Ертеңгі матч-2

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Ертеңгі матч-2
ХАЛА МАДРИД !!! Испан Ла Лигасының кезекті 3-ші турына шолу жасамақпын. Осы турдан Мадридтіктердің бабына қаншалықты келгенін байқауға болады. Себебі қарсылас анау мынау Бетис пен Гранада емес, Испан елінде абыройлы саналатын басктерден құралған Билбаоның Атлетигі(Атлетикомен шатастырмаңыздар). Бірақ, қарсылас қанша мықты болса да Реалдың дәл осы жолы сүрінуі мүмкін емес секілді меніңше, өйткені Реал өз алаңында Ла Лиганың соңғы өткен 45 матчта ұтылмаған екен(Атлетикодан жеңілу Испан кубогында орын алғанын ескертеміз!!!).

Сонымен Ла Лиганың 3 туры кеше басталған еді. Реал өз матчын ертең өткізеді, Астана уақытымен сағат 4-00 де, Мадридтіктер үшін өте қолайсыз уақытқа қойылған секілді, ал маған өте қолайлы енД.

Осы жерден айта кетейін, басқа командалар ЧЛ-дағы өз қарсыластарын анықтап жатқанда Реалдықтар Риасорда Департивомен дәрежесі жодастық кездесу саналатын Тереза Эррера(satibaldi таниды ол кісіні) трофейін сарапқа салды. Матч нәтижесі 0-4, кімнің пайдасына екенін өзіңіз топшылай беріңіз. Сол трофей Мадридтіктерге көп болды ау деймін, қайтарда аптыбусына сыйдыра алмады, қызық болғанда:


Реал жақтан әзірге ойынға қатысатын ойыншылар тізімі белгісіз болып отыр, жарақаттарынан әлі айықпаған Хаби Алонсо мен Рафа Варан. 39 миллион тұратын Иллярамьенди қатарға қосылғанын хабарлаймыз, ертеңгі ойында алаңнан көріп қалуымызда ғажап емес. Реал да, Атлетик те әзірге ұпай жоғалтпаған командалар қатарында, осының өзі ойынның қызыққа толы боларына сендіреді. Болжам есеп 2-0.

Ертеңгі ойынға қатысуы мүмкін ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Касильяс, Д. Лопес, Мехияс
Қорғаушылар: Арбелоа, Карвахаль, Пепе, С. Рамос, Начо, Марсело
Жартылай қорғаушылар: Роналду, Ди Мария, Хедира, Модрич, Каземиро, Ильярраменди, Иско, Озил
Шабуылшылар: Бензема, Хесе, Мората

__________________________________________________________________________________________________
Ставка сүйер қауым үшін басқа да ойындар:
Альмерия – Эльче 2:2
Райо Вальекано – Леванте 1:2
Сельта – Гранада
Вальядолид – Хетафе
Осасуна – Вильярреал
Эспаньол – Бетис
Реал Сосьедад – Атлетико
Севилья – Малага

Және… және
Валенсия – Барселона

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Ертеңгі матч-2
Реалдың Атлетикпен, Валенсияның Барселонамен ойындары қызықты боларына сенімім мол. Касильяс запаста қала ма? Мессисіз Барсаны немесе Неймардың алғашқы минуттан алғаш рет көргіңіз келсе Ойын көріңіз

__________________________________________________________________________________________________
"Өткен шақсыз келер шақ болмайды"-деп мектептегі Қатипаш апайым айтпақшы, өткен турға көз жүгіртіп өтсек. Өткен турдың символикалық құрамасы төмендегідей екен:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Ертеңгі матч-2
Бұл жолы Реал мен Барса бар болғаны бір-бірден ғана ойыншы енгізе алды, бұның өзі Ла лИганың қызықты боларына себеп пе? Әлде Мадридтің Атлетикосы Реал мен Барсаның дәрежесіне жетті ма?
Өткен 2-ші турдың толық бейне шолуын осы жерден тамашалаңыз:
Өткен турдың ойындарынан өз тасымнан мына голды үздік гол есебінде ұсынамын: (Канидың Вальядолидке соққан голы)
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Ертеңгі матч-2

Сонымен қатар артында көзі бар секілді әсер қалдырған Пикеге рысбек:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Ертеңгі матч-2
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше