"Динамо" - "Ақтөбе" 5:1


Сонымен «Ақтөбенің» Еуропа Лигасы серуені де аяқталды. «Динамодан» кеше 5:1, жалпы 8:3 есебімен жеңіліп, Еуропа Лигасы топтық кезеңіне шыға алмады. Енді тек кішкентай ғана үміт қалып тұр. УЕФАдан дисквалификация алған Фенербахченің орнына баратын команда бүгін жеребе арқылы анықталады. Кеше жеңілген 30 команда бүгінгі лотереяға қатысады.
Бөлісу:

7 пікір

kydyrbai
Bugin zhuma6musylmandardyn ornyn musylman el bolyp koptin tilegimen Aktobe alsa zhaksy bolar edi. Kazakhpyz goi,barin zhaksylykka zhorimyz)
Adiletshu
Мбоканидің голы шедевр.
asaubota
Ақтөбелік емес жанкүйерлерді түсінемін. Қазақстан атынан шығып жатқасын Ақтөбеден жақсы ойын күтті. Бірақ Ақтөбе командасын да түсінуге тырысыңыздар. Бұл ойынды ала алмайтындарын жақсы біледі. Бапкер де, ойыншылар да, басшылық та. Оны ойынның алғашқы он бірінен де аңғаруға болады. Команда сылбыр, төменгі темпте, барын салмай ойнағандарының себебі 2 күннен кейінгі Ертіс матчын ойлағандары. Ақтөбе үшін қазір ел емпионаты маңыздырақ. Сондықтан да бүгін сондай ойын болды. Шабуыл шебіндегі Гейнрих, Хайруллиндер жүгірмеді, жарақат алып қалмау үшін қатты кірмеді де допқа. Бапкер Никитенко шынымен мықты бапкер, тәжірибе жинасын деп алғаш рет Еурокубок матчында жас Алдан Балтаевты шығарды. Футболшы үшін үлкен сыйлық! Асхаттар да ысылып қалды. Команданы кінәламайық, қарымта матчтан гөрі дайындық маты сипатында өтті. жеребеде сәттілік тілейік. Мүмкін шынымен Фенербахченің орнына біз шығып кетерміз?

Ақтөбенің тағы бір дұрыс істеген нәрсесі — 2003 жылғы жас балалар командасын өздерімен бірге алып кетті. Ана күттәй балдар ел көрді, жер көрді. Динамоның өздерімен қатар балаларымен футбол ойнады. Өздері күнде алаң шетінде доп алып беріп жүрген сүйікті футболшыларымен бірге бір ұшақта ұшты. Балалар үшін өте үлкен сыйлық бұл. Футболға, спортқа қызығу, мотивация осылай болады. сол балалар үшін де қуаныштымын.
MickThatsMyNick
УЭФА тізімінде Динамо Киев 25-ші орында Тоттэнхемнен кейін тұр екен, ал біз 181-ші орынға тұрып Динамо Минскіден озғанбыз.) Қалған үміт тек жеребеде… эх…
asaubota
жеребе бұйырмады бізге. кипрлік АПОЭЛ шықты
Ispek92
Ақтөбе мен Шахтер біраз жерге дейін барды, шапты. Келесіде біліп жүрер БОРАТ-тың өтірік екенін епті еуропалықтар
MickThatsMyNick
Плей оффқа дейін шаршамай жету оңай емес, оның үстіне Динамо К сияқты қарсыласты жаңа күшпен де құлату әсте оңай болмас.