"Бруно 667"

Жер планетасына ұқсас планеталарды экзопланеталар деп атайды. Ғалымдар бекіткен түрлі шарттарға сай келген планета (көлемі, сыртқы түрі, атмосферасы және т.б.) біздің Жерімізге ұқсас, потенциалды тіршілік иелері бар планета деп әзірше саналуда. Ондай планеталардың біздің Құс жолы галактикасында мыңдағаны ашылды, алайда олардың ең жақынының өзі бізден мыңдаған жарық жылдары қашықтықта жатыр. Экзопланеталарды ашуды «Кеплер» жобасы қолға алған. Әзірше мықты деген құралдардың өзі тек Құс Жолы галактикасынындағы экзопланеталарды аша алады, ал біздің әлемде Хаббл телескопы анықтағандай галактикалардың саны шектеусіз.
«Бруно 667» атты жоба Күн жүйесіне ең жақын орналасқан экзопланета Глизе 667-ге аяқ басатын алғашқы адамдар тобын дайындаған болатын. Күн жүйесінен шыға алатын, үшінші ғарыштық жылдамдығына ие ғарыш кемесін ғалымдар Джордано Бруноның ескі еңбектерінен табылған алғашқы сілтемелер арқылы ойлап тапты. Екі рет «Бруно 667» кемесі автоматты түрде Күн жүйесінен шығып, экзопланетаның анық суреттерін Жерге жіберген болатын. Аталмыш суреттерден Глизе планетасының уранға бай екендігі анықталды. 2817 жылы Жердегі барлық энергияның көздері тек уранмен жұмыс жасап жатқандықтан, Глизеге космонавтттар тобын жіберу жобасын НАСА басшылығы бірден қабылдады. Экипаж 7 адамнан тұрды: 4-уі қазақ, 1-уі- АҚШ азаматы, қалғаны Ресейлік мамандар. Төрт қазақтың ғарышқа ұшатындығы Ресей-Қытай Басқармасының қарамағындағы автономиялық мемлекет боп саналатын Қазақстан азаматтарын қатты қуантты. Олар оны өздерінше бір белгі ретінде бағалады. Алайда экипаждың жартысынан көбі қазақ болуында ешқандай ерекше ешнәрсе жоқ еді, шынында 2817 жылдары космонавттар ерте кездердегідей аса құрметті қоғам мүшелері емес еді. Ең ауыр, қауіп-қатерге толы, кәсіби авариялар саны көп сала космонавтика еді. 1990 жылдардан бастау алған ғарыш қоқыстары бұл кездері шегіне жеткен еді, ескі жер серіктері, космостағы авариялардың қалдықтары әрбір төртінші ғарыш кемесінің күлін тура мағынасында көкке ұшыратын. Сондықтан да, ең ауыр, ең бастысы белгісіз осы жобаға қазақ космонавтттарын алу шешілген еді.
Келесі бөлімде экипаж мүшелерімен таныстаын боламыз.

Экзопланеталар туралы оқығыңыз келсе: ru.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BA%D0%B7%D0%BE%D0%BF%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D0%B5%D1%82%D0%B0
Глизе 667 с туралы: ru.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%BB%D0%B8%D0%B7%D0%B5_667_C_c
Хаббл телескопы ашқан галактикалар туралы: www.adme.ru/illustration-and-photography/30-luchshih-fotografij-teleskopa-habbl-457105/
Ең бастысы ғарыш қоқыстары /космический мусор/ туралы: ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D1%81%D0%BC%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9_%D0%BC%D1%83%D1%81%D0%BE%D1%80
Бөлісу:

3 пікір

ken
Жақсы. Келесі бөлімін күтем(із).