Мың бір түн....(Бекбаудың нұсқасында) (Жалғасы....#2)
Амалсыз қорыққаннан бұлар түсті,
Көрмейміз, — деп едік мұндай істі.
Алдынан қашқан ісің кез қылыпты,
Құданың құдіреті қандай күшті.
Бұл қыздың екеуіне көңілі кетті,
Тамаша, қызық мәжіліс, ойын етті.
Қызбенен екі патша ойнап күліп,
Жұмысы көңілдегі түгел бітті.
Қыз екен диюмен жүріп жаһан кезген,
Телміріп көрінгенге көзін сұзген.
Шығарды бір әмиян қалтасынан,
Ішінде талай жүзік жіпке тізген.
Санағы сай жүзіктің тоқсан сегіз,
-Мінекей жолығыстық сіз бенен біз.
Сұрайды патшалардан сол уақытта қыз,
Жоқ па еді бұрын мұндай көргеніңіз.
Жолыққан екеуіңіздей көз танысым,
Мінекей, екеуіңмен болыпты жүз.
Екеуің беріңіздер екі жүзік,
Қояйын ұмытпастай жірке тізіп.
Өздеріңіз ойланыңдар, падишалар,
Болар ма бұл дүние бұдан қызық.
Көңілім хұт ұрғанда ауық-ауық,
Қылмаймын бұл диюден ешбір қауіп.
Ыңғайы келген жерде көңілімді аулап,
Кететін сездірместен ебін тауып.
Қолынан жамандардың жұмыс келмек,
Адам, деп, оны ешкім көзіне ілмес.
Ерінің жақсы қатын жайын білген,
Бекерге өз тұсынан қарап жүрмес.
Патшалар қыздан мұны есті білді,
Құтылған еш адам жоқ мұнан енді.
-Қой, бүйтіп әуре болып жүрмейік деп,
Екеуі өз жұртына қайтып келді.
Үйреніп қыздан бұлар мұндай істі,
Патшалық қалыбына қайтып түсті.
Ханымды баршасының бастысы қып,
Жиып ап, құл мен күңнің басын кесті.
Айттырып күнде бір қыз, алып қатын,
Патшалық қайта құрды салтанатын.
Қасына бір кеш алып жатқаннан соң,
Айтайын енді қылған хиқаятын.
Таң атып, тұрғаннан соң басын кесті,
Алумен күнде бір қыз өмір кешті.
Өткізіп бұл ортада бір, екі жыл,
Ақыры машық қылды осы істі.
Бірталай әлек қылды жасты дейді,
Әдептен осы ісі асты дейді.
Патшаға Жами халық қыз таба алмай,
Қалған қыз жалғыз – жарым қашты дейді.
Патшаға табылмады алуға қыз,
… ның ойлағаны болмады кез.
Қылады уәзіріне қатты жарлық,
-Бір қызды кешіктірмей келтір, деп, тез.
Уәзірдің өзінің бар екі қызы,
Қимай тұр өлтіруге оны көзі.
Қыларын қандай амал біле алмастан,
Сарғайды запырандай қызыл жүзі.
Екеуі жасөспірім бойға жеткен,
Үлкені бір қу екен жұрттан өткен.
Жасынан жағрапия ілім оқып,
Хиқая көңіліне кеңес еткен.
Атапты Шәхәризада деп қыздың атын,
Көп білген ертектердің хиқаятын.
Данышпан, парасатты бір жан екен,
Болуға жарағандай ханға қатын.
Дүниеде кіші қызы о да зерек,
Жаралған өзге жаннан тұрқы бөлек.
Сұрайды сонда қыздар атасынан,
Е, ата сарғайдыңыз неден жүдеп.
Әлқисса:
Атасы айтады,
Бұйырды патша маған, алып кел қыз, деп,
Мен қызды таба алмадым елден іздеп.
Ақылым алты бөлек болғалы тұр,
Патшаға не деп жауап береміз, — деп.
