Владимир Высоцкий: "Ұнатпаймын мезгілсіз өлімді мен"
Тақырыптың атауына шығарылған сөздер оның әйгілі «Я не люблю» деген өлеңінен алынған.
Бұл өлеңге бұрыннан шатырым кетім жүрген болатын.
Маған мейілінше автордың айтпағын мән-мағынасын бүлдірмей, артық ештеңе қоспай және қандай да бір ұйқас бен буын санын сақтап, гитарамен қазақы мақамға салып айтуға келетіндей ету керек болды.
Аудару барысында білдім, кей өнер алыптарының өлеңін аударғанша, жаңа шығарма жазу оңайырақ екен.
В.Высоцкий
"Ұнатпаймын"
Ауд. А.Базарбай
Ұнатпаймын мезгілсіз өлімді мен,
Өмірімнен ешқашан түңілмегем,
Ұнатпаймын кез-келген күнімді мен,
Айта алмасам ән шырқап, көңілді өлең.
Ұнатпаймын арсыздың кекеткенін,
Желігіне сенбеймін желөкпенің,
Ұнатпаймын жат төніп иығымнан
Хаттарыма сұқ көзін жүгірткенін.
Ұнатпаймын тірлікті, болса шала,
Біреу бөлсе сөзімді орта жолда,
Ұнатпаймын, атылса арқадан оқ,
Бетке атылған оқты да жақтағым жоқ.
Жек көремін өсекті «ақпар» десе,
Күдік жесе, оқыстан құрметтесе,
Теріс тарап барқытты тықырлатып,
Темірді алып әйнекке үйкей берсе.
Ұнамайды тоқ көңіл жайбасарлық
Тоқтай алмай соқтыққан маған артық!
Әттеген-ай «ар» сөзі ұмыт болып,
Ғайбат сөздің мерейі барад артып…
Сынық қанат, құм жігер, көрсем егер,
Ауырмайды жүрегім, деме бекер-
Ұнатпаймын зорлық пен сорлылықты,
Тек азабы Исаның өзекті өртер.
Ұнатпаймын өзімді — үрейленсем,
Жазықсыздар сабалса, түседі еңсем,
Ұнамайды ішіме кіріп алып,
Тұнығыма түкіріп кете берсең…
Ұнамайды алаңдар жанталасқан,
Бір теңгеге миллион теңге алмасқан,
Әлі талай өмірім өзгерсе де,
Ұнатпаспын бұларды мен ешқашан.
24.08.2013
Бұл өлеңге бұрыннан шатырым кетім жүрген болатын.
Маған мейілінше автордың айтпағын мән-мағынасын бүлдірмей, артық ештеңе қоспай және қандай да бір ұйқас бен буын санын сақтап, гитарамен қазақы мақамға салып айтуға келетіндей ету керек болды.
Аудару барысында білдім, кей өнер алыптарының өлеңін аударғанша, жаңа шығарма жазу оңайырақ екен.
В.Высоцкий
"Ұнатпаймын"
Ауд. А.Базарбай
Ұнатпаймын мезгілсіз өлімді мен,
Өмірімнен ешқашан түңілмегем,
Ұнатпаймын кез-келген күнімді мен,
Айта алмасам ән шырқап, көңілді өлең.
Ұнатпаймын арсыздың кекеткенін,
Желігіне сенбеймін желөкпенің,
Ұнатпаймын жат төніп иығымнан
Хаттарыма сұқ көзін жүгірткенін.
Ұнатпаймын тірлікті, болса шала,
Біреу бөлсе сөзімді орта жолда,
Ұнатпаймын, атылса арқадан оқ,
Бетке атылған оқты да жақтағым жоқ.
Жек көремін өсекті «ақпар» десе,
Күдік жесе, оқыстан құрметтесе,
Теріс тарап барқытты тықырлатып,
Темірді алып әйнекке үйкей берсе.
Ұнамайды тоқ көңіл жайбасарлық
Тоқтай алмай соқтыққан маған артық!
Әттеген-ай «ар» сөзі ұмыт болып,
Ғайбат сөздің мерейі барад артып…
Сынық қанат, құм жігер, көрсем егер,
Ауырмайды жүрегім, деме бекер-
Ұнатпаймын зорлық пен сорлылықты,
Тек азабы Исаның өзекті өртер.
Ұнатпаймын өзімді — үрейленсем,
Жазықсыздар сабалса, түседі еңсем,
Ұнамайды ішіме кіріп алып,
Тұнығыма түкіріп кете берсең…
Ұнамайды алаңдар жанталасқан,
Бір теңгеге миллион теңге алмасқан,
Әлі талай өмірім өзгерсе де,
Ұнатпаспын бұларды мен ешқашан.
24.08.2013
ВЛАДИМИР ВЫСОЦКИЙ
Я не люблю...
Я не люблю фатального исхода
От жизни никогда не устаю
Я не люблю любое время года
Когда весёлых песен не пою
Я не люблю открытого цинизма
В восторженность не верю и ещё
Когда чужой мои читает письма
Заглядывая мне через плечо
Я не люблю когда наполовину
Или когда прервали разговор
Я не люблю, когда стреляют в спину
Я также против выстрелов в упор
Я ненавижу сплетни в виде версий
Червей сомненья, почестей иглу
Или когда всё время против шерсти
Или когда железом по стеклу
Я не люблю уверенности сытой
Уж лучше пусть откажут тормоза
Досадно мне, что слово «честь» забыто
И что в чести наветы за глаза
Когда я вижу сломанные крылья
Нет жалости во мне и неспроста
Я не люблю насилье и бессилье
Вот только жаль распятого Христа
Я не люблю себя когда я трушу
Обидно мне, когда невинных бьют
Я не люблю, когда мне лезут в душу
Тем более, когда в неё плюют
Я не люблю манежи и арены
На них мильон меняют по рублю
Пусть впереди большие перемены
Я это никогда не полюблю!
Мынауың тың теңеу екен.
Бір жерге жарияла, әдебиетші ретінде пікірім осы.
Бірнеше күн жаздым осыны. Жүз рет түзеп, жүз рет күзедім. Шынымды айтсам, қуаныштымын, ұнап жатқанына. Егер комплименттер шынайы, жай көңілжықпастық болмаса әрине.
Мен жалпы ақындық талантым ортадан сәл төмен адаммын ғо.
Дәл бүйтіп қиналған емеспін ешбір өлеңді аударғанда.
Өзімді Сатыбалды айтқандай, техникалық характеристикасын бүлдіріп алмай, жаңа концепция ұсынудан қиналған дизайнерлердей сезіндім.
Алдыңғы маған айтылған сындарды ескеріп, он бір буынға сыйдырту, икемін келтіре алмаған жерде қара өлеңнен егіз ұйқасқа кетіп қалып жатқан кездер, «бірлі жарым буын артықшылығы бір шумаққа ештеңе етпес», немесе «бір екі шумақта ұйқассыздық болса неғылад дейсің» деген сияқты осы да болады деп жеңіле салғым да келген, үш күн арпаласыпы әбден шаршаған кезімде.
Бірақ интернетте ондай шала аудармалар бар екен.
Сондай кезде Высоцкийдің қырылдаған ішіліп, шегіліп біткен харизмалы даусы төбемнен:
«Я не люблю когда на половину!»
деп зайыбымды алды.
Егер тағы бір мағыналық қателер, құлаққа түрпі тиген жерлер болса айтыңдар.