Стақандастарым. Ауылдың оташы-дәрігері Аққали Есембетович
«Тасақтың рентгені өкпенікіне ұқсайды екен алыстан қарағанда»
— Satibaldi
… Ағып жатқан сумен аралас түсініксіз күбір-күңгір боп естілген дыбыстардың арасынан "… құтты болсын ал, әрі кетсе бір апта жатад. Бұрыңғыдай ырбаңдатпаймыз. Бізде бұл ағымдық операция ғо, " -деген сөздерді анық ажыраттым.
Ішімді біреу сипағандай болды.
Көзімнің әзер ашылған қиығынан бір қолында қайшы ұстап, бір қолымен тігісімді ұстап тұрған бір жас доқтырды көрдім. «Дегенмен әдемі тігіппін,» — деп міңгірледі ол.
Ультракүлгін прожектор сәулелерінің арасынан қолын сүлгіге сүртіп жатқан екінші сұлбаны да крахмалдан қақиған жарты метрлік ақ қалпағынан бірден таныдым — ауылдағы бас оташы Аққали Есембетович.
«Серікбол дейм,» — деді ол бұрыштағы үлкен бикстің үстінде тұрған екі стаканға колбадан иісі таныс сұйықтықты шұрылдатып құйып тұрып, «таста шұқылай бермей, жараға микроп түсіресің. Кел, одан да мынадан тартжвер! Аудандағы бірінші операцияң ғо, ыххы-хы.»
Жас хирург жақындап, стақанын көтеріп, ішіндегісін иіскеп, тұла бойы тітіркеніп кетті.
— «Сен, Сико,» — деді шал сыни мәнермен, "әлгі… манағы қолыңды итеріп жібергеніме ренжіген жоқсың ба?
— Жоқ, аға, несін ренжиін, тек неге екенін түсініңкіремей қалдым.
— Сен бастысы, саспа дә інім. Манағы жерде қан атқылап кеткенде уақыт жоғалтуға болмайд, ал сен біраз мандраж боп қалдың, "-деді қария қиярды жуып жатып.
Серікбол үндемеді.
— Қанның қайдан атқылағанын білмей, алақаныңмен басып тұрсың, мысалы. Ал қан болса қолыңның астынан барынша сорғалап жатыр. Ал, қане қол жеңіл жүрсін, әнәссгин!" — деп стақандағысын қағып салып, анаған қарады.
— Енді, Аха, қайдан білейін, қансырап өліп қала ма деп шошып кеттім ғой," — деді шәкірті. Аққали «алып қойсайш давай енді» деген ишарат білдірді.
Серікбол стақаннан аз ғана ұртады да көті-басы тыржиып, басын шайқап, "Іщщә, удайын-ай" деп артынша банкідегі дистилляттан ұрттап-ұрттап жіберді.
Ахаң колбасын Сиконың стақанын қайта толтырмақ боп жақындата беріп еді, анау білегімен бөгеп, «болдым» деген ишарат білдірді.
"Өй, әттәңәт, иттің ішіне май жақпайд деген!- деп шал стақандасының енжарлығына кәдімгідей өкпелеп қалды.
Анау ақталғандай боп, скальпельды алып, қиярды турамақ боп: «Бірақ, сол кезде деймін дә, мен алақаныммен басқанда, қан тыйылғандай болды ғой аздап, а, аға?» — деді біртүрлі өзіне өзі сеніңкіремей.
— Құдайдың өлімі тыйылды ма?! Тігінен тура әгүршікті, тұз әне жатыр," — бас хирург ашуланып, бұйыра сөйледі. Серікбол қиярды екіге бөліп, ортасына тұз сеуіп, бір тілігін бастығына берді.
«Ал енді бері қара, заощник, епті… адамда бес литр, ну хуй сним, мына бейбақта үш литр қан бар делік. Сен алақаныңмен қашанғы басып тұрасың? Бір сағат шыдарсың. Екі сағат. Науқас ше? Ал сол уақытта қан сыздықтап кетіп жатыр, демек бір қой оған пиздоқын шварц келед!
— Енді қолымды көтерсем, қаны бетіме шашырайды ғой…
— Көтіңе шашыраса да бірдеңе қылып алдымен үзілген тамырды саусақпен тінтіп табу керек! Оған бірнеше секунд уақытың кетед, науқастан 200 грамм, ну хуй сним жарты литр қан кетер, бірақ сол тамырды тауып, шап беріп ұстап алып, түйіп тастау керек. Содан кейін істей бер тірлігіңді,»- қарт маман ала көзімен шәкіртін бір атты да, мен жаққа бір қарады.
Серікбол да оның апыл-ғұпыл фокус-мокус жасап қалай қанды тоқтата қойғанын әлі де толық түсінбеген күйі мен жаққа қарады.
Дабырлаған екеуінің кәсіби диалогын менің ояу кескінім бөліп жіберді. Маған тесілген екеуінде енді үн жоқ.
Наркоз ұйқым әлгі пейіштен келген иістен шайдай ашылса да, сөйлеуге менде де еш мұрша жоқ еді.
— Пациентіміз ояныпты ғо!- деді бір кезде жас маман тілге келіп.
— Көріп тұрм, нақ, оянбағанда, өлед деп пе едің!"- деді Ахаң кейіп, сосын маған бұрылды да,
— Сенің құрметіңе ішіп тұрмыз, боғырем, мақтап жүред екенсің, мына дүниеге орауылыңмен!"-деді тұз себілген қиярдан мейірлене бір тістеп.
Тілім күрмеліп, мыңқ-мыңқ еткен дыбыс ғана шығарсам да, Иса жар болғыр Есембетыч, ойымды оқып қойғандай. Өз стақанына әлгіні меймілдете құйып, әріптесінің қолына ұстатты. "Құйшы аузына," — деді жылы жүзімен мені меңзеп.
— Аха-ау, пациентке болмайды ғой!
— Тәйт, ақты қадірін білетін адам ішсін! — деді.
— Басеке, Гиппократтың «Зиян жасама!» дегені бар емес пе еді!?"
— Тампонымды шайнапты, Гиппократ бұның бауырын көрген жоқ, ал мен көрдім! Өзің іше алмасаң, науқастың көзін жәутеңдетпей, құй шешесс!" — деді де, біреудің қолымен 96 пайыздық іспіртті рахаттана қылғытып жатқан маған қарап: «Э, амбоайғәнәссгин!» — деді.
Сырқатыңды көзіңнен жазбай танитын білгір маман еді, жарықтық.
Рақмет нақ, айызым қанды; нағыз ерліктер қуыс-қолтықтарда жасалып жататынына тағы да көзім жетті!
Әңгіменің адам бойындағы қоймаолжың субстанциялар жайлы екеніне назарб аудармаған)
фейстен кетіп, осында келіп, қопарып отырсың :v :v
Бас бармақ