Шәһәризада айтты: Ата одан саспа,
Шаһарда қыз қалған жоқ бізден басқа.
Біраз күн ханы қызды айналдырып,
Болмай ма ара тұрсақ бірер жасқа.
Бірі боп өлсем көптің мен де өлермін,
Бір келсе сөзге тілім жөнделермін.
Қыздарға қырғын болған ханыңызды,
Я, ата бір күйгше сап жіберермін.
Атасы жаратпайды қыздың сөзін,
Шырағым көрмей – ақ қой ханның жүзін.
Өгізге ақыл тауып беремін, деп,
Пейнетке салып қойған ешек өзін.
Боларсың сен де сондай, барсаң балам,
Бармағын егер тілім, алсаң балам.
Қаларсың кіріптар боп құтыла алмай,
Сөзіне жол таба алмай қалсаң балам.
Қыз: Я, ата, құтылармын бір себеппен,
Патшаны айналдырып әрбір кеппен.
Өгіз бен ешек, ата, қайткен екен,
Қалыпты құтыла алмай не себептен.
Менікі тоба қылдым болса қата,
Көгерер бала атадан алса бата.
Өгіз бенен ешектің әңгімесін,
Баян қып түсіндірші, маған ата.
Әлқисас: сонда атасының айтқаны.
Бір жігіт өзі батыр, өзі сырттан,
Ақылы артық болған тамам жұрттан.
Бар екен бір өгіз бен бір ешегі,
Мойнына қамыт салып, егін жыртқан.
Жүрмесе ол өгізін ұрады екен,
Өгізбен ешек кеңес құрады екен.
Жұмыстың бәрін өгіз жалғыз қылып,
Тынығып ешек жайға тұрады екен.
Бір күні өгіз шаршап кепті дейді,
Өлімге тақалдым – ау депті, дейді.
Өгізге сонда ешек көңіл айтып,
Жалмаңдап, біраз отты жепті дейді.
Өгіз айтты: «Жайым жоқ мен бір ғаріп,
Шама жоқ қозғаларға тұрмын талып.
Ертеден қара кешке тынбаймын деп,
Сен тұрсың ішіп-тышып, тойып алып.
Ешек:
Бәлеге жүрсің өгіз, өзің қалып,
Қозғалма ұрсадағы қамшы салып.
Дым сызбай, қореқ татпай, құла да жат,
Ауызыңды қойса дағы суға малып.
Сен бүгін таң атқанша жемегін шөп,
Бұл пейнет тіл алмасаң өзіңе көп.
Су ішпей, таң атқанша жемесең от,
Шығармас ертең сені ауырды, деп.
Өгізге ешек сондай сөз қатады,
Жеместен өгіз отын аш жатады.
Қожайын бұл әңгімені естіп біліп,
Шақырып ертең ерте құлға айтады.
Құлым-ау өгіз де мал, ешек те мал,
Қабыл қып, неменеге айтсам тілімді ал.
Тыншысын кешке дейін демін алып,
Жұмысқа өгізді қой, ешекті сал.
Құл сөзін қожайынның қабыл алды,
Ешекті кешке шейін іске салды.
Шығарып ащщы терін мұрынынан,
Қораға өгіз тұрған алып барды.
Өгіз тұр тыныққаннан рахаттанып,
От, судан өлместей боп қорек алып.
Қожайынның тілімен тағы ертенімен,
Жөнелді мойынына қамыт салып.
Ертеден кешке шейін жерді жыртты,
Шаршатып сол ешектің дымын құртты.
Өгізге ақыл тауып беремін деп,
Сәл жерден, бейшараны пейнет тұтты.
Өгіздей ол ешекте емес күшті,
Көзіне күндегісі бір-бір ұшты.
-Мен мұнан қандай қылсам құтылам деп,
Көбейтті ешнк байғұс өкінішті.
Қораға ешек жылап, налып келді,
Үміті бар жанынан қалып келді.
