О.Генри Сиқырлы бөлкелер
Мисс Мартаның кішкене ғана нан сататын дүңгіршегі бар еді. Байлығы асып тасып жатпаса да, оны кедей деп ешкім айта алмас. Мисс Марта банкте сақтаған екі жүз доллар ақшасы, аузындағы отыз екі тістің арасында екі протезі, және ерекше қайырымды жүрегі бар қырық жастағы сүр бойдақ әйел. Алайда көңіл түкпірінде «күндердің күнінде тұрмыс құрам ау» деген үміт шамы әлсіз ғана жанып тұрған еді.
Оның шағын дүкеніне аптасына екі рет, кейде үш рет нан алуға бір адам келетін. Қоңырқай сақалы бар, көзіне көзәйнек киген, орта жастағы сымбатты жігіт ағасы бірте бірте Мисс Мартаны қызықтыра бастады.Ол ағылшынша сөйлеген кезде, неміс тілінің акценті анық білініп тұратын. Киімі біраз ескілеу болғанымен, мұнтаздай тап таза.Ең бастысы ол парасаттылық, сыпайылық секілді жағымды қасиеттерге ие еді.
Ол тек қана ескі наннан алатын.Айта кететін жайт Мисс Мартаның дүңгіршегінде бес центке жаңа піскен нанның бір ғана бөлкесі келеді, ал ескі нанның екі бөлкесін алуға болады. Ол кісі ешқашан жаңа піскен нан алып көрген емес.
Бір күні Мисс Марта оның саусақтарындағы бояу іздерін байқап қалды. «Демек ол суретші екен ғой» деп ойлады әйел. Ол кісінің өмірі арзан, суық бөлмеде суреттерін салумен, ескі нанды жеп отырып оның дүңгіршегінде сатылатын тәтті дәмділерді армандаумен өтіп жатқандығында Мисс Марта күмәнсіз еді. Ол өз үйіне келіп тосаппен шай ішіп отырған кезде де жағымды қасиеттері бар кедей суретшіні ойлаумен болды. Сол бір қарапайым да инабатты адаммен бүкіл байлығын бөлісіскісі де келді.
Ия, Мисс Мартаның қайырымды жан екені айтылып кеткен болатын. Біраз күн өткен соң әйел дүңгіршегіне әйгілі суретшінің қылқаламынан шыққан туындыны әкеліп қойды. Соның көмегімен ол әлгі адамның шын мәнісінде суретші екеніне көз жеткізгісі келген еді.
Ол Венеция көрінісі болатын. Таңғажайып сұлу сарай, оның айналасында қыдырып жүрген сылқым серілер мен бойжеткен арулар, түнгі аспан, толықсыған аппақ ай мен жымыңдаған жұлдыздар бейнелегенген бұл суретті Мисс Марта кедей суретші келген кезде бірден байқайтындай етіп, қақ төрге ілді.
Тағы да екі күн өтті.Мартаның күткен адамы да келді. «Маған кешегі наннан екі бөлке орап беріңізші» деді ол әдеттегідей. «Мына суретініз керемет екен» деп тағы қосты нанды алып жатып.Бұл сөздерді естіген Мисс Мартаның қуанышы қойынына сыймады. Қойынына емес мына дүңгіршекке де сыймай бара жатқан секілді. «Сіз шынымен бұл суретті әдемі деп есептейсіз бе?» деп сұрады ол. «Ия тамаша! Асылы бұл сарайдың көрінісі көз тартарлық сұлу емес. Дегенмен оны мынадай сурет етіп шығарған қылқалам шебері шынымен де дарынды адам екен! Ал сау болып тұрыңыз!» деп жауап қайырған суретші есіктен шығып кете барды.
Ия ол шынымен де суретші екен! Енді бұған Мартаның шүбәсі қалмады. Оның көзәйнектің аржағынан қараған көздері неткен қайырымды еді! Қандай парасатты, кемел адам!
Ол болашағы зор, өте дарынды адам шығар! Солай бола тұрып тек қана ескі нанмен қоректенгені қандай өкінішті! Алайда ондай ерекше дарынға ие адамдардың жұлдызы жанып, биіктерден көрінбес бұрын, көп машақатты бастан өткеретіндігі өмір заңдылығы емес пе?
Мисс Марта байқұс суретшіге бұрынғыдан бетер көмек бергісі келіп кетті. Тіпті оған жақсы үй жалдап, дүкеніндегі дәмділермен тамақтандырғысы келді. Ол үшін банктегі екі жүз долларын да аямас еді.
Уақыт сырғып өте берді.Суретші баяғысынша ескі нан сатып алып жүрді. Бірде бір рет торт, бәліш, тәтті күлше алған емес. Тым болмаса жаңа піскен нан да алмайтын. Есесіне кейде әйелмен біраз әңгіме дүкен құрып тұратын. Мисс Мартаға ол күннен күнге азып бара жатқандай көрінді.Әрине қатқан наннан өзге ештеңе жемеген адам азбай қайтсын.Ол ашығып жүрген болар? Шіркін оның алған ескі нанының жанына жылы жұмсақ бірдеңе қосып берсе ғой! Бірақ өнер адамдары әдетте тәккапар, намысшыл болып келеді. Жақсылық жасаймын деп жүріп, абайсызда оны ренжітіп алса ше? Мартаның жан дүниесін осындай қиял арман мен қорқыныш аралас ойлар жаулап алды.
Ол енді дүкеніне жаңа әдемі көйлектерін киіп, бетіне әрлендіруші крем жағып келе бастады.
