«Америкалық арман» көрмесі

Блог - qisyq: «Америкалық арман» көрмесі

Достар, мынадай жаңалықпен бөлісе отырайын.

Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы 19 қазан күні «Алматы Тауэрс» ғимаратында (Байзақов-Сәтпаев қиылысында) өтетін білім және туризмге арналған American Dream Expo («Америкалық арман») көрмесіне шақырады.
30-дан астам американдық университеттің өкілдері өздерінің білім беру бағдарламалары, грант және стипендиялар және университетке құжат тапсыру үрдісі жайлы айтып береді.

АҚШ-қа виза алу туралы толығырақ білуге, EducationUSA орталығының тегін академиялық кеңесін алуға және американдық университет түлектерімен кездесуге болады.

Сонымен қатар, көрмеде туристік агенттіктер Америкаға саяхат және демалысқа арналған арнайы ұсыныстар тарту етеді. Қонақтар арасында Американың ең танымал қалаларына баруға арналған 8 авиабилеттің бірін жеңіп ала алады, сонымен қатар басқа да сыйлықтар ойнатылады.
«Көрме барысында сіздерді американдық көңіл-күймен қамтамасыз етеміз!» деп отыр ұйымдастырушылар.

Күні және уақыты: 19 қазан 2013, 12:00 ден 18:00 дейін
Өтетін жері: Алматы Тауэрс, Байзақов көшесі, 280, Сәтпаев көшесінің қиылысында
Билеттерді 1000 теңгеге Меломан дүкендер желісінен және Ticketon.kz сайты арқылы алуға болады.

Жаңалықтарды Twitter-ден біліп отыруға болады екен.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше