Шәкірттеріме ашық сабақ

Сатыбалдыдан қалысам ба? Ақыры мені шәкірт қылып алмады, демек өзіне тең тұтты деген сөз.
Блог - dark_nazgul: Шәкірттеріме ашық сабақ
Менің осы жобада үш шәкіртім бар екен. Соның екеуінің осы сайтта бір-бір ғана жазбасы бар. Оның өзі: «Назгүлге шәкірт болғым келеді» деген бір пікір. Болғың келсе болдың, құттықтаймын!
Былай ғой. Мен жаза берем ол туралы, қайталанып жатса, кешірерсіңдер.
Көрген түсін блогтұғырнамаға жазған адамның бәрі блогер емес, твиттерде аккаунт ашып, киген тұрсиын жазған адамның бәрі SMM-щик емес.
Блогтың (қазіргі қазақ интернетіндегі) кем дегенде екі қызметі бар. Және соның бірі әрі тұрақтысын — mail.ru-дың микроблогы да атқара алады. Яғни, ғашық екеніңді, қарның ашып отырғанын, біреуге жының келіп отырғанын, жатқа білетін бес өлеңіңнің бір шумағы дәл қазіргі көңіл-күйіңе сай келіп тұрғанын сол жерге де жаза салуға болады. Шын айтам. Ол үшін арнайы пост жазып, жариялап, пікірталас ұйымдастырудың қажеті жоқ.
Ал егер, сенің бүгінгі көрген түсіңді әлдеқандай қылып жору жолдары туралы қызықты мәлімет бар болса, қарның ашып отырған кезде қандай аспен жылдам қарын тойдыруға болатынын және сен тұратын қалада қандай жақсы қарын тойдыратын орындар бар екенін білсең және олардың қандай да бір рейтинг жүйесіндегі орны туралы мәліметтерге иелік ететін болсаң, ал дәл қазіргі көңіл-күйіңе сай келіп тұрған орыс ақыныынң өлеңін қазақшаға әдемі қылып аударып қойған болсаң — мархабат, жазуға болады емес, жазу уәжіп!
Ал, дәл осы сайттағы сөмке ақтару, столдың суреттерін салу, қыртыған сауалнамалар — блогинг емес дей алмаймын, бірақ блогинг деуге де аузым бармайды. Өйткені, егер осы сайттағы пайдаланушылар бір-бірін реал өмірде танымайтын болса, ол сауалнамалар түкке де жарамас еді. Оның бәрі ортақ сөйлесетін тақырыбы бар адамдардың ермегі, әртістер тілімен айтқанда «капустник», былайша — междусобойчик. Сырттан келген адамға дым да қызық емес.
Ал сен, сенің кім екеніңді білмейтін адам оқитын дүние жаз. Кім екеніңді білмейтін адамдардың өзі сені іздеп жүріп оқитындай қылып жаз. Ал сенің кім екеніңді білмейтін адамға сенің дәл қазіргі көңіл-күйіңнің қандай екенінен келіп-кетер пайда-зиян жоқ екенін білесің ғой. Жаз. Жақсы жаз. Сонда, сені танымайтын адамдардың өзі сенің қарның ашып отырғанына алаңдай бастайды.
Солай, қадірменді шәкіртім.
PS. "Өзің неге солай жазбайсың?" дерсің, мүмкін. Иә, мен аз жазамын, қыртқан дүниелер жазамын, өйткені мен жалқаумын. Шын айтам. Сол үшін, «молданың істегенін істеме, айтқанын істе». Жаз.
Бөлісу:

8 пікір

Ispek92
Очм, жаз дегіңіз келді. Солай ма?
Blogshy
Риза болып қалдым, осы бағытты ұстанған дұрыс.
torgai
Ал, дәл осы сайттағы сөмке ақтару, столдың суреттерін салу, қыртыған сауалнамалар — блогинг емес дей алмаймын, бірақ блогинг деуге де аузым бармайды. Өйткені, егер осы сайттағы пайдаланушылар бір-бірін реал өмірде танымайтын болса, ол сауалнамалар түкке де жарамас еді.
мынау енді соңғы кездегі 1-2 тақырыпқа тиіп кетті Ал мынау тіпті өрт
PS. "Өзің неге солай жазбайсың?" дерсің, мүмкін. Иә, мен аз жазамын, қыртқан дүниелер жазамын, өйткені мен жалқаумын. Шын айтам. Сол үшін, «молданың істегенін істеме, айтқанын істе». Жаз.
asaubota
олар сайт аудиториясын ұстап тұру үшін керек, сайттың тірілігі үшін
AKA
Кім екеніңді білмейтін адамдардың өзі сені іздеп жүріп оқитындай қылып жаз.
 
MERmukhanov
ең қарапайым ұстаз номинациясын әзірлеп қойып отырмын.
ken
Ұстазым, келесі сабақтарыңды күтудемін.