Ауылым - береке қонған мекенім
Қайда журсем естен кетпейсін
Көңілімде менің көктейсің
Бір жалын бар бойда сен жаққан
Жүрегімде мәңгі өшпейтін
Гүлімдей жайнап, асырсалып ойнап
Еркелеп өскен ауылым, — деп Нұрлан Өнербаев ағамыз әндеткендей туып-өскен жерің қашанда ыстық қой. Еңбек демалысын өткеріп, «комфорт аймағымен» қайта қауышып, тіршіліктің қамымен жүргенде екі ай уақыт зымырап өте шығыпты. Атамның көзі барда бір айдан артық уақыт ауылға бармау мен үшін үлкен күнә болатын. Мерекелік демалыстарды айтпағанда сенбі, жексенбі күнгі демалысты пайдаланып, Атам мен жаңа өсіп келе жатқан қарындасымның сыбағасын ала сала ауылға асығатынмын.
Ауылда уақытты жыл мезгіліне қарап есептейді. Тұрғындары, яғни ауылдастарым ауылдың қу тіршілігі мен жазылмаған заңдылықтарын ескере отырып, нарықтық экономикаға бейімделіп, барлық шаруаларын жолға қойып, өз ағысымен еркін ағуда. Бұрындары сиыр сауып, өріске айдап, қойды кезекпен жаятын болса, уақыт өте, заман талабына орай түйе, жылқы сауып қымыран, қымыз өндірісін қолға алып, дамытуда. Қойды кезекпен жаюды қойып, шамасы келгені қойдың басын арттырып, жеке бағып-өсіруді қол алған. Ауыл жастарының негізін жоғары сынып оқушылары мен әр жылғы мектеп бітірген түлектердің «Маған оқудың қажеті жоқ. Тангенс, котангенстің мал бағу, кетпен шабуға көмектесетін түгі де жоқ» деп түйін жасағандардың бірен сараны құрайды. Кейбір жылғы бітірушілер, мысалы менің сыныптастарымның негізгі бөлігі(ұл балдар) ауылда қалып қойған.
Бір-екі май құю бекеті, кіші дүкендер мен мектеп, аурухана сияқты мемлекеттік мекемелерді есептемегенде ауылдың негізгі айналысатын жұмысы ауылшаруашылық өнімдері және мал шаруашылығы. Мал шруашылығына қатысты мемлекеттік бағдарламалар бойынша (мыс. «Сыбаға») қаржы алып, шаруасын дөңгелетіп кетіпті дегенді өзім естімедім. Құжат жинау деген ауыл тұрғыны үшін дүниедегі «ең азапты» жұмыс. Менің білуімше көпшілігі қолында бар аз малын, сатпай жылдан-жылға жеткізіп, асырап, көбейтіп жатыр. Көзін тапқандар алып-сатарлықпен айналысып екі асап жатыр.
Екінші жұмысқа кеңірек тоқталып кетсем деп отырмын. Біздің ауыл (ОҚО, Арыс ауданы, «Көкжиде» елдімекені) бақша дақылдарын өсіріп, өндіруге қолайлы орналасқан жер. Ауа райының қолайлылығы сондай күздің алғашқы айы, яғни қазіргі уақыт сол өнімдерін пұлдап алуға қолайлылық тудырып, бір тамшы жауын жаумай, дихандарға қарасады. Бұл науқандық жұмыс болғандықтан, көктем келе жер анаға телміре тырбанып, ерте-кеш үйді көрмей егіншілікке кіріседі. Біз жақта негізінен қауын (ішіндегі бірнеше түрін), қарбыз, мақта, жүгері егіп, өсіреді. 10 жыл уақыт бұрын жаппай мақта өндірісін қолға алып, өсіретін. Ол кездерде мақтаның бағасы да жоғары болатын. Қазір негізгі пұл болып жатқан нәрсе қауын. Соңғы 3-4 жылда қауын егіп, өндіру күрт дамып отыр.
