Мен ескішілмін (старомоден)
Мен ескішілмін. Инабатты қыздар клубтарға бармайды деп есептеймін. Оларға ол жерден ештеңе қажет емес.
Мен ескішілмін. Жақсы көрген адамыммен, құрығанда 5 минут жанында болуым үшін барлық нәрсені ысырып қойуым керек және осы 5 минуттың ұзаққа созылуы үшін, көп нәрседен бас тартуым қажет деп есептеймін.
Мен ескішілмін. Қарым қатынас сенімнен құралады деп есептеймін. Егер «Мен сені жақсы көремін» деп айтар болсаң, онда бұл сөздер міндеттілік пен жауапкершілікке итермелейді. Ең болмағанда сенімнен кетемін деген қорқынышқа әкеледі.
Мен ескішілмін. Қыз бала сыпайы әрі инабатты болуы қажет деп есептеймін. Қыздың инабаттылығы — жігітінің басты абыройы.
Мен ескішілмін. Қыздың балағат боқтық сөздермен ұрысуы жөнсіз әрі лайықсыз деп есептеймін. Қатындар ғана ұрысады.
Мен ескішілмін. Қыдырымпаз қыз — қыз емес деп есептеймін. Ол жай ғана ақымақ.
Мен ескішілмін. Егер менің қызым болса, онда ол тек менікі. Барлық қарым-қатынастарда. Тек менікі.
Иә, мен ескішілмін. Және бұл ескі моданы, әкем атамнан алғанын маған қалдырғандай, мен өз балаларыма қалдырамын. Сондықтан да біздің тегімізде әрқашан да шешелерін, әйелдерімен қыздарын қатты силаған. ©
Ұрланған жері белгісіз, тек аудардым.
20 пікір