Көзіне көк шыбынын үймелетіп,
Өгіз тұрған қораға алып келді.
Әлқисса: жүдә өгіз ешекке: қалай қиналып жүрсіз бе, сыйланып жүрсіз бе?
Ешек:
Бұл досың ерте кетіп, кешке келген,
Балада әрбір түрлі қызық көрген.
Біраз күн бұл пейнетке немкетеді,
Кетеді де біраз шығып арам тердеп.
Өгіз:
Е, досым көңілім хош уақ болды сенен,
Азырақ суды ішіп, отты жегем.
Қожамен кешке дейін бір жүрген де,
Ешнарсе сөйледі ме сонда менен?
Ешек:
Қожаңыз бүгін кеште келмек болды,
Көзімен әл-құрбыңды көрмек болды.
Жазылып ауруыңнан түзелмесең,
Қасапқа етің сойып бермек болды.
Әлқисса: мұны естіген өгіз су ішіп, от жеп, жұмысқа даярланып пысқырып тұрды.
Қожайын олай-бұлай жүрді, дейді,
Өгіз бен есек сөзін білді, дейді.
Екеуінің…
Қожайын уйде отырып күлді дейді.
Қатыны күлкісіне болып ыза,
-Бар ма еді… жарың сенің мырза.
Ерлі-зайып сол жерде ұрыс қылып,
-Жауап бер! – дейді, қатын, қыза-қыза.
-ойнасың тқсыңыздан келсе жанап,
Әлбетте, сен күлерсің соған қарап.
Жөніңді осы күлген айтып бергін,
Болмаса, маған қазір қойғын талақ.
Бұл сөзбен қайындарын жиды дейді,
Күлгенін сорлы жігіт тыйды, дейді.
Жайылды сұратпастан қойдырғын, деп,
Бұларға қылып жатыр сыйды, дейдң.
Бұл жігіт, ағайынның алмай тілін,
Сырларын айтпаушы еді бұдан бұрын.
Ақыры айтпақшы боп сыртқа шықты,
Қатынның көтере алмай еркелігін.
Сөйлесер сыртқа шықса, ит пен тауық,
Секіріп мекиеніне қылар сауық.
-Ит айтты, қораз неге құтырасың,
Барады қожайының ажал тауып.
Қораз айтты:
Не шара тоқтығымнан,
Ойнаймын ақылымның жоқтығынан.
Өлсе обалы өзіне қожа-екемнің,
Себебі, пайымының жоқтығынан.
Қорық ит, қораз айтты, қатыным бар,
Бәріне ашулансам пейілім тар.
Қуаты бір қатынға келмес болса,
Неқылар о басында алып бекер.
Ит айтты:
Қораз ойнап жүремісің,
Алшақтап бұрынғыдай күлемісің,
Сырын айтса бейкүнә өліп кетер.
Сен мұның өлмес ақылыны білемісің.
Қораз айтты: қожайын бауға барсын,
Бір шағып тұт ағашын кесіп алсын.
Есікті қайтып келіп мықтап байлап,
Қатынға шешіндіріп дүре салсын.
Тиген соң таяқ жанға шыдамағай,
Зарпына ешкім шыдап тұра алмағай.
Әбден таяқ сынғанша қатынды ұрса,
Онан соң жайын қайтып сұрамағай.
Қожекең бұл сөзбенен бауға барды,
Бір шағын тұт ағашын кесіп алды.
Есікті қайтып келіп мықтап байлап,
Шешіндіі қатынға дүре салды.
Таяқ жеп қысқартыпты қатын тілін,
Болыпты шығармастай қатын үнін.
Еріне бұрынғыдай қатын болып,
Қойыпты қалжыңдаған еркелікті.
Бұл жігіт бір өлімнен аман болды,
Осындай түрлі-түрлі заман болар.
Қызына атасының айтқан сөзі,
Осымен аяқ жағы тамам болды.
