#12 күн - Әркім - өз өмірінің бояушысы
Достарым, достарым! Барлық күнім дәл бүгінгідей тамаша өтсінші!
Сенбі болғандықтан ба, бес күндік жұмысқа үйреніп қалғандықтан ба, жұмыс істеуге аса зауқым болмады. Маужырап, ұйқы қысып, қызық күйде отырдым.
Таңдағы таза ауа сергітіп, ұйқымды шайдай ашқан еді. Оның үстіне даланың тұманы қуантып қойған. Кеше айттым ғой, Астана Алматыны сағындырмайды екен. Тіпті тұманын айнытпай салады
Жұмаста шар үріп, жас балаша қуанып отырдым. Жас бала сияқты қылықтар жасаған да шығармын Кеңседе «Шар не үшін», "Қандай мейрам" деген сұрақтардың жиі қойылуына себепкер болдым
Әп әдемі, түрлі түсті шарлардың адамға керемет көңіл-күй сыйлайтынын білесіз ғой. Бірден мәз боп шыға келесің.
Осылай
Жұмыстан соң Мерей құрбыммен Керуенде кездесіп, көтеріңкі көңіл-күй салынған шарларымды сыйладым. Ол мәз боп, күлімдеп шыға келді
Мерей ол шарларды балақайларға сыйлап, бәріміз бақытты болдық Кішкентайлардың мәз-мейрам болып, шармен ойнап жүргенін көрсеңіз Балалық шаққа оралып, қосыла кетіп, асыр салып ойнағың келеді
Әрбір күніңізді күлімдеп, қуанышпен өткізем десеңіз де, мұңға батып, қайғыға беріліп өткізем десеңіз де — өз қолыңызда! Өміріңізді түрлі түсті, позитивті өткізу де, сұр түске бояп өткізу де тікелей өзіңізге байланысты. Күлімдеңіз, айналаңызға күлкі сыйлаңыз.
Жалпы айтып жатырмын, қандай ирония, Мерей есімді қыздардың менің жарым болу ықтималдығы — 0 пайыз.
менің жағдайымда солай сияқты енді. без шансып