Cәтсіздікке ұшыратқан сәнқойлық
Тоуерс Чандлерді Нью Йорктің самала шамдары сәуле шашқан кешкі көшелерінде көрген адам сөзсіз байлығы асып тасыған бақуат адамның қатарына жатқызар еді.Іс жүзінде тіптен олай еместігінен ешбір жанның хабары жоқ тұғын.Оның тап тақыр кедей екенін тірі жан білмейтін.Чандлер жиырма екі жасқа енді жеткен уыздай жас бозбала.Офистегі архитектор қызметінен алатын жалақысы аптасына бар жоғы 18 долларды құрайды. Жалақысының осынша мардымсыздығына қарамастан оның әр аптаның ақшасын алған сайын бір долларын бөлек салып қоятын әдеті бар еді.Сөйтіп әр оныншы аптаның соңында сабазың кешке киетін жалғыз костюмін үтіктеп, он апта бойы жиналған он долларды қалтасына басып ап көңіл көтеруге шығатын.Ең қымбат деген мейрамханалардың біріне бас сұғып шарап ішіп,әуезді ән тыңдап жаны бір жадырап қалатын еді.Он апта бой тірнектеп жиналған он доллардың тағдыры оcылайша бар жоғы екі ақ сағатта шешіледі.
Міне Чандлердің өміріндегі осындай кештің бірі еді.Шырттай киініп алған ол кезекті жетпісінші кешін өткізбек ке ең қымбат ресторанға бет алып келе жатты.Оқыстан бір бұрышты айнала бергенде қарсы алдында келе жатқан бойжеткен қыз жалтыраған мұзға аяғы тайып кетіп дәл бұның алдына құлап түсті.Чандлер жүгіре басып қыздың көтерілуіне жәрдем берді.
«Рахмет » деп ақырын ғана тіл қатты ару «Мен тобығымды зақымдап алған секілдімін»
"Қатты ауырып тұр ма" деп сұрады Чандлер аса қамқор үнмен.
−Ия сәл ауырыңқырап тұр, алайда аз уақыттың ішінде басылар деген үміттемін.
Саған қандай көмегімді тигізе аламын? Әлде такси шақырайын ба?..
Рахмет.Бірақ сізді бұдан әрі мазалағым келмейді.
Чандлер аруға бір сәт зер сала қарады.Өрімдей жапжас екен.Сұлу жүзі мейірім төгіп тұр.Үстіне ілгені сатушы қыздардың униформасына ұқсас арзанқаол қара көйлек.Қара қалпағы жібектей сусылдаған кою қоңыр шаштарын жасырып тұр екен.Қыздың түр тұлғасына көз тастаған Чандлер қарапайым жұмысшы қыз болар деп пайымдады.
Кенеттен жас архитектордың басына керемет бір ойдың сап ете қалмасы бар ма.Ол бойжеткенге бірге тамақтануға ұсыныс жасамақ болды.Оның сөйлеген сөзі мен іс әрекетінен оның ақылды тәрбиелі қыз екені айқын көрініп тұрды.Тіпті үстіндегі қарабайыр киіміне қарамастан дәл осы арумен бір үстелге отырса өзін бақытты сезінетініне кәміл сенімді еді.Әрине бұл сұлу қыз өмірінде ондай қымбат мейрамханаға барып көрмеген болар.Ол бұл кешті ұзақ уақыт есінде сақтайды…
Сен аяғыңды біраз уақыт тынықтыруың керек.Менің бір ұсынысым бар.Асылы мен мейрамханаға кешкі ас ішуге бара жатқанмын.Менімен бірге жүрсең қалай болады? Екеуміз тамаша уақыт өткізетінімізге күмәнім жоқ.Біз тамақтанып әңгімелесіп біткенше аяғың да қалпына келіп қалар....Қалай ойлайсың? деп Чандлер ойындағысын сыртқа шығарды.
Бойжеткен оның зеңгір көктей тұп тұнық көздеріне қарады.Артынша сәл күлімсірейБіз бір бірімізді мүлде танымаймыз ғой.Бұл дұрыс шешім деп ойламаймын" деді
Олай болса танысайық.Менің есімім Тоуерс Чандлер.Бұл кештің ұмытылмастай етуге барымды салып тырысамын.Қаласаң кеш соңынан сені үйіңе дейін шығарып саламын.Келісесің бе?
Бірақ мен мынау тозығы жеткен көйлекпен қымбат мейрамханаға қайтіп кіремін.
Ол жағынан қам жемей ақ қой.Менің ойымша мейрамханадағы бикештердің ең сұлуы өзің боласың.
Жарайды мистер Чандлер мен сізбен баруға келісімімді беремін.Расында да тобығымның ауырғаны әлі де басылар емес Мені Мэриан ханым деп атай берсеңіз болады.
«Міне енді дұрыс болды Мэриан ханым» деді жас архитектор қызға күлімсірей қарап.
"«Сені ұзақ жүруге мәжбүрлемеймін.Жақын жерде бір керемет мейрамхана бар.Ал енді менің қолымнан ұстап ал ,қазір ақ жетеміз.»
Бозбала мен бойжеткен ресторанға келіп үстел басына жайғасты.Чандлер қателеспепті.Ол өзін осы бір қарапайым бойжеткеннің жанында аса бақытты сезінді.