Қыз айтты: мұның рас, ата жаным,
Бірдей ме, ешекпенен менің әлім.
Айуанда ес болғанмен, ақыл болмас,
Обалсыз мен осыдан өлсем қатын.
Деген соң қызын уәзір алып жүрді,
Қызынан көңілі жаман қалып жүрді.
Е, балам, өзіңе-өзің қылдың ғой деп,
Қайғырып жаман жүдеп, нлып жүрді.
Әлқисса: патшаның алдына қызын ертіп барып, уәзірдің айтқаны:
Хан падишам жалғыз деме, бұл сөзімді,
Сарп етіп қыз таба алмай мен өзімді.
Жараса қызметіңе алды қызға,
Әкелдім бүгін сізге өз қызымды.
Хан сонда:
Жарайды, деп қабыл етті,
Тапсырып қызын уәзір қайтып кетті.
Шәһәризада үйден шыққан уақытысында,
Бір сөзді сіңлісіне айтып кетті.
Атаммен еріп ханға мен барамын,
Ыңғайын падишаның аңғарармын.
Ханменен ынтымағым қосылысса,
Шақыртып, мен қасыма алдырамын.
Үстіңе атлас қылқап жамылғайсың,
Қып қызыл бәйшешектей малынғайсың.
-Апатай бір әңгіме айтып кет, деп,
Еркелеп, еркіме қоймай жалынғайсың.
Білемін сөйлемесем өлерімді,
Үзбеймін күні бұрын күдерімді.
Хан сонда рұхсат беріп, сөйле десе,
Сол уақытта құдай білсін не дерімді.
Деп айтып сіңілісіне кеткен екен,
Барған соң хан тамаша еткен екен.
Патшаның ойлағаны болмаған соң,
Ал, енді есітейік, неткен екен.
Адамға түрлі ақылды құдай берген,
Шәһәризада әр ойыменен жылпай берген.
Балқытып ханның буынын босатқан соң,
Сонда хан не десе де ұнай берген.
....(Жалғасы бар)…
Көрмейміз, — деп едік мұндай істі.
Алдынан қашқан ісің кез қылыпты,
Құданың құдіреті қандай күшті.
Бұл қыздың екеуіне көңілі кетті,
Тамаша, қызық мәжіліс, ойын етті.
Қызбенен екі патша ойнап күліп,
Жұмысы көңілдегі түгел бітті.
Қыз екен диюмен жүріп жаһан кезген,
Телміріп көрінгенге көзін сұзген.
Шығарды бір әмиян қалтасынан,
Ішінде талай жүзік жіпке тізген.
Санағы сай жүзіктің тоқсан сегіз,
-Мінекей жолығыстық сіз бенен біз.
Сұрайды патшалардан сол уақытта қыз,
Жоқ па еді бұрын мұндай көргеніңіз.
Жолыққан екеуіңіздей көз танысым,
Мінекей, екеуіңмен болыпты жүз.
Екеуің беріңіздер екі жүзік,
Қояйын ұмытпастай жірке тізіп.
Өздеріңіз ойланыңдар, падишалар,
Болар ма бұл дүние бұдан қызық.
Көңілім хұт ұрғанда ауық-ауық,
Қылмаймын бұл диюден ешбір қауіп.
Ыңғайы келген жерде көңілімді аулап,
Кететін сездірместен ебін тауып.
Қолынан жамандардың жұмыс келмек,
Адам, деп, оны ешкім көзіне ілмес.
Ерінің жақсы қатын жайын білген,
Бекерге өз тұсынан қарап жүрмес.
Патшалар қыздан мұны есті білді,
Құтылған еш адам жоқ мұнан енді.
-Қой, бүйтіп әуре болып жүрмейік деп,
Екеуі өз жұртына қайтып келді.
Үйреніп қыздан бұлар мұндай істі,
Патшалық қалыбына қайтып түсті.
