Тордан қайтқан доп

Ертең не боларын кім біліпті? © Ұрқия кемпір

Бұл мақаланы өзге қауымдастықтарға да шығаруға болатын еді. Мәселе, «Менде бір керемет сюжет бар», «Тек қана футбол»…

Бірнеше жыл бұрын қазақстандық бір танымал футбол клубы 3 миллион доллар шамасындағы сомаға Ганадан легионер алдырады. Трансфер аяқталып, Эссьен мен Гьянның жерлесі жасыл алаңдарды жайқалтып доп тебеді деп күткен қауым ол азаматты жоғалтып алды. Сол кездің өзінде оның жасы 35-ке таяған еді.

...2008 жылдың қарашасында ішкі істер органдарының қызметкерлері нашаның ірі партиясын алып бара жатқан бір адамды Алматының төрінде құрықтады. Азамат қара нәсілді болып шықты. Келесі көктемде 12 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім алған жігітті Жаңғызтөбедегі түрмеге аттандырды. Футбол жайлы ұмыта беруге болар еді. Әлде…

Бұл жігіттің есімі — Акосах, тегі — Томас. Кәсіби футболшыдан кәсіби қылмыскерге (мұндай термин бар ма өзі?) айналған Акосах ептілігін танытып, Жаңғызтөбедегі сұрқай абақтыдан Алматының іргесіндегі бұрынғы менттерге арналған түрмеге ауысып алды.

Соккер соққыр: Тордан қайтқан доп

Акосах жаңа мекенінде тәубеге келгендей. Қасындағы зэктерден футбол командасын жасақтады. Бар білгенін үйретті. Өзі төрешілік ебін де ашты. Қызыл қағаз көрсеткенде, бұрынғы прокурорларыңның өзі үнсіз кете барады.
Ол құрған құрама колониялар арасындағы Алматы облысының спартакиадасында жалпы режимдегі колония өкілдерін ойсыратып тұрып жеңді. Есеп 9:1.

Акосахты Ганада шешесі мен баласы күтуде. Қасындағылардың кәртішкелерінен телефон шалып тұрады. Алайда өзі әлі көп отыруы керек. Сол себепті амнистияға ілігуге, болмаса өзге құрлықта отырған бір қазақстандықпен мемлекеттің ауыстырып алуына үміттенеді. Құрығанда, елді мекендегі колонияға шықсам да болар еді дейді. Сол жерде олимпиядалық деңгейдегі бір команда жасақтап шығарар ем дегенді қосады тағы.

Алайда, бүгінде ганалық өзін найман санайды. Қалжыңы ғой. Маңындағылардан жұқтырған-ау. Оның үстіне «Гана мен біздің ел арасында елшілік те жоқ екен, кімге барып, кімге айтам?» деп мұң шағады Акосах.

Сөйте тұра, жүзіне күлкі ұялаған жігіт үмітін үзбейді. Әр күнін толық өткізеді, бүгінмен өмір сүреді. Отбасы, үй, қызмет… Оның бәріне қазір алаңдайтын жағдай емес. Бостандық ақшадан қымбат құндылық екенін ұғыну үшін жылдар кеткендей. Қазір оның тепкен доптары өзге тордан қайтып жатыр.
Қазіргі оның межесі — қазанда болатын жалпы режимдегілермен қарымта матчтағы жеңіс. Күрделі тағдырлардың қарапайым қуаныштары.

Осындай бір жазмыш. Жігіттің не нәрсеге лайықтығын әркім өзі саралай жатар.

Ал менің жүректен бұрын қимылдайтын миым осындай бір сауалдарға шомыла берді:
Акосах еліне ертерек қайтар ма екен түбі?
Наша тасығандағы үстінде тұрған маңызды кісілер ұсталды ма?
Футболдағы тірлігі еленер ме екен?
Трансфердегі біздің клубтың ақшасы сол күйі қайтарымсыз кетті ме екен?
Адамдар қашан өзгелердің қателігінен үйрене бастайды?
Бөлісу:

8 пікір

MERmukhanov
/Дерек көзі — ғаламтор мен баспа БАҚ-тардан./
bizbike
Бұл шын болса, неге футбол командасында ақысыз жұмыс істеткізбеске?
Соңғы түзету:
MERmukhanov
қара құл иеленушілерді есіме түсіріп жібердіңіз
bizbike
жоқ, жай түрмедегілерді асырау үшін де қырғын ақша кетіп жатыр ғой, ал мектептегі балаларға кітап беруге қаржы жетіспейді екен. Неге сол түрмедегілердің еңбегін пайдаланбасқа? Тегін жұмыс жасасын құрылыста, тағы басқа жерлерде.
MERmukhanov
Қателеспесем, Чилиде бір ресейлік түрмеден сұранып, бір клубқа барып, ойнап тұрады-ау дим келісім бойынша.
Adiletshu
Жақсы жазады екенсің. Спорт тақырыбында жазып тұршы
asaubota
футболшы екеніне күмәнім бар. 35 жастағыны біздікілер алмайды және андай ақшаға. мүмкін футбол ойнап қалармыз деп біраз негр осылай ел аралайды. Алматыда Африка Юнайтед деген әуесқой лигада ойнайтын командалары да бар, түрлі жерлерде жұмыс істейді. оның ішінде әрине есірткі де бар.

мынау таза наркодилер. Времяның қайғы сұхбаты бүгін спорт сайттарында хит болыпты. ақпаратты тексеріп алмай сене бермеңдер

міне мына ақпаратқа сенемін online.zakon.kz/Document/?doc_id=30655955
MERmukhanov
Ақтөбенің Фенердің орнына баруы мен Мәсімовтің отставкасына жетпесе де, таймдағылардың өздерін алдап соғуы мүмкін
Не болса да, бір реп болды тәуір.