#3 күн - Жақсы адамның ашуы шәйі орамал кепкенше
Көзім жеткені, қандай көңіл-күймен ұйықтасаң, сол көңіл-күймен оянасың. Осы жобамды бастағалы ұйықтар алдында күні бойына орын алған позитивтерді еске түсірем де, шаршағанымды да, басқасын да ұмытып кетем. Көтеріңкі көңіл-күймен ұйықтап, сол сезіммен сергек оянып жүрмін. Бұл маған ұнайдыыыы
Жұмысымды тиянақты атқардым, алғашқы сұхбатым жарияланды сайтымызға. Былай жақсы шыққан сияқты
Кеңседегі орындарымыздың ауыс-түйісіне аздап көңілім толмай қалған болатын. Ашуым маңдайымнан бұрқ етіп тер боп шықса да, тез-ақ жиып алдым өзімді. 5-10 минут ішінде ұмытып кеттім. Бұл — мен үшін үлкен жетістік .
Жыр болған төлқұжатым қолыма тиді. Оны тауып алған қыз мені Артем базары жаққа шақырды. Мейірбан, арайлы әріптестерім мені жалғыз жібергісі келмей, қасыма Даниярды қосып жіберді. Жап-жақсы, жүрегі мейірімге толы, тілалғыш, көмектескіш Даниярды сондай жақсы көрем. Ғашықтық сезіммен шатастырып жүрмеңіздер
Ұйымшыл ұжымымды ерекше атап өткім келеді. Бірлігіміздің жарасқаны сонша, бәріміз түгелденбейінше түскі асқа да бармаймыз, күтеміз. Көз тиіп кетпесін
Кешкісін сабырлығыма сынақ көп болды. Атқаруым керек нәрселер атқарылмай, жазып отырған дүниелерімді өшіріп ала бердім. Баяғы көзімнің жасы мөлтілдеп тұрса да, өзімді барынша ұстауға тырыстым. Адам ашуланғанын білдіртпеуге тырысқанда өтірік күле береді екен ғой Менде сондай жағдай болды.
Бірақ, ол сәтсіздіктердің бәрі жақсылыққа екен. Жазып отырғанымды өшіріп алмағанымда үлкееен қатемді көрмей, ұят болғалы тұр екен. Кейіннен байқадым. Барлығын асықпай реттеп, қайта жазып шықтым. 1 күннің арысы не, берісі не, құрысыыыыын .
Өмір өз ағымымен ағып жатыр. Одан тек қараңғы түнекті көретін де, тек жарық сәулені байқайтын да өзім. Айналамда орын алып жатқан құбылыстың бәрі — менің ойымның нәтижесі. Анда-санда кездесе қалатын сәтсіздіктер тек жақсылыққа бастайтынына сенем. Бүгінім дәлел.
Дәл қазір жауып тұрған жаңбыр сондай ұнайды. Иісін айтсаңызшы!
Айтпақшы, Керектегі айналып тұратын аватаркалар қатты ұнады, бүгін байқаппын. Шыр айналдырып, мәз болдым
11 пікір