Ханымды баршасының бастысы қып,
Жиып ап, құл мен күңнің басын кесті.
Айттырып күнде бір қыз, алып қатын,
Патшалық қайта құрды салтанатын.
Қасына бір кеш алып жатқаннан соң,
Айтайын енді қылған хиқаятын.
Таң атып, тұрғаннан соң басын кесті,
Алумен күнде бір қыз өмір кешті.
Өткізіп бұл ортада бір, екі жыл,
Ақыры машық қылды осы істі.
Бірталай әлек қылды жасты дейді,
Әдептен осы ісі асты дейді.
Патшаға Жами халық қыз таба алмай,
Қалған қыз жалғыз – жарым қашты дейді.
Патшаға табылмады алуға қыз,
… ның ойлағаны болмады кез.
Қылады уәзіріне қатты жарлық,
-Бір қызды кешіктірмей келтір, деп, тез.
Уәзірдің өзінің бар екі қызы,
Қимай тұр өлтіруге оны көзі.
Қыларын қандай амал біле алмастан,
Сарғайды запырандай қызыл жүзі.
Екеуі жасөспірім бойға жеткен,
Үлкені бір қу екен жұрттан өткен.
Жасынан жағрапия ілім оқып,
Хиқая көңіліне кеңес еткен.
Атапты Шәхәризада деп қыздың атын,
Көп білген ертектердің хиқаятын.
Данышпан, парасатты бір жан екен,
Болуға жарағандай ханға қатын.
Дүниеде кіші қызы о да зерек,
Жаралған өзге жаннан тұрқы бөлек.
Сұрайды сонда қыздар атасынан,
Е, ата сарғайдыңыз неден жүдеп.
Әлқисса:
Атасы айтады,
Бұйырды патша маған, алып кел қыз, деп,
Мен қызды таба алмадым елден іздеп.
Ақылым алты бөлек болғалы тұр,
Патшаға не деп жауап береміз, — деп.
Шәһәризада айтты: Ата одан саспа,
Шаһарда қыз қалған жоқ бізден басқа.
Біраз күн ханы қызды айналдырып,
Болмай ма ара тұрсақ бірер жасқа.
Бірі боп өлсем көптің мен де өлермін,
Бір келсе сөзге тілім жөнделермін.
Қыздарға қырғын болған ханыңызды,
Я, ата бір күйгше сап жіберермін.
Атасы жаратпайды қыздың сөзін,
Шырағым көрмей – ақ қой ханның жүзін.
Өгізге ақыл тауып беремін, деп,
Пейнетке салып қойған ешек өзін.
Боларсың сен де сондай, барсаң балам,
Бармағын егер тілім, алсаң балам.
Қаларсың кіріптар боп құтыла алмай,
Сөзіне жол таба алмай қалсаң балам.
Қыз: Я, ата, құтылармын бір себеппен,
Патшаны айналдырып әрбір кеппен.
Өгіз бен ешек, ата, қайткен екен,
Қалыпты құтыла алмай не себептен.
Менікі тоба қылдым болса қата,
Көгерер бала атадан алса бата.
Өгіз бенен ешектің әңгімесін,
Баян қып түсіндірші, маған ата.
Әлқисас: сонда атасының айтқаны.
Бір жігіт өзі батыр, өзі сырттан,
Ақылы артық болған тамам жұрттан.
Бар екен бір өгіз бен бір ешегі,
Мойнына қамыт салып, егін жыртқан.
Жүрмесе ол өгізін ұрады екен,
Өгізбен ешек кеңес құрады екен.
Жұмыстың бәрін өгіз жалғыз қылып,
Тынығып ешек жайға тұрады екен.
Бір күні өгіз шаршап кепті дейді,
Өлімге тақалдым – ау депті, дейді.
Өгізге сонда ешек көңіл айтып,
Жалмаңдап, біраз отты жепті дейді.
Өгіз айтты: «Жайым жоқ мен бір ғаріп,
Шама жоқ қозғаларға тұрмын талып.
