#15 күн - Демалыстың аты - демалыс! :)

Бақытқа бастар 100 күн: #15 күн - Демалыстың аты - демалыс! :)
Бақытқа бастар 100 күн: #15 күн - Демалыстың аты - демалыс! :)

Ghetto Dogsтың әндерін тыңдап, тырқылдап отырмын

Барлықтарыңызды бүгінгі Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!

Астананың ауа райына күн өткен сайын ғашық болам. Түні бойы жылудан ысып кеткен бөлмеден таңертең балконға шығып, таза ауаны құшырлана, қомағайлана жұту деген рахат қой, шіркін  Ұйқың бірден ашылып, сергіп қаласың

Демалыс деген… сөз жетпейді ғой. Түске дейін ұйқы. Ешқайда асықпайсың. Қалағаныңша қыдырасың

Демалыс, әдетте, қыздарда қалай өтеді? Үй жинау, маска жасау, жуыну, тарану, бояну  Дәл осылай өтті бүгінім. Енді ерте жату ғана қалды

Айтпақшы, өмірде түрлі адамдар болады. Өзіндегі «кірді» айналасындағылардың бәріне жаққысы келеді. Өзінің өмірдегі жаман жан екенін мойындағысы келмей, айналасындағыларды қатарына қосып алғысы келетін… Олардың дәрежесіне түсіп, дәл өзі құсап жауап берудің, жалпы жауап берудің қажеті жоқ екен. Соны түсініп қалды
Өз әлеміңді өзгенің таптауына жол берме! Болғаны сол ғана

Қой, мен ұйықтайын…

Ghetto Dogsтың әндері шынымен күшті-ақ. Құрығанда, күліп аласың

Қайырлы түн!

Бақытқа бастар 100 күн: #15 күн - Демалыстың аты - демалыс! :)
Бөлісу:

5 пікір

Lyaila
«Бақытқа бастайтын күндерді» бір деммен оқып шықтым, тұнып тұрған позитив! Барлық дүниеден тек жақсыны көре білу де тек бақытты жандарға бұйырған ләззат болар… Бақытты күндерің жалғасын тапсын демекпін!
Korkem
и жазшиш, немяғып тохтақалдың?