Қазір ауылдың тұрғындарында «мұрын сіңбіретін уақыт жоқ» деп айтсам қателеспеймін. Енді қайтсін, жаздың 40С ыстығында күйіп, қолы талып кетпен шауып өсірген қауын-қарбызын пұлдап алуы керек. 10 үйдің тоғызы қауын еккен десем қателеспейтін шығармын. Пісіп тұрған қауынды артып әкелуге адам таппай жүрген кез. Бір-бірімен поляға қауын артуға кетіп бара жатып, артып келе жатып, көліктің үстінде қол бұлғап амандасады. Жағдай сұрасып, қол алысып тұратын уақыт жоқ. Кеше ауылға бар мен осындай көріністің куәсі болып қайттым.
Жаңа келген бір тіркеме (тележка) қауын. «Жұлдыз» сорты.
Мынау сатылып, ортайып қалған тіркемедегі қауын.
Дихан мен сатып алушы. Сатып алушы жақтың өкілдері қауындарды сорттап, жақсыларын «бананның» картон жәшігіне орын-орнымен орналастырады.
Келесі қызметшілер сортталған қауындардың бір-бірімен қажалып, зақымданбауы үшін арасына картон-қағаздарды қойып шығады. Одан кейінгі процес қауын тиелген каропкаларды шашылып, жырлытылып кетпес үшін алдын-ала кесіліп, даярланған пресс жіппен байлап шығады.
Сонда мынадай дайын өнім шығады. Қарапайым ғана жолмен дайындалған бақша жемісі немесе өнімі. Енді мұны даққа камаздың тіркемесіне артып, ұзық жолға шығаруға болады. Сатып алушылардың айтуына қарағанда осы жолмен дайындалған өнім Мәскеуге кіріп келгенде де өз күйін жоғалтпайды екен.
Келесі қызметші каропкаларды рет-ретімен жинай береді. Мына жерде кемі 20 тонна қауын жиналған.
Дайын өнім! Енді мұны түнгі салқынмен арту ғана қалды. Сонымен Арыста піскен қауынды Мәскеудегі орыс апалар таңдайынан сілекейі ағып жейді!
Бұдан екі бұрын менде мына інім сияқты (есімі Айбол) қауын егіп, сатқан едім.
Қазіргі біздің қолдан келетіні суретке түсу)))
Мына қарындасыма (есімі Айзере) қыздар қызғана қарауы мүмкін. Оның орнында мен болсам ғой деп)))
Ауылдың бір күндік тіршілігі немесе, қысқаша көзбен көргенім осы.
Мына қауын Құрметті керекинфолықтарға арналады!
пысы: «Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле» деген қағиданы ұстанып ауылдастарым, осылай еңбектенуде! Айтпақшы естен шығып барады екен. Бұл қауынның сорты «Жұлдыз» деп аталады. Бағасы 1 кілосы 33-35 теңге аралығында. Бір каропка 17 кг * 35 = 595 теңге! Екі тележкадан 320 каропка қауын шығарып, дихандар 190400 теңгені екі сағатта алып кетті. Ал, қауынның басқа сорттарына келсек, мысалы ақ қауынның (метровка) 1 кілосы 55-60 теңге болып жатыр. Оны каропкаға орналастырып, есептеп көріңіз қанша болатынын. Береке ауылда болып тұр дәл қазір!
Көңілімде менің көктейсің
Бір жалын бар бойда сен жаққан
Жүрегімде мәңгі өшпейтін
Гүлімдей жайнап, асырсалып ойнап
Еркелеп өскен ауылым, — деп Нұрлан Өнербаев ағамыз әндеткендей туып-өскен жерің қашанда ыстық қой. Еңбек демалысын өткеріп, «комфорт аймағымен» қайта қауышып, тіршіліктің қамымен жүргенде екі ай уақыт зымырап өте шығыпты. Атамның көзі барда бір айдан артық уақыт ауылға бармау мен үшін үлкен күнә болатын. Мерекелік демалыстарды айтпағанда сенбі, жексенбі күнгі демалысты пайдаланып, Атам мен жаңа өсіп келе жатқан қарындасымның сыбағасын ала сала ауылға асығатынмын.
