қазіргі ерлердің келбеті жайында
— Ол маған жылап өз өмірінің қаншалықты қиын екенін айтады, кінә өзінде емес, өзгеде. Көптеген жағдайлар бар дейді өмір сүруге бөгет болған…
Біз әрқашанда бір-бірімізбен сабырлы сөйлесеміз, қаншалықты қынжылаған болсақ та.
— Оның сөзінің шыны да бар шығар…
— Білесің бе, нағыз ер адам, жүрегі мықты жан олай жыламауы тиіс. Мен ондайларды сыйламаймын. Менің көз алдымда абыройынан бір-ақ айырылды.
— Бірақ, ол шынымен де тағдырдан таяқ жеген жан ғой.
— Тағдырдан таяқ жеген соң оған басқа көзбен қарау керек пе?! Ернар, өзің ойлашы, қаншама адамдар өздерін кемсітпеуін талап етеді. Жетімдер деп, мүгедек деп кемсітпеуді талап етеді, өздерін лайықты ұстайды. Ал ол болса қол аяғы сау болып маған келіп жылап тұр…
— Жалғыз сүйенері сен боларсың…
— Жоқ, ол барлық сүйенерлерінен айырылды. Өзі кінәлі! Әр адамның қаншалықты пайдалы екенін біліп, осыған сай қарым-қатынасын жалғастырады.
Бәрінен де жылағаны ұнамады…
— Есектегілердің қатарына қосасың ба?!
— Тұлпары бар деп айта алмаспын.
— Есектілер де өмір сүруге лайық қой?!
— Олар тек теңізге құйылған шелек су секілді. Мәнсіз өмір сүреді…
— Сонда да сорлағандарды аяу керекпіз ғой?!
— Тұлпар намысымен сүйсіндіреді, білесің ғой өзің де!
— Байқасақ, арыстан да, жолбарыс та, қыран да, тұлпар да намыстылар қатарында…
— Ал, жігерсіздер, Ернар, олар осылардың тобында бола алмайды ғой… арулар табиғатынан нәзік, олардың көз жасы – заңдылық! Ал, ер адамның өмірім жаман деп жылағаны – жігерсіздік! Жігерсіздік – адам білетіннің ең нашары… есіңде ме Әкеңнің тұлпардан қалай құлағаны, сонда анаңның көз жасына не дегені есіңде ме, «Жылама, жаным, бұл тұлпар озады әлі топтан талай» деді емес пе?! Міне, анаң сенің нағыз ерге жолықты! Анаң Бақытты! Ал, Сапардың осылай жылағаны – жігерсіздік! Жігерсіздік арулардың көңіліне жиіркеніш сезімін тудыратынын білесің бе?! Мен енді қайтіп Сапарды білгім келмейді!
— Қаншама аруларымыз, жігіттердің жарасын емдейміз деп оларды тыңдап отырады. Кейін, көмек қолын созамыз деп іс-әрекеттерге көшеді. Сонда бұл не?
— Ақымақтық, табиғат заңын түсінбеушілік! Біздер, анығында қолдау мен тірек болу дегеннің не екенің ұмыттық! Анығында, тірек болу деген оның көз жасын сүрту емес, есегіне көтеру емес, тірек болу – қиналған сәтінде көңіліне қуаныш сыйлау! Қолдау – үйіне келіп жайлалықты сезіну. Міне, әйел бақыты мен ер бақыты осында, Ернар!
— Жанерке, біз бастапқы тақырыптан ауытқыған секілдіміз: егер ер адам жылап келсе – жылағанын тыңдап отыру керек пе қыз балаға?
— Жылап келер халде болса – сөгіп тастауы жөн!
— Жігерсіз еркектердің аз болуы жігерлі арулардың көптігінен бе?
— Йә… табиғат арулар мен ерлердің миссиясын екі түрлі етті. Егер бір жақ өзінің бір қасиетінен айырыла бастаса, екінші жақ осы қасиетін арттырады…
2 пікір