Арада тағы да бірнеше күн өтті. Суретші дүкенге келіп әдетінше екі бөлке ескі нан беруін сұрады.Мисс Марта оларды ұқыптылап орап жатқан кезде, көше жақтан өрт сөндіруші машинаның дабылы естілді. Суретші дереу не болғанын көру үшін терезе жаққа жүгіріп кетті. Осы кезде Мартаның басына керемет ой келді. Үстелдің астында таңертең ғана сатып алынған бір келі сары май тұрған еді.Әйел шапшаң да епті қимылмен бөлкелердің ортасын тіліп, майдан жұдырықтай екі бөлік кесіп алып нанның ішіне сүңгітіп жіберді.Содан соң оларды қайта орап, қайтып келген суретшінің қолына ұстатты. Ол да күндегідей бір екі ауыз жылы сөзін жеткізіп, күлімісіреп шығып кетті.
Ол кетіп қалған соң Мисс Марта өз өзіне әлдебір ризашылық сезіммен қарай бастады. Дегенмен ой түкпірінде жасырынып тұрған күдігі де жоқ емес еді. Ол дұрыс жасады ма? Кім біледі бәлкім суретші бұны намыс көріп, оған ашуланатын болар? Оның көңіліне тиді ме екен? Бірақ неге екені белгісіз ол кедей суретші жүрегінің түбінде өзіне алғыс айтатынына сенімді еді.
Марта жұмыс уақыты біткенше сол адамды ойлаумен болды. Ол ендігі үйіне келген болар! Міне қазыр ол бір стақан су мен нанын алып, кешкі ас ішуге отырған шығар! Ал қазір нанды кесіп,ішіндегісін көрген болар! Ах!
Мисс Марта қызарып кетті. Ол өзіне жақсылық жасаған қолдарды ойлады ма екен? Оған іштей ризашылығын білдірді мекен?..
Кенеттен есік маңдайшасындағы қоңыраудың даңғырлаған дыбысы әйелдің ойын бөліп жіберді. Ол есікке қарай асыға жөнелді. Келгендердің екеуі де ер адам екен. Біреуі Мисс Марта бұрын көрмген, ауызында шылымы бар жас бозбала болса, екіншісі өзі жақсы танитын парасатты да сыпайы суретші еді.Бірақ қазір оның сыпайылығы бір жаққа кетіп қалғандай. Жүзі ашудан қызарып, басындағы қалпағы бір жаққа қисайып кетіпті. Жанындағы жолдасы кедергі болмаса, бейшара әйелді тура осы жерде өлтіріп тастағысы келіп тұрғандай. Көздері ызадан от шашып, түйілген жұмырдығын Мисс Мартаның тұмсығының алдына сермей берді.
«Дамкофф»[1] деп бақырды ол дүңгіршекті басына көтере.«Таусендофнер»[2] дегенге ұқсайтын дыбыстар оның аузынан үздіксіз шығып жатты. Жанындағы жас жігіт оны тоқтатуға барынша тырысып бақты.
«Жоқ мен ешқайда бармаймын, мен бәрін бұл ақымақ әйелдің бетіне айтпай кетпеймін! Сен! Сен бәрін бүлдірдің! Бәрін құрттың! Сен қажет емес жерге тұмсығын сұға беретін кәрі қақпассың! ». Мисс Марта қолын көкірек тұсына басып, еш нәрсе айта алмастан тұрып қалды.
Жас жігіт суретшіні қолынан тартып «Болды кетейік енді, осы айтқандарың жетер» деді. Ызадан жарылардай болып тұрған досын көшеге алып кеткен ол біраз уақыттан кейін дүңгіршекке қайтып келді.
« Сізге болған жайды түсіндіріп беруім керек шығар» деді ол « Жаңа келген адам менің әріптесім Блюмбергер мырза болатын. Біз бір архитекторлық кеңседе жұмыс жасаймыз. Түсінгеніңіздей ол кісі архитектор суретші. Оның бір сайысқа қатысу үшін, жаңа құрылыс жобасын салып жатқанына үш айдың жүзі болып қалды. Осы үш айдың ішінде ол өте көп еңбектенді. Әдетте архитекторлер жобаны бірінші қарындашпен салып, содан кейін оны өшіреді. Ол құрылыс нобайының қарындашпен салынған үлгісін өшіріп бітіргені күні кеше ғана еді. Осы уақытқа дейін ол қарындаш іздерін тек ескі нанмен ғана өшіріп келген еді. Оның ойынша бұл әдіс қарапайым өшіргіштен гөрі әлдеқайда тиімді. Бүгін соңғы сызықтарды сіз берген ескі нанмен өшірмек болған еді. Майдың қағазға тигізер кесірін білетін шығарсыз. Өкінішке орай қазір сайысқа қатысатын құрылыс жобасының, сіздің нан орап берген қағазыңыздан айырмашылығы болмай қалды. Міне ол кісінің ашуының себебін енді түсінген боларсыз деп ойлаймын. Сау тұрыңыз» деген бозбала кетіп қалды.
Марта үйіне оралды.Бірінші кезекте ол үстіндегі әсем көйлекті шешіп, орнына қарапайым ескі көйлегін киді. Содан кейін ол терезені ашып әрлендіруші крем құтысын лақтырып жіберді.
1 Дамкофф- неміс тіліндегі балағат сөз
2 Таусендофнер — неміс тіліндегі балағат сөз

13 пікір