Ауылда уақытты жыл мезгіліне қарап есептейді. Тұрғындары, яғни ауылдастарым ауылдың қу тіршілігі мен жазылмаған заңдылықтарын ескере отырып, нарықтық экономикаға бейімделіп, барлық шаруаларын жолға қойып, өз ағысымен еркін ағуда. Бұрындары сиыр сауып, өріске айдап, қойды кезекпен жаятын болса, уақыт өте, заман талабына орай түйе, жылқы сауып қымыран, қымыз өндірісін қолға алып, дамытуда. Қойды кезекпен жаюды қойып, шамасы келгені қойдың басын арттырып, жеке бағып-өсіруді қол алған. Ауыл жастарының негізін жоғары сынып оқушылары мен әр жылғы мектеп бітірген түлектердің «Маған оқудың қажеті жоқ. Тангенс, котангенстің мал бағу, кетпен шабуға көмектесетін түгі де жоқ» деп түйін жасағандардың бірен сараны құрайды. Кейбір жылғы бітірушілер, мысалы менің сыныптастарымның негізгі бөлігі
Бір-екі май құю бекеті, кіші дүкендер мен мектеп, аурухана сияқты мемлекеттік мекемелерді есептемегенде ауылдың негізгі айналысатын жұмысы ауылшаруашылық өнімдері және мал шаруашылығы. Мал шруашылығына қатысты мемлекеттік бағдарламалар бойынша (мыс. «Сыбаға») қаржы алып, шаруасын дөңгелетіп кетіпті дегенді өзім естімедім. Құжат жинау деген ауыл тұрғыны үшін дүниедегі «ең азапты» жұмыс. Менің білуімше көпшілігі қолында бар аз малын, сатпай жылдан-жылға жеткізіп, асырап, көбейтіп жатыр. Көзін тапқандар алып-сатарлықпен айналысып екі асап жатыр.
Екінші жұмысқа кеңірек тоқталып кетсем деп отырмын. Біздің ауыл (ОҚО, Арыс ауданы, «Көкжиде» елдімекені) бақша дақылдарын өсіріп, өндіруге қолайлы орналасқан жер. Ауа райының қолайлылығы сондай күздің алғашқы айы, яғни қазіргі уақыт сол өнімдерін пұлдап алуға қолайлылық тудырып, бір тамшы жауын жаумай, дихандарға қарасады. Бұл науқандық жұмыс болғандықтан, көктем келе жер анаға телміре тырбанып, ерте-кеш үйді көрмей егіншілікке кіріседі. Біз жақта негізінен қауын (ішіндегі бірнеше түрін), қарбыз, мақта, жүгері егіп, өсіреді. 10 жыл уақыт бұрын жаппай мақта өндірісін қолға алып, өсіретін. Ол кездерде мақтаның бағасы да жоғары болатын. Қазір негізгі пұл болып жатқан нәрсе қауын. Соңғы 3-4 жылда қауын егіп, өндіру күрт дамып отыр.
Қазір ауылдың тұрғындарында «мұрын сіңбіретін уақыт жоқ» деп айтсам қателеспеймін. Енді қайтсін, жаздың 40С ыстығында күйіп, қолы талып кетпен шауып өсірген қауын-қарбызын пұлдап алуы керек. 10 үйдің тоғызы қауын еккен десем қателеспейтін шығармын. Пісіп тұрған қауынды артып әкелуге адам таппай жүрген кез. Бір-бірімен поляға қауын артуға кетіп бара жатып, артып келе жатып, көліктің үстінде қол бұлғап амандасады. Жағдай сұрасып, қол алысып тұратын уақыт жоқ. Кеше ауылға бар мен осындай көріністің куәсі болып қайттым.