Мейрамхана үлде мен бүлдеге оранған қалталыларға лық толы екен.Оркестр жанға жайлы бір әуезді сызылта ойнап жатыр.Ияя бұл шынында да бір естен кетпес керемет кеш болатын сияқты
Бірақ кенеттен қай шайтан түрткені белгісіз Чандлер бикештің алдында нағыз қалталының ойнай бастады.Клубтар мен мейрамханалар, гольф ойындары мен атпен серуендеу, Еуропаға саяхат секілді байшікештердің ермектері туралы жалған әңгімелер оның аузынан еріксіз шығып жатқандай болды.Мэриан оның айтқан әр сөзін аса бір ынтамен тыңдап отырғанан байқаған ол өтіріктерін одан сайын көбейте берді.
Соңында қыз«Сонда саған дәл осындай өмір ұнайды ма? Сенің айналысатын басқа жұмысың жоқ па сені шынымен де бұл өмірде еш нәрсе қызықтырмайды ма? деп сұрады
Жұмыс дейсің бе қымбатты Мэриан ханым? Білесің бе менің сол бір жұмыс дегенді істеуге мүлде уақытым жоқ.Менің әр күнім осы секілді кешкі астар мен маңызды кездесулерге толы.Осы себептен жұмыс жасауға уақыт таба алмай қаламын.
Кешкі ас та бітті.Жас қыз бен жігіт өздері кездескен бұрышқа қарай асықпай аяңдады.Мэриан ханымның аяғы да жақсарып, көңілі көтеріліп қалған секілді.
»Осындай тамаша кешті сыйлағаның үшін көп рахмет.Қазір мен үйге тезірек жетуім қажет. Маған бұл кеш өте ұнады Чандлер мырза" деп нәзік үнмен тіл қатты ару.
Чандлер қыздың қолын қысып тұрып «Менің де клубқа барып покер ойнайтын уақытым келді » деп күлімсіреді.
Қуықтай ғана арзан бөлмесіне оралған ол кешке киетін костюмін алпыс тоғыз күнге қайта шкафқа салып қойды
"Ғажап қыз"!!! деді ол өз өзіне .«Шіркін тағы бір мәрте көрер ме еді оны. Әттең оның алдында өзімді дұрыс ұстамадым.Оған не үшін жалған сөйледім? Бәрі сол құрып кеткір костюмнің кесірінен» Осылайша жан дүниесімен арпалысқан жас архитектор бар кінәні костюмнің мойынына артып өзін өзі ақтап шықпақ болды.
Ал бұл кезде Чандлермен қоштасқан Мэриан таңғажайып авеньюде орналасқан еңселі үйлердің біріне асыға адымдап кіріп кетті.Ол кірген бөлмеде бір жас қыз терезеден далаға ойлана көз тастап отыр екен
«О Мэриан келдің ау әйтеуір» деген қыз есік жаққа басын бұрды.«Сен бізді сары уайымға салғаныңды қашан доғарасың. Мына ескі көйлек пен Хеленнің қалпағын киіп кеткеніңе екі сағаттан асты ғой.Анамыз алаңдап отыр.Тіпті сені автомобильмен іздеп келсін деп жүргізушіні де жіберді.Сен осыны неге ойламайсың Мэриан »
Ол түймелерін бір бірлеп ағыта бастады.Бөлмеге кірген қызметшіге «Хелен анама айта салшы Мэриан қайтып келді» деді
Ашуланбашы әпке өтінемін.Мен жаңа көйлегіме ақ түсті түймелердің орнына көк түстісін салсын деп айту үшін көйлек тігушіге барғанмын.Осы ескі көйлегім мен Хеленнің қалпағы маған дәл келді.Мені көргендердің барлығы жай ғана сатушы қыз деп ойлап қалғандары шүбәсіз.
Қымбаттым ау кешкі астан да қалып қойдың, осы уақытқа дейін қай жерде жоғалдың?
Білемін.Мен көшемен келе жатыр едім кенет тайып жығылып тобығымды қайырып алдым.Сосын жақын жердегі мейрамханаға кіріп аяғым қалпына келгенше отыруыма тура келді.Кешіккеннімнің себебі осы.
Әпкелі сіңлілі екеуі терезе алдында даланы қызықтаумен отырды.Бір кезде үнсіздікті Мэрианның дауысы бұзып жіберді:
Күндердің күнінде екеуміздің де тұрмыс құратынымыз белгілі.Мынадай байлығымыз тұрғанда бізді жайымызда қалдыра қоймас.Бұған сенімдімін.Ендеше мен саған қандай адамға тұрмысқа шыққым келетінін айтайын ба?
Жарайды айта ғой,
Ол, ол бар ғой сымбатты да қарапайым болу керек.Оның көздері зеңгір көктей тұп тұнық болу керек.Және ең бастысы ол еңбекқор болса деймін.Ол сіңірі шығып кеткен кедей бола ма,әлде шіріген бай бола ма маған бәрібір.Тіпті қара жұмысшы болса да мына әлемде сүйіп істейтін ісі болса мен ондай жанға жүрегімді сыйға тартар едім.Алайда әпке қарашы біз күн сайын қандай адамдарды кездестіріп жүрміз?
Олар ақшаны оңды солды шашудан өзге ештеңені білмейтін адамдар.Еңбек ету деген ұғым олардың қаперіне кіріп те шықпайды.Олар өздерінің өмірлерінің достармен кездесу, клубқа бару, покер ойнау сынды мән мағынасыз сауық сайранмен өтіп жатқандарынын мүлде хабарсыз.Жоқ мен ондай адамды ешқашан сүйе алмаймын.Қанша жерден сымбатты болса да.Тіпті оның көздері көк аспандай тұнық болса да.Тіпті ол кездейсоқ кездесіп қалған жас қызға жәрдемдескен жомарт адам болса да… мен оны сүйе алмаймын…
4 пікір