Қайрат Нұртас: "Әрдайым осында махаббатпен айналысқым келеді де тұрады"

Оcылай екен...: Қайрат Нұртас: Әрдайым осында махаббатпен айналысқым келеді де тұрады

ҚАЙРАТ НҰРТАС


Әнші 24 жаста, Алматы

Алматы түні, Арман, Ауырмайды жүрек, Бара алмадым, Эх, қарындас, Жалғыз сен, Өмір өмір, Өкініш, Қызыл гүлім-ай, Сұранамын, Мейлі атты әндерінің сарынымен жазылып алынған.

Күндерім — мұңға толы. Әйтсе де, әйтеуір бір барлығы да өтеді, мен де бұл күндерді ұмытамын.

Менің бір арманым бар. Сол арман мені жолдан адастырды. Енді оған жете алмайтынымды білемін.
Белгісіз бір асыл ойлар мен сиқырлы күш менің жүрегіме тыныштық берер емес.

Жастық шағымда ерекше бір таңды қарсы алдым. Сол күн ғажайыпқа толы болды. Жүрегім аттай тулап, алаулап, кеудеме сыймай қоыдй. Осының өзі аз ба? Осы үшін де өмір сүруге болады емес пе?

Сол бір жанарды көргенге дейін, «сені сүйем» деп қайта бір айтқанға дейін жүрегім сабырға ие, жараланбайды. Міне, ер адамды осы нәрсе әлсіз етеді.

Еркекті кім жылатып, кім жұбата алады? Қаншалықты ауыр болса да, Әйел айтқан Сөздің ғана шамасы жетеді.

Алматының түндерін жақсы көремін. Әрдайым осында жыныстық қатынасқа түскім келеді де тұрады.

Армандар адастырады. Опасыз жалған өз құшағын текке ашады.

Үміт алдайды. Күз оралады. Жапырақтар жерге түседі. Үнемі осылай…

Телефон адамдарды бөлектейді. Бірақ, үміт сыйлайды. Өйткені, кез-келген сәтте қажет нөмерді теріп, қоңырау шалуға болады.

Өмір: әлдекімге — бақыт, ендібіреуге — қайғы. Кейде қуанасың, кейде мұңайсың.

Батыл адам ғана шуақ шашқан ертеңгі күнді көре алады..
Мені көбіне түсінбей жатады. Не деп өкінемін? Бізді адамдардың түсінбеушілігі қажытады…

Еркекті әйел сұлулығынан басқа тағы не таңқалдыра алады? Сұлулыққа қарау — ауыр. Бірақ, тек сұлулық ғана ән арнауға жарайды.

Бәрі өтеді, уақыт өзгереді. Бастысы, денеміздегі от өшпесін.

Мен оны іздедім: күшті желдің өтінен, құстар ұшып өткенде; аппақ қардың арасынан, сол құстар тағы ұшып кеткенде; Баққа келгенімде, ол онда болмады. Осылайша қол жетпес арманға айналып кете барды.

Арман мен әннің төркіні бір. Екеуі де түн баласына көз ілмей, бақырайып, аунақшып жатуға мәжбүрлейді. Екеуі де қол жетпес дүние.

әріптердің мекені
Бөлісу:

13 пікір

MickThatsMyNick
бұл пост та 3,14ар болғаны ғо
zholantai
бағалау, баға беру еркі- өзіңде ғо
izbasar
Қайрат әндеріне мықты терең талдаулар))))))))))
zholantai
дейсің ғо Қайрапт Нұртас әндерімен ауыратының көрініп тұр десем, артық айтқандық емес шығар ә)))
Emilia
Эсквайерға орысшасын жазған сен бе?
ODMI4
керемет рефлексия