Жаңа келген бір тіркеме (тележка) қауын. «Жұлдыз» сорты.
Мынау сатылып, ортайып қалған тіркемедегі қауын.
Дихан мен сатып алушы. Сатып алушы жақтың өкілдері қауындарды сорттап, жақсыларын «бананның» картон жәшігіне орын-орнымен орналастырады.
Келесі қызметшілер сортталған қауындардың бір-бірімен қажалып, зақымданбауы үшін арасына картон-қағаздарды қойып шығады. Одан кейінгі процес қауын тиелген каропкаларды шашылып, жырлытылып кетпес үшін алдын-ала кесіліп, даярланған пресс жіппен байлап шығады.
Сонда мынадай дайын өнім шығады. Қарапайым ғана жолмен дайындалған бақша жемісі немесе өнімі. Енді мұны даққа камаздың тіркемесіне артып, ұзық жолға шығаруға болады. Сатып алушылардың айтуына қарағанда осы жолмен дайындалған өнім Мәскеуге кіріп келгенде де өз күйін жоғалтпайды екен.
Келесі қызметші каропкаларды рет-ретімен жинай береді. Мына жерде кемі 20 тонна қауын жиналған.
Дайын өнім! Енді мұны түнгі салқынмен арту ғана қалды. Сонымен Арыста піскен қауынды Мәскеудегі орыс апалар таңдайынан сілекейі ағып жейді!
Бұдан екі бұрын менде мына інім сияқты (есімі Айбол) қауын егіп, сатқан едім.
Қазіргі біздің қолдан келетіні суретке түсу)))
Мына қарындасыма (есімі Айзере) қыздар қызғана қарауы мүмкін. Оның орнында мен болсам ғой деп)))
Ауылдың бір күндік тіршілігі немесе, қысқаша көзбен көргенім осы.
Мына қауын Құрметті керекинфолықтарға арналады!
пысы: «Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле» деген қағиданы ұстанып ауылдастарым, осылай еңбектенуде! Айтпақшы естен шығып барады екен. Бұл қауынның сорты «Жұлдыз» деп аталады. Бағасы 1 кілосы 33-35 теңге аралығында. Бір каропка 17 кг * 35 = 595 теңге! Екі тележкадан 320 каропка қауын шығарып, дихандар 190400 теңгені екі сағатта алып кетті. Ал, қауынның басқа сорттарына келсек, мысалы ақ қауынның (метровка) 1 кілосы 55-60 теңге болып жатыр. Оны каропкаға орналастырып, есептеп көріңіз қанша болатынын. Береке ауылда болып тұр дәл қазір!
Бала кезімде әкем бақша егуші еді. Қиын жұмыс қой. Шаруасы көп. Ырысбек диқандарға.
Жаз бойы қауын өсірген еңбегің 190 мың теңге
П.С.: Тақырыпты Ауылым — бекер қонған екенмін деп оқып қалыппын. Көзден кетейін деппін
190 деген бір күндік табыс қой қазіргі таңдағы. Біз жақта гектарлап есептейді өнімді. Мысалы, 1 гектар орта есеппен 10 тоннадан астам өнім береді деп есептесек, ең кемі 2 гектар егеді әр отбасы. Ал, оданн көбі 100 гектарлап қауын егіп жатқандар бар. 2 га-дан 20 тоннадай қауын алса, оны ары қарай есептеп көріңіз. Мысалы аққауынның кг 55-60 болып тұр. 20 тонна өнім 1 млн нан астам табыс әкеледі деген сөз. қысқаша айтқанда осылай, қосымша жұмыстары көп, тізбелеп айта берсек.
Бірақ деймін де, оның артында ол қауынды қаншама күн күтіп-бағасың. Осы жерде сұрақ: қауын егілген сәттен бастап қанша күнде тауарлық күйге жетіп піседі?