#4 күн - Адамзаттың бәрі - асыл

Бақытқа бастар 100 күн: #4 күн - Адамзаттың бәрі - асыл
Бақытқа бастар 100 күн: #4 күн - Адамзаттың бәрі - асыл

Ауыр, артық ойлар адамның еңсесін де, денесін де басып тастайтын сияқты. Таңда бетім ісіп, умаждалып оянатын әдетім 3-4 күннен бері азайып барады. Жеңіл қимылдаймын. Шынымен, арқама көрінбейтін қанат біткен сияқты  Күлмеңіздер, сау күйімде жазып отырмын  

Көп жымиям, көңілді жүрем. Жасанды емес, шынайы. Айналамдағы адамдардың бәрі жап-жақсы секілді. Бәріне мақтау айтып, қуантқым келеді.  

Бүгіннің басты позитиві — Астанаға қар жауды. Таңдағы салқынымен ұнап тұрған күн қарын себелеген соң тіптен керемет боп кетті. Сары жапырақтар, ақ ұлпа қар, Ақ Орда, Бәйтерек… Алғашқы қарды жаңалықтардан жарыса айтып, Астанаға әдемі PR кетті бүгін  

Қардың жауғанына шуылдасып, ерінбестен сыртқа шығып, суретке түстік  
Бақытқа бастар 100 күн: #4 күн - Адамзаттың бәрі - асыл
Осы суретіме ыстықтап отырған кей қаланың тұрғындары ашумен лайк басып кетті Фейзбукта

Юрий Шатуновтың «Снег в Сентябре» әні еске түсті қайта-қайта

Біраз шаруаларды аяқтап, мадис болдым

Іштей реніштің туындауына себеп болған жандармен жарасып кеттім. Кінә оларда емес, өзімде екен. Мен ешкімді түсінуге тырыспаған сыңайлымын. Өзімшілдік қой. Әлде эгоисттік?

Барлық адам жақсы. Тек қатынастар ғана жаман болады. Біреуге көңіл суытпас бұрын оны барынша түсінуге тырысу керек екен, себепсіз адам өзгеріп кетпейді. Уай, мен ақылды бола бастаппын ғой

Бақытқа бастар 100 күн: #4 күн - Адамзаттың бәрі - асыл
Бөлісу:

7 пікір

AKY
құддай жаным, позитибіңді күтіп, ұқтамай жатырқ сол
asaubota
бүгін #КВН -ға барасың ба aikarakoz?
Arhun
Тоңды-ау, қыз-ау!
abzalsariyev
Асылзаттың бәрі Адам)
ken
Басқа кию керек. Бұл Алматы емес, шәпкісіз жүре беретін.