Өзіңді өзің сыйласаң, жат жаныңнан түңілер
Неткен жалтақпыз! Өз күшімізбен бірдеме істейміз дегенге үрейлене қараймыз. Ауылдағының аузы сасық дегендей… Халқымыздың тең жартысы мәңгүрттікпен күн кешуде. Екі қазақ қате-қате болса да, орысша сөйлеуге тырысады. Дүкенге барып, сатушы қазақ қызға, «Нокиаға жіңішке қуаттандырғыш беріңізші» десем, «какое? какое?» деп түсінбей, қолмен көрсетіп, ымдап жүріп әрең тауып берді. Онымен қоймай беріп жатып, «Это называется — тонкое» деп қояды. «Тонкое емес, жіңішке» деп бетіне бажырая қарадым. Ал ол мені өзінше қазақбай деп менсінбей тұр. Қазіргі халықтың көбісі, өздерін қазақша сөйлесе екінші сорт сезінеді, орысша сөйлесе дамағын заманауи адамдай болып тұрады. Қайдан білсін, нағыз заманауи көрінгісі келетін адам болсам, менің одан «Please, give me the charger for nokia with thin ending» деп сұрауға дәрежем жететінін. Біздегі ең басты мәселе, орыс ағайындар емес, осы қазақшаны менсінбейтін қазақтар. Оларды жеңу мүмкін емес те болар. Міне осындай халықпыз. Әйтпесе атам қазақ айтпады ма, "Өзіңді өзің сыйласаң, жат жаныңнан түңілер", -деп. Бар қазақ бір қазақтай қазақша сөйлеп, жалтақтауымызды қойып, еңсеміздік тік ұстасақ, өзге ұлт көкірегін осынша керер ме еді?! Көңіл-күйім түсіп кетті
12 пікір