Ертеден қара кешке тынбаймын деп,
Сен тұрсың ішіп-тышып, тойып алып.
Ешек:
Бәлеге жүрсің өгіз, өзің қалып,
Қозғалма ұрсадағы қамшы салып.
Дым сызбай, қореқ татпай, құла да жат,
Ауызыңды қойса дағы суға малып.
Сен бүгін таң атқанша жемегін шөп,
Бұл пейнет тіл алмасаң өзіңе көп.
Су ішпей, таң атқанша жемесең от,
Шығармас ертең сені ауырды, деп.
Өгізге ешек сондай сөз қатады,
Жеместен өгіз отын аш жатады.
Қожайын бұл әңгімені естіп біліп,
Шақырып ертең ерте құлға айтады.
Құлым-ау өгіз де мал, ешек те мал,
Қабыл қып, неменеге айтсам тілімді ал.
Тыншысын кешке дейін демін алып,
Жұмысқа өгізді қой, ешекті сал.
Құл сөзін қожайынның қабыл алды,
Ешекті кешке шейін іске салды.
Шығарып ащщы терін мұрынынан,
Қораға өгіз тұрған алып барды.
Өгіз тұр тыныққаннан рахаттанып,
От, судан өлместей боп қорек алып.
Қожайынның тілімен тағы ертенімен,
Жөнелді мойынына қамыт салып.
Ертеден кешке шейін жерді жыртты,
Шаршатып сол ешектің дымын құртты.
Өгізге ақыл тауып беремін деп,
Сәл жерден, бейшараны пейнет тұтты.
Өгіздей ол ешекте емес күшті,
Көзіне күндегісі бір-бір ұшты.
-Мен мұнан қандай қылсам құтылам деп,
Көбейтті ешнк байғұс өкінішті.
Қораға ешек жылап, налып келді,
Үміті бар жанынан қалып келді.
Көзіне көк шыбынын үймелетіп,
Өгіз тұрған қораға алып келді.
Әлқисса: жүдә өгіз ешекке: қалай қиналып жүрсіз бе, сыйланып жүрсіз бе?
Ешек:
Бұл досың ерте кетіп, кешке келген,
Балада әрбір түрлі қызық көрген.
Біраз күн бұл пейнетке немкетеді,
Кетеді де біраз шығып арам тердеп.
Өгіз:
Е, досым көңілім хош уақ болды сенен,
Азырақ суды ішіп, отты жегем.
Қожамен кешке дейін бір жүрген де,
Ешнарсе сөйледі ме сонда менен?
Ешек:
Қожаңыз бүгін кеште келмек болды,
Көзімен әл-құрбыңды көрмек болды.
Жазылып ауруыңнан түзелмесең,
Қасапқа етің сойып бермек болды.
Әлқисса: мұны естіген өгіз су ішіп, от жеп, жұмысқа даярланып пысқырып тұрды.
Қожайын олай-бұлай жүрді, дейді,
Өгіз бен есек сөзін білді, дейді.
Екеуінің…
Қожайын уйде отырып күлді дейді.
Қатыны күлкісіне болып ыза,
-Бар ма еді… жарың сенің мырза.
Ерлі-зайып сол жерде ұрыс қылып,
-Жауап бер! – дейді, қатын, қыза-қыза.
-ойнасың тқсыңыздан келсе жанап,
Әлбетте, сен күлерсің соған қарап.
Жөніңді осы күлген айтып бергін,
Болмаса, маған қазір қойғын талақ.
Бұл сөзбен қайындарын жиды дейді,
Күлгенін сорлы жігіт тыйды, дейді.
Жайылды сұратпастан қойдырғын, деп,
Бұларға қылып жатыр сыйды, дейдң.
Бұл жігіт, ағайынның алмай тілін,
Сырларын айтпаушы еді бұдан бұрын.
