Қазақ тілі пәнінің сағатын азайту керек!
Дұрыс!
Себебі ме? Бірнешеу!
Өйткені бұрын аз болған, 2007 жылғы 25 қаңтардағы ҚР БҒМ-нің №25 бұйрығының негізінде факультатив сабақтардың есебінен 2010 жылы қазақ тілі пәнін 2 сағатқа көбейтіп жіберіпті. Ал бұл өзге тілдегі мектептердегі бағдарламаны шым-шытырық қылған да қойған.
Зардабы қандай болды?
Біріншіден, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша ана тілі болатын пәннен өзге тілдегі пәндердің сағаты көп болмау керек. Ал қазақ тілінің саны жоғардағы әрекеттің кесірінен көбейіп кеткен.
Екіншіден, орыс мектептерінде (тек орыс мектептері емес, ұйғыр/өзбек/тәжік) сабақ кестесі қазақ мектептерінен көп болып отыр.Ал бұл өз кезегінде көп ұлтты Қазақстан үшін азаматтардың құқығы тапталуы деп жіберейік.
Үшіншіден, оқушылардың таңдау курстары, факультативтер, үйірме жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі мектептердің таңдау еріктілігі жойылған.
Төртіншіден, қазақ тілі сабағы екі топқа бөлініп өткізілуі керек. Ал мына көп сағатпен мектептер кабинет таба алмайды. Содан соң мектеп әкімшілігі бәрін біріктіріп жіберері даусыз. Демек, оқу бағдарламасының өзі қысастықты қолдан жасап беріп отыр деген сөз. т.с.с.
Ал енді сағат санын қысқартқанда қандай пайда бар?
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары деген бар. Сол бойынша оқушылар қарым-қатынас жасауды меңгеру керек. Яғни, түсінісу ғой. Жазбаша-ауызша. Ал ондай жұмыстарды қазақ тілі сабағында емес, факультативті, үйірме жұмыстарында жүргізілу керек екені белгілі.
Содан кейін, қысқартылған сағаттың есебінен, 9-11 сыныптарға биылғы оқу жылынан бастап «Өлкетану» (7-сынып), «Абайтану» (9-11 сыныптар) курстары енгізілді. Ал бұлар мектептің оқыту тіліне қарамастан қазақ тілінде жүргізіледі.
Яғни, қатып қалған грамматикамен емес, қарым-қатынас жасау, практика жүзінде тіл үйрету мәселесін шешу қарастырылып отыр.
Осы жерде өз басымдағы жағдайды айт кетейін, мектепте жүргенімде «Орыс тілі» пәнін толық болмаса да, төрт пен беске оқыдым. Әрине, грамматикасын. Ережелерді судыратып, талдап-ақ тастайтынмын. Бірақ ауызекі сөйлеу… Ия, айтуға оңай!
Ойлап қарасақ, орыс тілін де сол пән арқылы үйренген жанды кездестірмеппін. Бәрі практика арқылы үйренген. Себебі, оқыту жүйесі қиындау. Ал ағылшын тілін меңгере аламыз. Себебі оны оқу ыңғайлы.
Сонымен, сізге қайсысы жөн? Сөйлете алмайтын бес сағаттық сабақ па, әлде меңгеруді жетілдірген үш сағаттық жүйе ме?
Пы.сы. Ы. Алтынсарин атындағы Білім академиясындағылардың айтуынша, жуық арада орыс сыныптарында «Қазақстан тарихы», «География» пәндерін оқыту қазақ тілінде жүзеге асырылғалы жатыр. Алғашқысының Ұлттық тестілеуде міндетті пән екенін ескерте кетейін.
Пысының. пы.сы. Егер түсінбей жатсаңыздар, толығырақ www.bilimnews.kz сайтынан біле аласыздар
Себебі ме? Бірнешеу!
Өйткені бұрын аз болған, 2007 жылғы 25 қаңтардағы ҚР БҒМ-нің №25 бұйрығының негізінде факультатив сабақтардың есебінен 2010 жылы қазақ тілі пәнін 2 сағатқа көбейтіп жіберіпті. Ал бұл өзге тілдегі мектептердегі бағдарламаны шым-шытырық қылған да қойған.
Зардабы қандай болды?
Біріншіден, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша ана тілі болатын пәннен өзге тілдегі пәндердің сағаты көп болмау керек. Ал қазақ тілінің саны жоғардағы әрекеттің кесірінен көбейіп кеткен.
Екіншіден, орыс мектептерінде (тек орыс мектептері емес, ұйғыр/өзбек/тәжік) сабақ кестесі қазақ мектептерінен көп болып отыр.

4 пікір