Түймені басыңыз, қалғанын өзіміз істейміз!
Бұрын ертегіден ғана оқитын адам айтса сенгісіз қабілетке ие кейіпкерлердің күнделікті өмірде қолданып жүрген тұрмыстық затқа айналып кеткеніне де біршама уақыт болып қалыпты. Оқу-білімнің арқасында адамзат алып жер шары мен жан-жануар атаулыны төрт бұрышты теледидарға сыйдырып, «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызып» қойды. Бұл жазбада адам қолынан жасалған керемет туынды — фотоаппарат туралы сөз етпекпіз.
Сонымен, Сіздің қолыңызда фотоаппарат бар делік. Оны қалай қолдану керек екенін ішіндегі нұсқаулықтан оқып алуымызға болады. Бірақ ол нұсқаулықты арнайы уақыт бөліп оқуға еріншектік танытамыз. Кәсиби фотограф емес екендігімізді білсек те жақсы фотосуреттер түсіргіміз келеді. «Мен фотоаппарат сатып алдым. Техникалық терминдерді білмей-ақ уақытымды шығармашылық жұмысқа арнағым келеді» деген сөз өте күлкілі естіледі. Егер түсірген суреттеріңіз көрген адамның көңілінен шықсын десеңіз, тым болмағанда фотоаппарат дегеннің не екені туралы аз да болса түсінігіңіз болуы керек.
Фотоаппараттың шығу тарихы
Бәріміздің үйімізде ата-аналарымыз жас кезінде түскен фотосуреттер бар. Өткен күндердің ерекше естелігі болып қалған сәттерді сан мәрте тамашалауға мүмкіндік берген фотоаппаратты кім ойлап тапты екен?
Фотоаппараттың жасалуы оптика, физика мен химияның дамуымен тікелей байланысты. XVIII ғасыр басында химиктер жарық сезгіштік қасиетін анықтау мақсатымен әр түрлі препараттар мен элементтерге тәжірибе жасаған. Ғалымдардың басты мақсаты — кескін бейнесін құрылғыда ұзақ уақыт сақтап қала алатын нәрсе ойлап табу болатын. Бірақ олардың ойы іске аспады. Жарық түсіргенде кескін жоғалып кете беретін болды. 1770 жылы Карл Шееле есімді Швециялық химик жоғарыда айтылған ойды іске асырды.
1816 жылы Жозеф Нисефор Ньепс кабинетінен түсірілген бейнені қағаз бетіне түсіре алатын фотоаппарат ойлап тапты. Арада бір жыл өткеннен кейін Карл Гаусс объективтің алғашқы модельін жасады.
1889 жылы Джордж Истман суретке тез түсіретін камера ойлап тапты. Ол өзінің жасап шығарған дүниесін «Кодак» деп атады.
Түрлі түсті фото 1935 жылы пайда болды.
1970 жылдан бастап электрониканың арқасында фотоаппараттың мүмкіндіктері кеңейе түсті.
1988 жылы «Fujifilm» компаниясы алғаш рет цифрлық фотокамера шығарады.
Алғашқы фотоаппараттың шығуына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, басты ұстаным өзгерген жоқ «Сіз түймені басыңыз, қалғанын өзіміз істейміз!»
Керек кеңес
Фотосуретке түсірумен енді айналыса бастағандарға төмендегідей кеңес береміз:
1. Суретке фотоаппарат емес, фотограф түсіреді!
2. Фотоаппарат объективінің таза болуын қадағалаңыз. Объектив неғұрлым таза болса, түсірген суреттеріңіз де сапалы болады.
3. Объективтің қақпағы қымбат не арзан болуы ешқандай рөл ойнамайды.
4. Табиғат аясын суретке түсіруге бел бусаңыз, өзіңізбен бірге басы артық зат алып шықпаңыз. Ол Сізге шапшаң қимылдауға кедергі жасайды.
5. Фотоаппаратты үнемі өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
6. Тәжірибе жинағанша фотосуретке жиірек түсіріңіз.
7. Жиі түсірем деп не болса соны түсіре бермеңіз.
9. Ішімдік ішкен күйі суретке түсірмеңіз.
10. Сіз түсірген фотосурет Сіздің ішкі әлеміңізді бейнелейді.
12. Өз-өзіңізге сын көзбен қараңыз.
13. Фотоға түсірген сайын "Қалай түсірдім екен?" деп қарай бермеңіз.
Жақсы фотосурет деген не?
Түсірген фотосуреттегі көрсеткіңіз келген детальдар көлеңкеде қалмай, анық көрініп тұруы керек.
Суретке түсетін объект тым кішкентай немесе шектен тыс үлкен болып кетпеуі керек. Сол себепті түсіргелі тұрған нәрсенің көлеміне назар аударыңыз.
Ең бастысы, түсірген фотосуретіңіз көрген адамның көз жауын алып, эмоция тудырса — мақсатыңыздың орындалғаны.
Ал, ендеше, сәттілік!

17 пікір