер өзінің сүйікті спорт түрімен айналыссаң зерігуге де уақыт жоқ. Әр спорттың өзіндік заңы мен тарихы бар. Біздің елде қай спорт саласы жақсы дамыған және дамымай ақсап келе жатқан түрі бар. Алдағы уақытта біле жатамыз.
Жалпы спортты бөліп қараймыз. Кәсіпқой спорт, әскери қорғаныс спорт, ұлттық спорт, көпшілік спорт және спорттың жоғарғы жетістігі.
Бөлісу:

15 пікір

Beytanis
Өзің спортпен айналысасың ба?
AnarAlibayeva
Кәсіпқой ретінде бұрын қатыстым, ал қазір өзім үшін дене қозғалыс. Спорттан қол үзген емеспін.
SLIPKNOT
Спорт — әр адамның сүйікті ісіне айналғанда ғана тәрбие құралы бола алады...(Сухомлинский)
saltaps6
сіздің постыңыздың мәнін түсінбедім, шыны керек тура бір постты сайтқа жүктеп жатқанда соңына дейін мақаланың басы ғана ілінгендей әсер береді. Дегенмен, иә, спортпен шұғылданудың мән-маңызын бәрі біледі.
AnarAlibayeva
Ойлау деңгейіміз екі түрлі болар. Өзім спортқа қатысқасын өзімше түсінгенімді жаздым. Ал егер түсіндіре алмасам жазудағы тіл байлығым аздықты білдіреді.
MickThatsMyNick
Жан-жақты спорт насихаты керек, өйткені көбісі қазіргі таңда фитнес десе шошынатын болып кеткен. Дене мен жан гармонияда болу керек, сонда ғана «центрированность» болады.)
bazuka
спортты жақсы көремін. өзімше жан-жағымдағы құрбыларыма насихаттап та жүрмін, бірге жүгіреміз, жаттығу жасаймыз қазір. өзім тұратын аудан орталығында фитнес орталығын ашайын деп анкета жүргізгем, нәтиже жоқ(( сондықтан бұл шаруамен жалғыз айналысу мүмкін емес әзірге
AnarAlibayeva
аудан болса фитнестен гөрі үстел теннис ашып көр.
Adiletshu
Аша бер. Барады адамдар
Beytanis
Өрімдей жас кезімде аулада футбол ойнайтын едім
Ispek92
Айтпа, біздер тырнақ сынғанша ойнайтынбыз қан болып, жалаң аяқ. Қазіргі балалар футбол ойнамайды, темекі мен агент тек қызығы деп ақылды боп кетейнч
Beytanis
Біреуге еліктейтін бе едіңдер? Мәселен, «пәленше» секілді ойнаймын дегендей…
Ispek92
Негізі мен ия, бала кезде Зиданмын дейтінмін, 10 номерім болды, қазір арыстанша атылатын Касильяспыз