Ертеңгі матч

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Ертеңгі матч
ХАЛА МАДРИД !!! Интернетті ашып-жапқанша мінекей бір апта да өтіп кетіпті. Еуропада Футбол маусымы қызуға бетбұрыс жасап жатыр, трансферлік терезе жабылысымен қыза түсетініне сенім берік. Сонымен іске көшейік, Мадридтік Реал ертең гранадалық Гранадамен Нуэво Лос Карменес стадионында Ла Лиганың 2-турын жабады.
Гранада Бетис емес негізі, мықты құрама жиналған, осы жылы қателеспесем Европа Лигасында ойнауы тиіс. Өткен турда Памплондық Осасунаны сырт алаңда 1-2 есебімен жеңіп, үш ұпайды қанжығаларына байлап кеткен еді. Не болса да қызықты матч өткелі тұр.
Гранадамен өтетін матчқа дайындық үстіндегі жігіттер:

Матч ертең Астана уақытымен сағат 1-30 да өтеді, тағы да көруге мүмкіншілік болмайтыны белгілі. Бірақ, рунет аман болсын 
Реал жақтан әзірге еш жаңалық жоқ дәл қазіргі уақытқа дейін, ойынға бас бапкердің кімдерді алғаны белгісіз болып отыр. Белгілі болған кезде осы жерге салармын. Әзірге белгілісі Рафаэль Варан, Хаби Алонсо, Асьер Ильяраменди, Сами Хедира жарақаттарына байланысты ойынға қатыспайтыны. Болжам матч есебі 1-3.

Сонымен, Анчелотти бапкер ойынға қатысуы мүмкін 20 ойыншы тізімін жариялады:
Қақпашылар: Касильяс, Д. Лопес, Мехияс
Қорғаушылар: Пепе, С. Рамос, Арбелоа, Начо, Марсело, Карвахаль
Жартылай қорғаушылар: Кака, Хосе Родригес, Озил, Каземиро, Модрич, Иско, Ди Мария, Роналду
Шабуылшылар: Бензема, Мората, Хесе


Ставка сүйер қауым үшін басқа да ойындар:
Эльче – Реал Сосьедад 1:1
Эспаньол – Валенсия 3:1
Вильярреал – Вальядолид 2:1
Атлетико – Райо Вальекано
Малага – Барселона(осы матчты жіберіп алмаңыз, Месси ойнамауы мүмкін. Мессисіз Барсаның қолынан не келетінін көрелік )
Леванте – Севилья
Бетис – Сельта
Хетафе – Альмерия 2:2
Атлетик – Осасуна 2:0

_________________________________________________________________________________________________
"Өткен шақсыз келер шақ болмайды"-деп мектептегі Қатипаш апайым айтпақшы, өткен турға көз жүгіртіп өтсек. Өткен турдың символикалық құрамасы төмендегідей екен:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Ертеңгі матч
Ия, Реалдан тек 2 ойыншы ғана іліне алса, Барселонадан бақандай 4 ойыншы ілігіпті, бұл да бірдеңені айтса керекті. Өткен тур бойынша Барселона турнир кестесінде көш бастаса, менің командам әзірге 8 орынды місе тұтып тұр.
Өткен турдың бейне шолуын мына жерден тамашалаңыз.
Менің ойымдағы 1 турдың керемет соғылған голы мынау болса:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Ертеңгі матч
Көпшіліктің таңдауы мына голға түсіпті:

_________________________________________________________________________________________________
Бөлісу:

6 пікір

Ispek92
Барса Мессисіз Малаганы әупірімдеп жүріп жеңді, жалғыз гол қорғаушы саналатын Адрианоның еншісінде:
Abilakim
Барсаның көп қолдана бермейтін тебістерінің бірі. Алыстан бағытталған доп голға айналған екен.
Ispek92
Кабальеро жақсы қақпашы негізі, қорғаушылар допты көрсетпей тастағасын қайтара алмаған секілді.
konvict
Адриано мұндай голдың талайын соққан. Былтыр екеуін тығып еді.
konvict
Былтырғы жағдай қайталанатын шығар
Ispek92
қайталанбайды деп ойлаймын, Шива жар болсын!