Ақыры айтпақшы боп сыртқа шықты,
Қатынның көтере алмай еркелігін.
Сөйлесер сыртқа шықса, ит пен тауық,
Секіріп мекиеніне қылар сауық.
-Ит айтты, қораз неге құтырасың,
Барады қожайының ажал тауып.
Қораз айтты:
Не шара тоқтығымнан,
Ойнаймын ақылымның жоқтығынан.
Өлсе обалы өзіне қожа-екемнің,
Себебі, пайымының жоқтығынан.
Қорық ит, қораз айтты, қатыным бар,
Бәріне ашулансам пейілім тар.
Қуаты бір қатынға келмес болса,
Неқылар о басында алып бекер.
Ит айтты:
Қораз ойнап жүремісің,
Алшақтап бұрынғыдай күлемісің,
Сырын айтса бейкүнә өліп кетер.
Сен мұның өлмес ақылыны білемісің.
Қораз айтты: қожайын бауға барсын,
Бір шағып тұт ағашын кесіп алсын.
Есікті қайтып келіп мықтап байлап,
Қатынға шешіндіріп дүре салсын.
Тиген соң таяқ жанға шыдамағай,
Зарпына ешкім шыдап тұра алмағай.
Әбден таяқ сынғанша қатынды ұрса,
Онан соң жайын қайтып сұрамағай.
Қожекең бұл сөзбенен бауға барды,
Бір шағын тұт ағашын кесіп алды.
Есікті қайтып келіп мықтап байлап,
Шешіндіі қатынға дүре салды.
Таяқ жеп қысқартыпты қатын тілін,
Болыпты шығармастай қатын үнін.
Еріне бұрынғыдай қатын болып,
Қойыпты қалжыңдаған еркелікті.
Бұл жігіт бір өлімнен аман болды,
Осындай түрлі-түрлі заман болар.
Қызына атасының айтқан сөзі,
Осымен аяқ жағы тамам болды.
Қыз айтты: мұның рас, ата жаным,
Бірдей ме, ешекпенен менің әлім.
Айуанда ес болғанмен, ақыл болмас,
Обалсыз мен осыдан өлсем қатын.
Деген соң қызын уәзір алып жүрді,
Қызынан көңілі жаман қалып жүрді.
Е, балам, өзіңе-өзің қылдың ғой деп,
Қайғырып жаман жүдеп, нлып жүрді.
Әлқисса: патшаның алдына қызын ертіп барып, уәзірдің айтқаны:
Хан падишам жалғыз деме, бұл сөзімді,
Сарп етіп қыз таба алмай мен өзімді.
Жараса қызметіңе алды қызға,
Әкелдім бүгін сізге өз қызымды.
Хан сонда:
Жарайды, деп қабыл етті,
Тапсырып қызын уәзір қайтып кетті.
Шәһәризада үйден шыққан уақытысында,
Бір сөзді сіңлісіне айтып кетті.
Атаммен еріп ханға мен барамын,
Ыңғайын падишаның аңғарармын.
Ханменен ынтымағым қосылысса,
Шақыртып, мен қасыма алдырамын.
Үстіңе атлас қылқап жамылғайсың,
Қып қызыл бәйшешектей малынғайсың.
-Апатай бір әңгіме айтып кет, деп,
Еркелеп, еркіме қоймай жалынғайсың.
Білемін сөйлемесем өлерімді,
Үзбеймін күні бұрын күдерімді.
Хан сонда рұхсат беріп, сөйле десе,
Сол уақытта құдай білсін не дерімді.
Деп айтып сіңілісіне кеткен екен,
Барған соң хан тамаша еткен екен.
Патшаның ойлағаны болмаған соң,
Ал, енді есітейік, неткен екен.
Адамға түрлі ақылды құдай берген,
Шәһәризада әр ойыменен жылпай берген.
Балқытып ханның буынын босатқан соң,
Сонда хан не десе де ұнай берген.
....(Жалғасы бар)…
1 пікір